ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
07 июня 2019 | 17:52

Балаға есімді бір жасқа толғанда қоятын қазақ дәстүрі қалай ұмытылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің архивінен Ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейінің архивінен

Қазақ халқында ертеде жаңа туған сәбиге бірден ат қоймайтын дәстүр болыпты. Алғашқы ерлігін жасағанша бала есімсіз жүрген екен. Филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық Тengrinews.kz тілшісіне осы дәстүрдің шығу тегі жайлы айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ халқында ертеде жаңа туған сәбиге бірден ат қоймайтын дәстүр болыпты. Алғашқы ерлігін жасағанша бала есімсіз жүрген екен. Филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадық Тengrinews.kz тілшісіне осы дәстүрдің шығу тегі жайлы айтып берді.

Қашан пайда болған дәстүр?

Маманның айтуынша,  бұл дәстүрдің пайда болуына ежелдегі адамдардың көне наным-сенімдері себеп болған.

"Ертедегі халықта дуализм деген түсінік болды. Балаға кеш ат қою дуализм ұғымынан туындаған. Бұл түсінік бойынша адам өмірден өтсе, қайта туады - солай айналып жүре береді. Қазақ бұрын баласына кемінде бір жасқа дейін ат қоймаған. Себебі бала бұрын дүниеден өткен адамның жалғасы деп сенген. Мысалы, қайтыс болған адамның қырық күндік садақасын береді, ал бала туған соң оны қырқынан шығарады. Сол секілді өлген адамның жылын берсе, бала жасқа толғанда тұсауын кесіп, бұл өмірге өтті деп, есім берген", - дейді Алмасбек Әбсадық.

Яғни, баланың бір жасқа дейінгі уақыты - заманауи тілмен айтқанда транзиттік кезең. Көне наным-сенім бойынша осындай дәстүр кеңінен тараған. Ал есім берілгенше баланы есте қалмайтын, елеусіз әр түрлі аттармен шақырған. Себебі, ат қойып меншіктеуге болмайды. Өйткені, тәңірдің қаһарына ұшыраймыз деп қорыққан.

Ислам діні келгенде жойыла бастаған

"Алғашқы қауымдық құрылған кезден-ақ осындай сенім болған. Қазақ халқы Ислам дінін қабылдаған соң, дуалистік түсініктер жойыла бастады. Сол кезде "Алла адамға өмірді береді, өзі өмірден алады" деп сенді. Нәтижесінде балаға кеш ат қою секілді ұғымдарға тосқауылдар қойылды, - дейді профессор.

Қазаққа Ислам діні ене бастағанда имамдар бұрынғы дәстүрден құтылу үшін балаға бірден ат қоюға тырысқан. Молдалар азан шақырғандай баланың құлағына есімін үш рет қайталайды екен. Сол сәттен бастап балаға азан шақырып ат қою деген ұғым пайда болған.

Баланың ерлігіне қарап ат беру тек ұлдарға ғана тән. Ал қыз балаларға ешқандай талап қойылмаған. Тарихта немесе эпостарда қыз балаға кеш есім беру туралы деректер мардымсыз. Қазақ қыз балаға есім қою үшін оның ерлігін күтпей, сұлулығына арнап ат қойған.

15 жасқа дейін атсыз жүрген

Балаға есімді кеш беру дәстүрін ежелгі эпостар мен ертегілерден анық байқауға болады. "Оғызнама", "Дадам Қорқыт" секілді  жырларда осы дәстүрдің үлгілері бар. Кей түрік жырларында "бала адам өлтіріп, қан төкпесе ат қойылмайды" деген жазбаларды кездестіруге болады. Сондай жырлардың бірінде жауды өлтіріп, ешқандай ерлік жасамаған Бәмсі Байрақ 15 жасқа дейін атсыз жүрген.

Тағы бір мысал "Бұқаш батыр" жырында бар. Мұнда бас кейіпкерге алты жасына дейін ат берілмеген. Бірде балалар ойнап жүргенде біреудің байлаудан босап кеткен жабайы бұқасы оларға шабуыл жасаған. Сол кезде бәрі қашып кетеді. Тек бір бала бұқаны тұмсығынан ұрып өлтіреді. Осы ерлігінен соң оны бәрі "Бұқаны жыққан батыр - Бұқаш" деп атаған. Содан кейін Бұқаш батыр атанып кетеді.  Бәріне таныс Алпамыс батыр да алып қарсыласын жеңіп, өз күшін көрсеткен соң осындай ат қалған.

Алмасбек Әбсадықтың айтуынша, қазақтың өз батырларына ерліктері үшін ат беруі осы дәстүрден қалған. Мысалы, Ерасыл деген жасөспірім жігіт жылқыға шапқан жабайы қабанды өлтіріп тастаған. Сол кезде халық оны Қабанбай батыр деп атап кеткен. Ал оның кейін қазақтың танымал батырына айналғанын бәрі біледі.

Жалаңтөс батыр да жауға қарсы сауыт кимей шапқаны үшін осындай ат алған. Осының бәрі - қазақ халқы баланың ерлігіне көп көңіл бөлгенінің белгісі.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer