ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
31 октября 2019 | 14:56

Аты қандай, заты қандай: Баянауыл мен Алмасай атаулары қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© el.kz © el.kz

Шығыс Қазақстан облысындағы Алмасай ауылы мен Павлодар облысындағы Баянауыл атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы аудандардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысындағы Алмасай ауылы мен Павлодар облысындағы Баянауыл атаулары қайдан шыққанын білесіз бе? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында осы аудандардың атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

Баянауыл атауы қайдан шыққан?

Баянауыл - Павлодар облысы Баянауыл ауданының және Баянауыл ауылдық округі орталығы. Ауыл Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 210 шақырым жерде, Баянауыл тауының оңтүстік-шығыс бөктеріндегі Сабындыкөл жағасында орналасқан. Табиғаты аса сұлу жер, тауындағы қарағайлы орманында қайың, қандыағаш, мойыл, тағы басқа аралас келеді. Орман ішінде жидек, таңқурай, қарақат, саңырауқұлақ өседі.

Ауылда 6 мыңға жуық адам тұрады. Іргесі 1826 жылы қаланған, 1833-1868 жылы Баянауыл сыртқы округінің әкімшілік орталығы болды. Баянауылдың Қарқаралы мен Павлодар қалалары аралығында орналасуы оның экономикалық маңызын күшейтті. 

Тарихы 1826 жылы казак станицасының құрылысынан бастау алады, оның алғашқы атаманы болып болашақ этнограф, географ, саяхатшы Григорий Потаниннің әкесі Николай Потанин болған. Ол кезде халық саны 800 адам ғана болған екен. Ал 1833 жылы Баянауыл округ болып құрылды.

Асан Қайғы Баян тауын көргенде "Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады" деген екен.

Ауыл туралы аңыз

Баяғы заманда байлығына сан жетпейтін Қарабай деген бай болған екен. Ол - әлемдегі ең бай адам. Қарабайдың ай десе аузы, күн десе көзі бар, бүкіл дүниедегі ең сұлу Баян есімді қызы болған. Баянға құда түсу үшін-жақтан жігіттер ағылады. Алайда, Баян олардың ешқайсын да ұнатпайды. Әкесі Қарабай да анау-мынау адамдармен қол алысып амандаса бермейтін бай болады.

Арада бірнеше жыл өтеді. Қарабай қызының өзіне лайықты жігіт тауып тұрмысқа шықпай жүргеніне алаңдайды. Қарабайдың басына Баянды басқа жаққа көшіру туралы ой келеді. Соңынан, тек қана Баянды емес, оның ауылын да көшірмекке бел буады. Сөйтіп Аягөз бен Түменнің арасындағы аймаққа келіп қоныстанады.

Баянның сұлулығына тамсанып, құда түсуге келген жігіттердің саны өте көп болады. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен келеді. Баянның жаңа ауылын іздеп жүріп "Баянның ауылы қайда?" деген сұрақтар ел арасында тарап кетеді. Сол кезден бастап Баянның жаңа ауылы "Баянауыл" деп аталып кеткен. 

Сонымен қатар, бұл өлке елімізге танымал ең алғашқы академик Қаныш Сәтбаевтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Жүсіпбек Аймауытовтың және әйгілі кинорежиссер Шәкен Аймановтың туған жері.

Алмасай ауылының атауы қайдан шыққан?

Алмасай - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл. 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1026 адам болса, 2009 жылы 962 адам болған. 

Ертеде Өскеменге жақын, Қалба жоталарын шопандар мен малшылар мекендеген екен. Үйір-үйір жылқы мен отар-отар қойдың иесі Сарықұл деген бай екен.

Әр үйірдің өз айғыры үйірге иелік етеді. Сарықұлдың жылқыларына мықты айғыр - Сарыала айғыр ие болды. Айғыр табынды қасқырдан қорғап, биелердің басқа жаққа қаңғып кетуіне жол бермейді. Сол жылдары мал баққан қазақ үшін ең қауіпті қасқыр емес, ел басына туған жұт еді. Жұт жылдары мал қырылып, азықтың жоқтығынан шопандар ағаштардың қабығы мен бұта қарағанның бастарын көктемге дейін малға азық қып берулеріне тура келді. Жайылымдықты мұз құрсаулап, мал тебіндеп жайыла алмай көтеремге ұшырады. Осындай кезде тәжірибелі малшылар табын жетекшілерінің түйсігіне сенеді екен.

Үйір басқарып жүрген айғырлар қыстың қалай боларын алдын ала сезіп, үйірін қыстан жеңіл шығатын аймаққа жетелейді екен. Сол жылғы жұт та солай болған. Табын иесі Сарықұл өз үйірінің жетекшісі - Сарыала айғырға сенім артуды жөн көрді. Айғыр да келе жатқан жұтты сезгендей жайылымдық іздеп алқаптарды аралап кетті. Ол іздегенін тапқандай болып, үйірін ертіп кетті. Сарықұл да өз адамдарымен жылқылардың соңынан ерді. Сарыала айғыр таңдаған алқап - Өскеменнің іргесіндегі Ұлан ауданының жері еді. Сөйтіп ауыл Алмасай шатқалына қоныстанды. Сарыала айғырдың түйсігі алдамапты. Мал жұттан аман шығып, шағын Сарыөзек өзенінің бойындағы алқапта Алмасай ауылының іргесі қаланған екен.

Айта кетейік, бұған дейін атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық мақала Ақыртас пен Құлан атауларының қайдан шыққанына арналған еді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer