Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 января 2019 20:52

"Баланы бауырына салу", "Майкөтен" ырымдары жайлы не білеміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

© asiamir.com © asiamir.com

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Туыстың баласы туғаныңдай бола ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Туыстың баласы туғаныңдай бола ма?" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарлама барысында қазақ халқының салт-дәстүрінің бірі "Баланы бауырына салу" жайлы талқыланды. Айгүл Ілиясова есімді кейіпкер тоғыз айынан нағашыларының қолында өскен. Оны асырап алған туысы, шындықты жасырып келген. 9-сыныпта оқып жүрген кезінде ол өз ата-анасы емес, нағашыларының оны бауырына басқанын білген. 

"Мені тоғыз айымда нағашыларым бауырына салды. Анам Күлән Жәкейқызы біреудің жалғыз қызы. Отбасындағы төртінші баламын. Мені бауырына салып алу себебі - анам ауруханаға түскен, сосын мені тоғыз айымда төркініне тастап кеткен. Нағашы атам Жәкей мен нағашы әжем Рахима әкемнен осы "Айгүлді бізге қисаң" деген. Әкем болса сіздің жалғыз қызыңызды алып отырмын, үлкен ұлым Талғатты әкеліп берем деген. Ал ата әжем "сен де бір үйдің жалғыз баласысың, ұлдарыңа таласым жоқ, біздің көзіміз Айгүлге түсіп тұр, берсең Айгүлді бер, бермесең еш ренжімеймін" деген. Сосын әкем Құдай алдында сұрауы жоқ деп берген", - дейді Айгүл Ілиясова. 

Айгүл Ілиясова өзін туған анасын өмірінде бір ретте "ана" деп атамағанына өкінеді.

"Мені асыраған ата-әжем қайтқанда туған шешем Күлән Жәкейқызы мені өз қызындай емес, төркініндей көрді. Мен осы жағдайға жауапты болғандай едім. Менің балалық шағымда психологиялық жарақат алғаныма ешкім де назар аудармады. Бір өкінерім, өмірде туған анамды "ана" деп атамаппын. Қайтқанда ғана "мама-мама" деп зарладым", - дейді Айгүл Ілиясова.

Актер Қажет Смағұл болса туыстың баласын бауырына басу өте дұрыс, алайда баладан бар шындықты жасырмау керек дейді. Аға буын баланы бауырына салу ағайын арасындағы байланысты нығайтатын мәнді ғұрып десе, жастар арасынан бұл пікірге қарсылық танытқандар да болды.

"Біреудің аузынан естісем бір сәрі еді, өзім көргенді айтайын. Отау құрғанына 15 жыл болса да бала сүю бақытына ие болмаған бір кісілер інісінің баласын алып, үш жылдан соң өзі жүкті болған. Бүгінде ол кісілердің бес баласы бар. Мұндай жағдайдың бірнешеуін білемін. Баланың психологиялық жағдайы дегеннің барлығы адамның өзі шығарып алған дүниесі. Ырымдардың бірі болатын, көтере алмай жүрген келіннің бауырына бала салып беретін. Бірақ тәрбиелеп отырған кісілер балаға туған ата-анасы жайлы айтып отырғаны дұрыс", - дейді Қажет Смағұл. 

Бағдарламаның арнайы қонағы психолог Айжан Қиқымбаев қазақтың "майкөтен" деген ырымы рас дүние екенін айтады. 

"Аналық сезімнің оянуы - эндорфиндердің көбеюі оны "бақыт гормондары" деп те атап жатады. Яғни әйел адам бала сүйгенде, аналық мейірімі оянады. Қазақтың "майкөтен" деген ырымы рас дүние. Психосемантикалық өзгеріс болады. Негізінен барлығы бір-бірімен байланысты. Бірақ бұл жерде баланы психологиялық тұрғыдан дайындау, оның білгені дұрыс. 25 жылдан соң сүт пайда болды дегеннің барлығы өтірік емес", - дейді психолог.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети