ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
27 января 2020 | 17:06

Австрияда мейрамхана кәсібін дөңгелетіп отырған қазақстандық келіншек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асем Сэрри © instagram.com/asemserri Асем Сэрри © instagram.com/asemserri

Асем Сэрри - Алматы қаласының тумасы. Ол Австрияға 2015 жылы күйеуімен және ұлымен көшіп кеткен. Бүгінде олар Австрияның Каринтия аймағында тұрады. Сол өңірде отбасымен мейрамхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған дейін Италияда тұрған Асем Tengrinews.kz тілшісіне шетелдегі отбасылық кәсібі жайлы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Асем Сэрри - Алматы қаласының тумасы. Ол Австрияға 2015 жылы күйеуімен және ұлымен көшіп кеткен. Бүгінде олар Австрияның Каринтия аймағында тұрады. Сол өңірде отбасымен мейрамхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған дейін Италияда тұрған Асем Tengrinews.kz тілшісіне шетелдегі отбасылық кәсібі жайлы айтып берді.

Шетелде мейрамхана ашу - жарының ойы болған

Бүгінде Австрияда отбасымен тұрып жатқан Асемнің айтуынша, шетелде мейрамхана ашу - оның күйеуінің ойы болған.

"Менің жарым - гастрономия саласындағы білікті маман. Бұған дейін атқарушылық және басшылық қызметті атқарған. Ол - аспаз және гурман: жалпы мейрамхана саласының ішкі құрылысын жақсы біледі", - дейді Асем.


© instagram.com/asemserri

Асемнің айтуынша, ол отбасымен шетелге жарының жұмысына байланысты көшкен. Оның жарын Каринтиядағы қонақүйлердің біріне бас аспаз ретінде жұмысқа істеуге келген.

"Алайда кейіннен жұмыс берушісінде қаржы жағынан мәселе туындап, бизнесін жабуға мәжбүр болды. Біз елге қайтып кетуге асыққан жоқпыз: жергілікті аймақты бақылап, оның табиғатын көріп, өмір сүру деңгейін зерттеп, Австрияда қалуға шешім қабылдадық. Өзіміз кәсіп ашып көреміз бе деген оймен тәуекел етіп қалдық. Сөйтіп 2016 жылы мейрамханамызды аштық. Әзірше бұл жалғыз кәсібіміз", - дейді ол.

Австрияда кәсіпкерлерге арнайы субсидия бар

Австрияда тұрып жатқан Асемнің айтуынша, ол жерде жергілікті кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалған. Арнайы субсидиялар да қарастырылған.

"Бұл жерде кәсіпкерлерге арнайы субсидия бар. Көлемі кәсіптің түріне, жұмыс орнының санына және төленетін салыққа байланысты. Алғашында мемлекеттен 3000 еуро (шамамен 1 253 250 теңге) алдық. Бірақ өзіміз кәсіпкерлерге берілетін субсидияға қызықпаппыз. Ол туралы бізге клиент болып келген коммуна губернаторы айтты", - дейді кейіпкеріміз. 


© instagram.com/asemserri

Асемнің сөзінше, ол өзі отбасылық мейрамханаларында жалпы бәрімен айналысады. Бүгінде үйде бала тәрбиесімен айналысып отырған Асем жарына арасында әкімші ретінде көмектеседі екен. 

"Мен тек арасында демалыста әкімші ретінде көмектесетінім болмаса еңбектің 80 пайызы жарымның мойнында. Себебі бүгінде мен декреттемін. 

Ал бұрын мен мейрамханада есепші, даяшы, бармен ретінде, тіпті логистика жағынан да көмектесетінмін. Арасында мейрамханаға қажет азық-түлік өнімдерін сатып алу үшін өзім Италияға барып келетінмін. Мейрамхананың әрлеушісі де өзім болдым: отырыс залдарында көбіне мен салған суреттер ілулі", - дейді Асем. 

Мейрамхана мәзірі туралы

Отандасымыз жарымен ашқан мейрамхана негізінен жерорта теңіздік тағамдарына баса назар аударады екен. 

"Біздің ас мәзіріміз Сардиния аралының асханасына бағытталған. Алайда бұл мейрамхана мәзірінде тек қарапайым спагетти мен пицца деген сөз емес. Басты акцент теңіз балықтарынан жасалатын тағамдар мен жақсы шарапқа жасалған.

Мейрамхана мәзірінен

Жергілікті тұрғындарға жалпы Италия асханасы ұнайды. Себебі, біріншіден, италиялық асхана австриялық ас мәзірге қарағанда ерекше. Екіншіден, Италия - көптеген жыл бойы консерватив австриялықтар мен немістер үшін ең сүйікті бағыттардың бірі болғандықтан біздің асхана жергілікті тұрғындарға демалыс кезеңін еске салады", - дейді Асем. 

Қызметкерлердің орташа жалақысы қандай?

Сонымен қатар, кейіпкеріміз мейрамханаларындағы қызметкерлер мен олардың орташа жалақыларын айтып берді. Айтуынша, штатта көп қызметкер емес. 

"Жалпы бес адам қызмет етеді - үшеуі асханада, екеуі қызмет көрсету, яғни, сервис жағында. Орташа жалақылары 1800-2000 еуро (751 950 - 835 500 теңге аралығы). Австрияда табыс салығы егер жалақы 1500 еуродан жоғары болса - 25 пайыз. Ал корпоратив салығы, яғни, пайда салығы да - 25 пайыз. Бұл негізінен біздің фирмаға қатысты. Яғни, табыс көбейген сайын пайда салығы да ұлғаяды. Кейде пайда салығы 50 пайызға дейін жетеді. Австрияда салық қатаң әрі анық бақыланады. 


© instagram.com/asemserri

Сонымен қатар, қызметкерлердің сақтандырылуы маңызды. Оған жазатайым оқиғалардан медициналық сақтандыру, зейнетақылық сақтандыру жатады. Шыны керек, ол үлкен қаражатты талап етеді және бұл кәсіпкерлер үшін қиын әрі ауыр мәселелердің бірі. Бірақ бізде бәрі заңды, қызметкерлер сақтандырылған", - дейді кәсіпкер. 

Кәсіп саласындағы кейбір қиындық туралы
 

Кейіпкеріміздің сөзінше, жалдау туралы келісімнің кейбір шарттарына қатысты болған шығын салдарынан мейрамханаларын басқа жерге көшіруге тура келген.  

"Былтыр мейрамхананы көшіруге тура келді. Неміс тілінде pauschal - "жалпы" деген мағынаны білдіретін сөз бар. Яғни, осыдан бес жыл бұрын келісім жасасқан кезде ол жерде арнайы паушаль баға белгіленген еді. Бұл дегеніміз жалдау құнына коммунал қызметтер мен басқа да шығындарды қосқанда арнайы баға белгіленеді. Жалпы бұл тек орынды жалға беретін адамға пайдалы. Себебі кез келген жыл мезгілінде бірдей баға төлейтінбіз, бірақ жаз мезгілінде жылу қолданылмайтындықтан арзандау болуы керек. 

Сол кезде біз орынды жалға беріп отырған адамға төлем шарттарын қайта қарастыруын, жалпы шын мәнінде электроэнергия мен суға қанша қаражат кететінін тексеруін сұраған кезімізде қарсы шықты. Жалпы австриялықтар "паушаль" деген сөзді жақсы көреді. Мұнда көшіп, өмір сүргісі келетін адамдарға да осы сөзге назар аударуға кеңес берер едім.

Меніңше, уақыт өте кәсібін жабу туралы ой кез келген кәсіпкерде болады. Әсіресе бастапқы кезеңде. Себебі кәсіпті дөңгелетуге біраз уақыт пен энергия, күш-жігер кетеді. Кәсібімді дамытамын деп жүріп отбасы шетте қалып қоюы мүмкін", - дейді кәсіпкер. 


© instagram.com/asemserri

Асем кенжесі әлі кішкентай болғандықтан көбіне бар уақытын бала тәрбиесіне арнайды. Ал жұмыс істеп жүрген кезінде арнайы қызметкердің көмегіне жүгінуге тура келген. Айтуынша, мұндағы бала күтушілерге сағатына 10 еуро (шамамен 4200 теңге) төленеді екен. Ал үй қызметшісі сәл қымбатырақ алады: сағатына 15 еуро (шамамен 6300 теңге). 

Асем шетелге көшкісі келіп жүрген, алайда іштей қорқынышы бар адамдарға кеңесін берді.

"Егер іштей қорқыныш болса, онда шетелге көшудің не қажеті бар? Ондай жағдайда тек демалып қайтыңыз. Ал жетістікке өз Отаныңда да жетуге болады. Алайда шетелге көшуге іштей дайын болып тұрсаңыз - қорықпаңыз. Әрине, оған алдын ала дайындалып, тіл меңгеріп, құжат апостилдерін (егер болашақта Еуропада білім алғыңыз келсе диплом, куәлік) дайындау керек", - дейді Асем. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети