Батырдың есімі немесе жел атауы. Қордай атауы қайдан шыққан?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қордай ауданының атауына қатысты ел ішінде тарихшылар арасында дау бар. Бірі Қордайды қазақ батыры десе, басқа бірі жоңғар батыры деп айтады. Tengrinews.kz тілшісі есімі елді мекен атауына берілген батыр туралы мәліметтер жинады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қордай ауданының атауына қатысты ел ішінде тарихшылар арасында дау бар. Бірі Қордайды қазақ батыры десе, басқа бірі жоңғар батыры деп айтады. Tengrinews.kz тілшісі есімі елді мекен атауына берілген батыр туралы мәліметтер жинады.

Қазақ батыры ма?

2002 жылы жүйелі іздестіру нәтижесінде Қордай асуынан Қордай батырдың сүйегі жерленген жер анықталған. Бүгінде сол жерде Қордай батырдың ескерткіші бар. Ол қызыл гранит тастан жасап орнатылған. Ескерткіште "Қордай батыр, І-ІІ ғасыр" деп жазылған.

Ел аузында жүрген аңыз бойынша, Қордай батыр қазақ халқының қалыптасуынан бірнеше аса ғасыр уақыт бұрын өмір сүрген. Сол кезде Асиби деген билеушінің серігі болған деседі. Қордай сесті, көзі өткір, екі қолы тоқпақтай, зор денелі батыр болған екен.

Батырдың ірі екені соншалық, оған орнатылған ескерткіш маңында Қордайдың ізі қалған тас бар екен. Аңыз бойынша, тас үстіне шығып, жау келе жатқанын көргенде батыр ашудан жерді тепкілеп қалғанда ізі тас бетінде қалып қойыпты. Алып батыр ел арасында ерлігімен ғана емес, айлакерлігімен де есте қалыпты. Ол жауды жеңу үшін тек күшіне ғана емес, айласына да сенген екен.


Қордай батыр ескерткіші. Фото qasietti-taraz.kz сайтынан  

Қордай батыр туралы деректер ешқандай кітапта көрсетілмеген. Ол туралы алғаш болып жазғандардың бірі - "Қазақ батырлары" газетінің редакторы Әбіқұл Ибрагимов. Ол батырдың Жаныс руынан шыққанын айтады.

"Қордай Жаныс руынан шыққан батыр болуы керек. Ол І-ІІ ғасырда өмір сүрген деген мәлімет тарап жүр. Бұл үлкен тарих. Оны зерттеу керек", - деген екен Әбіқұл Ибрагимов 2007 жылы "31-арнаға" берген сұхбатында.

Тарих ғылымдарының кандидаты Әлімғазы Дәулетхан Abai.kz сайтына жарияланған еңбегінде Қордайдың қазақ батыры екенін жазған.

"Бүгінге дейінгі жазба және аңыз әңгімелерде қалмақтың "Қордай батыры" деген адам болған емес. "Қордай" батыр дегенді Қордай асуындағы тақтаға кейінгі жылдарда ғана жазып қойды. Онда "Қордай" қазақ батыры делініп тұр", - деп жазған ол.

Әлімғазы Дәулетхан ресми, бейресми тарих пен тарихи құжаттарда қалмақтың Қордай батыры туралы мәлімет байқамағынын айтқан. Бүгінде Қордай ауылында қазақ батырының құрметіне салынған мешіт тұр.

Қордай мен Масанчи деген кім?

Жоңғар батыры ма? 

Қордайды жоңғар батыры дейтіндер де бар. 2009 жылы жазушы Бақтыбай Айнабеков "Ана тілі" газетіне жазған мақаласында кей елді мекеннің атауы туралы мәселе көтерген. Сонда ол Қордайды жоңғар батыры деп жазған.

"Қордай кім? Қордай - кезінде жоңғар басқыншыларының 20 мың қолын басқарған бас қолбасшысы. Жаудың бұл батырын Әлмерек батыр Шынтақ асуында жекпе-жекте өлтірген. Асу содан "Қордай өлген" асуы атанған. Осы екі дерекке назар аударсақ, елді мекенге атау беруде "өлген" сөзі алып тасталған", - деп жазған ол.

Осыған ұқсас пікірді жамбылдық тілші Салтанат Қарасаева да жазған.

"Қордай - "Қордайды өлтірген жер" деп аталған екен. Қалмақтар қайта-қайта шабуыл жасай бергенде олар қорықсын деп өздерінің атақты батырларының өлген жері деп атаған ғой бұл мекендерді. Бірақ уақыт өте келе карта жасалған кезде атаулар қысқарып, жалғаулар түсіп, адамның аты ғана сақталып қалса керек", - дейді ол.

Қордай деген жел атауы ма? 

Қордай атауының шығу тегі жайлы мынадай тағы бір мәлімет бар. Жергілікті кей ақсақалдың айтуынша, Қордай - батырдың емес, желдің атауы. Бұрында сол аймақта қатты жел соғады екен. Боран жел көп нәрсені қиратып, бұзып кетеді деседі. Сондықтан бұл жел келгенде жергілікті  халық "құрыды", "құрыды-ай" деп айтады екен. Содан "құрыды-ай" деп аталған жел кейін қысқарып, ауызекі тілде "Қордай" болған екен.

Қордай желі туралы мәлімет бүгінге дейін бар. Жетіжол мен Кіндіктас жоталары аралығындағы Қордай асуынан соғады екен. Әр айда 2-4 күн, кей жылы 10-15 күнге созылады. Жазда 28, қыста секундына 40 метрге дейін соғады екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 11
Астана 10
Актау 12
Актобе 16
Атырау 13
Б
Балхаш 10
Ж
Жезказган 11
К
Караганда 12
Кокшетау 13
Костанай 17
Кызылорда 5
П
Павлодар 12
Петропавловск 5
С
Семей 12
Т
Талдыкорган 12
Тараз 19
Туркестан 14
У
Уральск 5
Усть-Каменогорск 15
Ш
Шымкент 12

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro