25 июня 2019 | 00:09

"Ботам-ау, ботам аман-есен екен". Баласымен қауышқан ата-аналардың видеосы тарады

Арыста болған жарылыстардан кейін балаларынан көз жазып қалған қала тұрғындарының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Арыста болған жарылыстардан кейін балаларынан көз жазып қалған қала тұрғындарының видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық продюсер Асхат Садырбай жариялаған видеоның Шымкенттегі ҚМДБ өкілдігінің алдында түсірілгені көрінеді. Кадр сыртындағы дауыс балаларымен қауышқандар жайлы айтып, өзі де көзіне жас алады. Тағы бір роликте полицейдің өз баласын тауып қуанғанын көруге болады. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Аллаға шүкір бірнеше ата-ана балаларымен қауышты, табысты. Көмектескен жандарға мың алғыс!

Публикация от Askhat SADYRBAY (@askhatsadyrbay) 24 Июн 2019 в 9:41 PDT

Желі қолданушылары жүрегі ауырып, бұл көріністен қатты әсер алғанын жазып жатыр:

"Оооой, жүрегім-ай, қарс айырылып жатырмыз, ботам-ау, ботам аман-есен екен. Биік Алла, Бір Алла... көмектесе гөр".

"Жүрегім тоқтап қалардай уайымдап отырмын. Казағым, елім, жұртым аман болайықшы. Бұл бізге сабақ, елдің тыныштығын ойлайық".

Ал әнші Ғаділбек Жанай шымкенттіктердің Арыстан келгендерді қалай күтіп алып жатқаны түсіріген бейнеролик жариялады. 

"Бірлігіңнен айналайын Қазағым. Қиыншылық артта қалып, Алда тек жақсылық күтсін ағайын, Әмин!
Арысым, атыңа лайықсың", - деп жазыпты әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бірлігіңнен айналайын Қазағым???????????????????? Қиыншылық артта қалып, Алда тееееек жақсылық күтсін ағайын,Әмин! Арысым,атыңа лайықсың????????????????????????

Публикация от Ғаділбек Жаңай (@gadilbek_zhanay) 24 Июн 2019 в 2:52 PDT

Еске салайық, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная