Блогер Әсел Асқарға қатысты болған жанжал туралы фитнес клуб өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер Әсел Асқарға қатысты болған жанжал туралы фитнес клуб өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.
Фитнес-клуб аумағында болған оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілді.
"Болған оқиға біздің ережелеріміз бен құндылықтарымызды бұзу болып табылады. Біздің Клуб әрқашан теңдік, өзара құрмет және теңдіктің негізгі принциптерін ұстанады. Қандай да бір жағдайларға қарамастан, кез келген адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін агрессияны, жеке, діни, жыныстық немесе ұлттық сипаттағы қорлауды көрсетуге жол берілмейді. Оқиға кезінде Клуб жағдайға дереу ден қойып, оның ушығуының алдын алып, қажетті көмек көрсетті. Құқық қорғау органдарына бұл мәселені шешуге көмектесіп жатыр - бейнебақылау камераларының жазбасы бірден берілді, клуб қызметкерлері айғақ берді", - делінген хабарламада.
Клуб өкілдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес бейнебақылау камераларының жазбалары құпия деректер ретінде саналатынын атап өтті.
"Камера жазбалары ешбір тарапқа жариялауға және беруге жатпайды, өйткені ол жазбаларда құқықтары бұзылуы мүмкін клубтың басқа мүшелері бейнеленген. Осыған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Біздің Клуб ешқашан біреудің сұрауы бойынша немесе қысыммен бейнематериалдарды ешқашан жасырмаған және жасырмайды. Клуб ережесін бұзу фактісі негізінде, атап айтқанда, қорлау, агрессия және зорлық-зомбылық көріністері, жанжалға қатысушы тараппен келісімшарт дереу бұзылды.
Біз зорлық-зомбылықты оның барлық көріністерінде қатаң айыптаймыз. Әрбір клуб мүшесінің қауіпсіздігі мен құрметі әрқашан біздің басты басымдылығымыз болды және болып қала береді", - делінген фитнес клубтың ресми жауабында.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз.
Еске салайық, блогер "Рояль" фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.