ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
29 сентября 2023 | 06:30

"Айына миллион теңге табамын". Көлік жөндейтін азамат жұмысының қыр-сыры туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда "Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс" дегені бар. Мемлекетке өкпелеп, қымбатшылықтың қамытын киіп, жұрттан жылу жинап жүргендердің қасында еңбек адамы ең сыйлы. Өз шаруасын дөңгелеткен жандардың тірлігінен тұтас қоғам сабақ алуы тиіс. Біз барған кейіпкер таң атқаннан қас қарайғанға дейін қара темірдің басында жүрген азамат - Арсен Исмамбетов. Көлік жөндеуді кәсібіне айналдырған жігіт қарапайым көлік тұрағынан үлкен көлік жөндеу орталығына дейін көтерілді. Бизнесін дөңгелеткен жігітпен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрылтайда "Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс" дегені бар. Мемлекетке өкпелеп, қымбатшылықтың қамытын киіп, жұрттан жылу жинап жүргендердің қасында еңбек адамы ең сыйлы. Өз шаруасын дөңгелеткен жандардың тірлігінен тұтас қоғам сабақ алуы тиіс. Біз барған кейіпкер таң атқаннан қас қарайғанға дейін қара темірдің басында жүрген азамат - Арсен Исмамбетов. Көлік жөндеуді кәсібіне айналдырған жігіт қарапайым көлік тұрағынан үлкен көлік жөндеу орталығына дейін көтерілді. Бизнесін дөңгелеткен жігітпен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Тараздың тумасы 22 жасынан бастап көлік жөндеп үйреніп бастапты. Үйренуіне өзінің алғашқы алған көлігінің жиі істен шығуы себеп болған. Көлік жөндеу орталықтарынан көңілі қалған жігіт ақыры темір тұлпарының тұралаған тұсын жөндеуге кіріскен. 4 жылдан бері "Автоэлектрик" болып қызмет атқарған Арсен өзінің алғашқы мамандығы "аспаз" екенін де жасырмады.

"3,5 жыл аспаздықты оқығанмын. Өз мамандығым бойынша 4-5 жыл жұмыс істедім. Группаластарымның арасында аспаздықты жақсы көрген жалғыз адам болдым. Бірақ 5-6 жылдан кейін бұл менің жұмысым емес екенін түсіндім. Жұмысқа барсам қамалып қалғандай сезім болды", - дейді ол.

Фото: Massaget.kz / Болат Айтмолда

"Автоэлектрик - бұл үлкен жауапкершілік"

Мен - автоэлектрикпін. Бұл жұмысқа үлкен шыдамдылық, сабырлылық керек. 2-3 айда үйреніп алып, автоэлектрик болып кете алмайсың. Менің айтқым келетіні қорықпау керек. Өйткені адамның істегенін адам істейді. Көліктегі мәселені анықтау үшін мыңқырық токтың арасына кіруге тура келеді. Егер бір сымнан қателесіп кетсең біреудің көлігін өртеп жіберуің әбден мүмкін. Сондықтан бұл үлкен жауапкершілікті талап етеді.

"Көлік жөндеуді курс оқып үйрендім"

"Ең бірінші бір жігіттің курсын оқыдым. Автоэлектрик оңай жұмыс емес. Мен өзім күйдіріп, өртеп, жандырып шығынға батып жүріп үйренгенмін. Жарты жылда бір рет шәкірттер қабылдап тұрамын. Айына 150 мың теңге төлейді. Бір айдан кейін қасымда пайыздық мөлшерлемеге жұмыс істесе болады. 6 айға жуық үйретемін. Үйренгеннен кейін жеке көлік жөндеу орталығын ашатындар бар немесе басқа сфераға ауысып кетеді. Ол әр адамның ынтасына байланысты".

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course down  546.44  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer