ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
24 ноября 2023 | 11:37

"Ай сайын саяхаттаймын" - Дубайда жұмыс істейтін қазақ қызы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: жеке архив Фото: жеке архив

Әлеуметтік желіде Дубайда тырнақ жасайтын қазақ қызының видеосы тарады. Видеода ол Дубайдағы жұмысы, қала туралы айтады. Massaget.kz тілшісі шетелде жұмыс істеп жүрген қызбен сұхбаттасып, табысы, жұмыстың артықшылығы мен қиындығы туралы сұрады.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Дубайда тырнақ жасайтын қазақ қызының видеосы тарады. Видеода ол Дубайдағы жұмысы, қала туралы айтады. Massaget.kz тілшісі шетелде жұмыс істеп жүрген қызбен сұхбаттасып, табысы, жұмыстың артықшылығы мен қиындығы туралы сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Дипломымды ала сала Дубайға келдім"

Видеодағы қыздың есімі - Альбина Өмірсерікова. Альбина жоғары оқу орнын дизайнер мамандығы бойынша бітірген. Небәрі 22 жастағы қыз Дубайда жұмыс істеуді көптен мақсат тұтқан екен.

"Дубайға кетемін деп 1 жылдың көлемінде жүрдім. Ол кезде менің құрбым Дубайға кетіп қалған еді. Осы салонға келіп жұмысқа тұрды. Кейін мені шақырды. Бірақ ол кезде мен Астана оқуда жүрдім. Дипломды ала сала бірден келдім. Дубайда жұмыс істеу идеясы сол құрбым арқылы келді. Құрбым мұнда жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асты. Ал менің Дубайда тұрып жатқаныма бес айдай уақыт болды", - дейді ол.

Әлеуметтік желіден

"Бір ғимаратта жұмыс істеп, бір ғимаратта тұрамын"

Альбина Өмірсерікова Қазақстанда қандай жұмыс істегенін де айтты.

"Қазақстанда карантинге дейін тырнақ жасаумен айналыстым. Карантинде барлық жер жабылды. Кейін Астана қаласында мейрамхана кәсібіне көшіп кеттім. Бұл жақтан директорға дейін көтеріліп, әрі қарай Дубайға кеттім", - дейді ол.

Әлеуметтік желіден

Оның сөзінше, жұмысқа тұруына да құрбысы көмектескен.

"Құрбым арқылы жұмысқа тұрдым. Сондықтан дайын жерге келдім десем де болады. Жалпы бір ғимараттың төменгі қабатында жұмыс істеймін, жоғары қабатында тұрамын", - дейді қазақстандық.

"Ай сайын саяхаттаймын"

Қазақ қызы шетелде жұмыс істеудің артықшылықтары мен қиындықтары туралы әңгімеледі.

"Артықшылықтардың бірі ретінде жалақыны айтар едім. Ал мен үшін кемшілігі ай сайын басқа елге шығып тұру керек. Өйткені Қазақстанның ережесі бойынша басқа елде 40 күннен аса уақыт қалуға болмайды. Сондықтан ай сайын басқа жаққа шығып тұруым керек. Бірақ жұмыс визасы бар. Ол арқылы екі жылға келісімшартқа отырасың. Бірақ екі жылға келісімшартқа отырғым келмеді. Сондықтан ай сайын саяхаттаймын десем де болады", - дейді Альбина.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети