ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
24 января 2020 | 17:57

"Балалар үшін барлық жағдай жасалған". Дубайда тұрып жатқан қазақ отбасы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Отбасы мұрағатынан алынған сурет Отбасы мұрағатынан алынған сурет

Ерлі-зайыпты Жандос пен Гүлнұр осыдан бес жыл бұрын жұмыс бабымен Дубайға көшіп кеткен. Жандос мұнай-газ саласында қызмет етсе, Гүлнұр магистр дәрежесін тәмамдап, қаржы және инвестиция саласында қызметін бастады. Олар Дубай өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндігі мол қала деп санап, осындай шешім қабылдаған екен. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Дубайдағы өмірі жайлы, ондағы бала тәрбиесі мен білім беру жүйесі, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар туралы қызық деректерді айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ерлі-зайыпты Жандос пен Гүлнұр осыдан бес жыл бұрын жұмыс бабымен Дубайға көшіп кеткен. Жандос мұнай-газ саласында қызмет етсе, Гүлнұр магистр дәрежесін тәмамдап, қаржы және инвестиция саласында қызметін бастады. Олар Дубай өмір сүруге және жұмыс істеуге мүмкіндігі мол қала деп санап, осындай шешім қабылдаған екен. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Дубайдағы өмірі жайлы, ондағы бала тәрбиесі мен білім беру жүйесі, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар туралы қызық деректерді айтып берді.

Жандос Тараз тумасы, ал Гүлнұр Шымкенттен екен. Ерлі-зайыптының екі қызы бар - Әмина мен Тәсним. Әмина 5 жастан асса, Тәсним 2,5 жаста.

Екеуі жергілікті білім беру мекемелеріне барады. Олардың айтуынша, мұнда балалар мектепке 3 жастан бастап баруға болады. 1-сынып 5 жастан басталады.

Сонымен қатар жұмыс күндері жексенбіден басталып, бейсенбімен аяқталады. Жұма және сенбі демалыс күндері болып саналады.

"Неге Дубайды таңдадық? Біз бірнеше елді қарастырдық. Бірақ Дубайды таңдауымыздың басты себебі - таяу шығыстың қаржы орталығы болып табылатын Дубайда мүмкіндіктер көп деп санадық. Бұл расында да өте қарқынды дамып келе жатқан қала. Сонымен қатар, Дубай бала тәрбиесі мен білім жағынан өте дамыған қала, мұндағы балаларға деген қамқорлық пен көмек өте жоғары деңгейде. Сол себепті, біз Дубайда қалуды ұйғардық", - дейді Гүлнұр.

Оның айтуынша, Дубайда балаға деген мейірім ерекше.

"Дубайда балаларға деген махаббат пен мейірім мол. Балаларды өте жақсы көреді. Сол себепті де балаларға көп нәрсе рұқсат етіледі. Мысалы, кафеде, қоғамдық жерлерде балалар шулап жатса да, ешкім ешқашан дауыс көтермейді, күліп қана қызмет көрсетіп, не бала -патша деп оны табиғи құбылыс ретінде қабылдайды. Ешқандай ашу шақырмайды, көбінесе позитивте жүрген адамдарды көресіз. Мұнда тіпті Бақыт Министрі бар. Ал өзім осыдан бұрын жергілікті компанияда "Бақыт департамертінде" де жұмыс жасағаным бар", - дейді Дубайдағы қазақ.

Сондай-ақ, Гүлнұр Дубайдың балалар үшін тағы бір артықшылығы - қаланың қауіпсіз екенін айтады.

"Балаларға өте қолайлы, барлық жағдай жасалған қала. Мысалы, мұнда жолда біреулердің ішімдік ішіп, бір-бірімен сөзге келіп, қолайсыз жағдай тудырып, ерсі қылық танытқандарын көрмейміз. Сонымен қатар, барынша киім әдебін ұстанады. Бұл бала тәрбиесі үшін өте маңызды деп ойлаймын. Тағы бір артықшылығы, мұнда қыс болмайды. Балалар күніне бірнеше сағат далада ойнап жүре береді, қыс болып, жаурап, киіндіріп әуре болмаймыз", - дейді ол.

Гүлнұр Дубайда барлығы ұйқыдан ерте тұратынын айтады. Олар да отбасымен таңғы 6-да тұруды әдетке айналдырған екен.

"Отбасымыз таңғы 6-да тұрып, 7-де үйден шығып кетеміз. Балалардың оқуы сағат 7.30-дан 15.30-ға дейін. Бірақ балаларды кешкі 18.00-де ұйқыға дайындаймыз: тіс жуу, кітап оқу, ертегі айту, құшақтасып, қыздарыммен аналық махаббатыммен бөлісіп, содан 19.00-20.00-де ұйықтайды. Сол ұйықтағаннан таңғы 6-да өздері ұйқыдан тұрады. Ол баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына және дұрыс дамуына септігін тигізеді деп түсінеміз. Біз ешқашан оларды өзіміз мектеп үшін ұйқыдан оятпаймыз, ешқашан қыздарымыз ұйқыларын аша алмай отырмайды не мектепке барғымыз келмейді деп жыламайды. Себебі, түнде 10-12 сағат ұйықтаған бала таңертең ұйқылары қанып тұрады. Тіпті кейде мектеп не балабақшаға жібермей қоямын деп қорқытатыным да бар", - дейді қыздардың анасы.

Қыздарымыз ағылшын мектептеріне барады. Мұнда оқу жылына орта есеппен 10 000 АҚШ доллардай. Одан да қымбаттары бар. Ал осы елдің азаматтарына араб мектептерінде оқу тегін.

Әмина 1-сыныпта оқиды, Тәсним, балабақшаға барады. Мұнда ағылшын жүйесі бойынша мектептер үш жастан басталады. Үш жастан төрт жастан мектепке дайындық жүреді де, бала 5 жасында мектепке барады. Мысалы, Әмина бізде 3 жастан бастап жазып, оқып үйренді. Қазір қазақша, ағылшынша еркін сөйлейді. Біз қазақ тілін бірінші орынға қоямыз. Енді араб және орыс тілін меңгеріп жатырмыз. Тәсним де қазақ және ағылшын тілдерін қатар алып келуде", - дейді қыздардың анасы.

Дубай қымбат қала болғанымен мұнда мүмкіндіктер көп дейтін Гүлнұр алдағы екі жылда Дубайдың одан да дамыған қала болатынын айтады.

"Қазір өзім инвестиция саласында жүргендіктен, ерекше жобаларды көріп жүрмін. Мысалы, екі жылда Дубайда тек жаз болғандықтан, қар жауып немесе жауын-шашын жауып тұратын демалыс орындары бар арал пайда болады. Суда тұрғызылған виллалар салынуда. Әлемнің ең биік ғимараты болып табылатын Бурж Халифадан да биік ғимарат салынып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, қолдан келмейді деген дүниелер жасалайын деп жатыр. Расында да Дубайдағылар ең биік, ең күшті, рекорд болатын ғимараттарды салып, халықты таңғалдыруға тырысады", - дейді шетелдегі қазақ.

"Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Біз елімізді сүйеміз және болашағымызды Қазақстанда көреміз. Әйтсе де, тағы да бірнеше жыл басқа елдерден де білім мен тәжірибе жинап, елге қайтсақ деген ниеттеміз", - дейді ол.

Гүлнұрдың айтуынша, олар Қазақстанда соңғы рет жазда болған. Балалардың ата-әжесінің қасында және өзіміздің туған-туыспен көбірек уақыт өткізу мақсатында отанымызға жиі барып тұруға тырысамыз дейді.

Әрбір жақтың артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Біз үшін Дубайдың үлкен кемшілігі туған-туыстан жырақта болуымыз, дегенмен олар да бізге қонаққа жиі келіп тұрады. Екінші үлкен кемшілігі- жаздың ыстығы. Бірақ одан да қорғаныш көп, ғимарат пен барлық жерлерде салқындатқыш болғаннан оны да қатты сезіне бермейміз және біз сол ыстық айларды Қазақстанда өткіземіз дейді отандасымыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer