ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
05 октября 2020 | 18:08

"Әйелі куәлік беруі керек". Баласын сабаған ер адам қалай жазалануы мүмкін?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазір Желіде Түркістан облысында баласын аямай ұрып-соққан әкесінің видеосы тарап жатыр. Аймақтың полициясы күдіктіні ұстағанын хабарлады. Енді ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін бе? Ал балаға қалай көмектесу керек? Tengrinews.kz тілшісі мамандардың пікірін білді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір Желіде Түркістан облысында баласын аямай ұрып-соққан әкесінің видеосы тарап жатыр. Аймақтың полициясы күдіктіні ұстағанын хабарлады. Енді ер адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін бе? Ал балаға қалай көмектесу керек? Tengrinews.kz тілшісі мамандардың пікірін білді.

Баласын аяусыз сабаған

Журналист Жазира Бегалы Facebook желісіндегі парақшасында ер адамның үш баласы мен әйелін ұратынын айтып, видеосын жариялаған. Видео кадрларынан белгісіз ер адамның баланы ұрып-соғып, балағаттап жатқанын көруге болады. Видеоны мына сілтемеден көре аласыздар. 

Бүгін белгілі болғандай, видеодағы ер адам мен жары 2011 жылы үйленген. Ортақ балалары бар. Бұған дейін 2018 жылы әйел адам полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша өтініш жасаған, бірақ түсініктеме беруден бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде ол тағы да дене жарақаттарын алғанын айтып, полицияға жүгінген. Алайда, медиация тәртібімен әкімшілік іс жүргізу оның күйеуін кешіруіне байланысты тоқтатылыпты. Сондықтан ер адам жауапкершіліктен құтылып кеткен.

Түркістан облысы полициясының мәліметінше, желіде тарап жатқан видеоны тексеру барысында оқиғаның Қазығұрт ауданында болғаны анықталған. Осы іске байланысты күдікті ұсталған. Сондай-ақ, сол ауданның учаскелік полициясына қатысты да қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

"Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 110-бабы "Азаптау" бойынша Қазығұрт АПБ-нің СДТБТ-не тіркеді. Кінәлі азамат заңды түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар, аудандық учаскелік полиция инспекторына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Жеті жылға дейін сотталуы мүмкін

Заңгер Думан Көпбаевтың айтуынша, видеодағы ер адам бұл бап бойынша кінәлі деп танылса, ол жазадан құтыла алмайды.

"Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы, 2-тармағы бойынша айып тағылған. Бұл кәмелетке толмаған баланы яғни дәрменсiз күйдегі баланы азаптау ретінде саналады. Қылмыстық кодекс бойынша, ер адамның кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеледі не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады", - дейді заңгер.


Иллюстрациялық фото: lentaregion.ru

Оның сөзінше, бұл жағдайда балалардың анасы куәлік беруі қажет.

"Әйелінің бұған дейін бірнеше рет полицяға жүгінгені есепке алынады. Тергеу органдары әйелінен, көршілерінен куә ретінде жауап алады, бұл іс бойынша дәлелдеме саналады", - дейді ол.

Оның сөзінше, осы оқиғадан кейін әкесі ата-ана құқығынан айырылуы да мүмкін.

"Бұл қылмыс бойынша шартты түрде жазаланбайды. Ер адам бас бостандығынан және ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Бұл жерде балалардың анасына да қатысты тексеріс болады. Анасының баласын қорғауда қандай іс-әрекеттер жасағанын тергеу органдары дәлелдеуі керек, содан кейін шешім қабылданады. Сонымен қатар, мектепке де ескерту жасалады, яғни тергеу органдары балаларға қатысты қылмыстың алдын алу мақсатында мектеп директорына ескерту жібереді.

"Салмақ баланың психикасына түседі"

Ал психолог Маржан Еліқұлова ер адамның көп жағдайда отбасында неге осындай жанжалдар шығаратынын түсіндірді.

"Мұндай жағдайлар кейінгі кезде карантинге қатысты жиілеп кетті. Оның үстіне онлайн режимде оқып жатқан оқушылар мен ата-аналардың тарапынан да психологтарға деген сұраныстар көптеп түсіп жатыр. Күнделікті тұрмыстық жағдайдың нашарлығы, табыс көзінің тұрақты болмауы ер азаматтардың жігерін мұқалтады. Олар өзін отбасының алдында іштей кінәлі санап қана қоймай, ер азаматтық қабілетін жоғалтып, өзіне деген сенімінен айырылады. Жан-жағындағылар түсіністікпен қарағанын қалайды. Алайда, "қоғам да, отбасым да мені қолдамайды" деп ойлайды да, осындай дөрекі-дойыр мінезімен айналасын жоюға шығады", - дейді психолог.


Иллюстрациялық фото: zi.dn.ua

Еліқұлованың сөзінше, осындай жағдайлардан кейін баланы психологқа апарған жөн.

"Бұл жерде салмақ баланың психикасына түседі. Баланың қорқынышы неше түрлі неврологиялық диагноздарға, психологиялық жарақаттарға әкеп соқтырады. Бала жасып, жалтақ болып қана қоймай, қорқыныштан неше түрлі олқы қылықтарымен көзге түседі. Мысалы, үйден қашады, қаңғыбастыққа салынады немесе өтірік айтады. Оған тек психотерапиялық түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу қажет", - дейді ол.

Оның айтуынша, бұл оқиғадан кейін балаға психологтың ғана емес, айналасының да көмегі керек. Мұндай балалар көбіне мейірімге зар болып келетінін айтады.  

"Баланың мұндай жағдайдан кейін тез айығып кетуі өте қиынға соғады. Реабилитациядан кейін де үнемі бақылауды қажетсінеді. Егер дер кезінде дұрыс қолдау көрмесе, бала үнемі мейірімге зар болып тұрды. Ұстаздар болсын, анасы болсын, жалпы, қоғам осындай жағдайларды байқаған сәттен-ақ үнсіз қалмауы қажет. Құзырлы органдарға, тиесілі әлеуметтік көмек көрсету орталықтарына хабарласып, көмек сұрау қажет. Мұндай жағдайда баланы жалғыз қалдырмау керек", - деді маман.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer