ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
14 сентября 2021 | 11:44

Балабақшадағы "улау" оқиғасы түсірілген видео жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желіде балабақшадағы "улау" оқиғасы түсірілген видео жарияланды  Баласының затын алуға келген ана балабақшадағы дезинсекция жұмысының үстінен түскен. Бұл мәселеге байланысты жергілікті білім басқармасы өкілдері түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде балабақшадағы "улау" оқиғасы түсірілген видео жарияланды  Баласының затын алуға келген ана балабақшадағы дезинсекция жұмысының үстінен түскен. Бұл мәселеге байланысты жергілікті білім басқармасы өкілдері түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. Видеода балабақша қызметкері әйел адамға бұл жәндіктерден дезинсекциялау жұмыстары екенін түсіндіруге тырысқан. Алайда ата-ана ашуға булығып, "олар балаларды улап жатқанын" айтқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ҚАЗАҚТЫҢ ДӘУЛЕТІ?? (@dauletten)

Құлсары қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлжансара Қалиқызының сөзінше, бұл расында дезинсекциялау жұмысы болған. 

"Қазіргі ахуалға байланысты халық мұны теріс түсініп жатады. Білім беру ұйымдарын дезинсекциялау, залалсыздандыру бұрыннан келісімшартпен жүргізіледі. Ол жерде залалсыздандыру жұмыстары балалар кетіп қалғаннан кейін, бәрін үйіне жібергеннен кейін жүргізіледі. Ал видеода жүрген балалар затын ұмытып кеткен тәрбиешінің балалары. Олардың да балалары сол балабақшаға барады. Адам болғаннан кейін бір затын ұмытып кетеді ғой. Осылайша дау шығарған ата-ананың түсірген видеосына түсіп қалған. Бірақ негізі балабақшада ешқандай бала болмады", - деп түсіндірді Гүлжансара Қалиқызы. 

Желіде тараған видеода Гүлжансара Қалиқызы негізі дезинсекциялау жұмыстары кезінде ешкімнің кіруіне болмайтынын айтады.

"Кірген адамдарды шығарып жібердік. Кейіннен ол адамдардан да түсініктеме алдық. Видеодағы әйел баласының затын алуға келгенде залалсыздандыру жұмысының үстінен түскен. Тәрбиеші ғимараттан шығу керегін ескерткен. Жалпы меңгеруші залалсыздандыру жұмыстары бойынша келісімшарт жасаған, балалар толық сыртқа шығарылды, ата-аналарға да, әлеуметтік желіде де өз тарапымыздан түсінік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - дейді ол. 

Гүлжансара Қалиқызы "улап жатыр" деген сөздерді естігенде қынжылатынын айтады. 

"Кейінгі кезде вакцина, аурудың тарауына байланысты бір адамды кінәлай салады ғой. Оның ішінде, мемлекет, үкімет, меморгандарды кінәлап жатады. "Улап жатырсыздар" деген әңгімелер айтылады. Бірақ ол жерде біздің қызметкерлердің де балалары жүр ғой. Өзіңіз ойлап қараңызшы, олар баласын улатып қоя ма? Тәрбиешінің де, шаруашылық қызметкерінің де баласы сол балабақшаға барады.

Бірақ оны барлық адамға жеткізу қиын сияқты. Мейлі ол басшы болсын, қызметкер болсын, баласын улатып қоюға жол бермейді ғой. Өзім мемлекеттік қызметкер болсам да оған жол бермейміз. "Улап жатыр" дегенді естігенде қынжыласың. Сонда сол жердегі қызметкерлер өз баласына да қастандық жасап жатыр ма? Сондықтан түсіндіру жұмыстарын жасап жатырмыз", - деді Гүлжансара Қалиқызы. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer