ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 ноября 2022 | 17:22

"Бұл елге деген өкпе-ренішім барған сайын арта берді". Қазақ қызының Кореядағы шытырман оқиғасы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Арайлым Меңдіуәлиева. Фото: Ернар Алмабек Арайлым Меңдіуәлиева. Фото: Ернар Алмабек

Қазір әлеуметтік желілерде, TikTok-та Оңтүстік Кореядағы азаматтарымыз жұмыс істеп, қомақты қаржы тауып жатқан видеолары көп таралып жүр. Олар корей еліндегі жұмыстың бел ауыртпайтынын, есесіне көп ақша табатынын айтып, мақтанып жатады. Оған қызыққан Қазақстан жастары шетелге қалай баруға болатынын сұрап, жиі пікір жазады. Өзге елде жеңіл жұмыспен миллиондап табуға бола ма? Барғандарды қандай жұмыс күтіп тұр?

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазір әлеуметтік желілерде, TikTok-та Оңтүстік Кореядағы азаматтарымыз жұмыс істеп, қомақты қаржы тауып жатқан видеолары көп таралып жүр. Олар корей еліндегі жұмыстың бел ауыртпайтынын, есесіне көп ақша табатынын айтып, мақтанып жатады. Оған қызыққан Қазақстан жастары шетелге қалай баруға болатынын сұрап, жиі пікір жазады. Өзге елде жеңіл жұмыспен миллиондап табуға бола ма? Барғандарды қандай жұмыс күтіп тұр?

Осының анық-қанығын білу мақсатында Massaget.kz порталының тілшісі Арайлым Меңдіуәлиевамен сөйлесті. Ол корей еліне барып, жұмыс істеп, түрлі шытырман оқиғаны бастан кешірген.

Арайлым Меңдіуәлиева Оңтүстік Корея елінде © жеке архив

Бәрі де Түркияда жүргенде басталды. Байермін. Саудамен айналысамын. Сол жақта таныс апайым болатын. Бірде көріп қалып, табыс туралы сөз болды. "Қанша тауып жатырсың, осы айдағы табысың қанша?" деп сұрады. Мен бір айда миллион теңгедей табатынымды айттым. Ол: "Бұл аз, бала-шағаң бар, жас кезде көбірек ақша табу керек" деді. Сонымен, сөз арасында "Кореяда жақсы, жалақысы көп жұмыс бар. Соған кетейік. Жұмыс оңай, тек бір батырма басып отырасың" деп мені үгіттей бастады. Сосын ойландым. Үйге келгесін, анама, күйеуіме "Кореяда жақсы жұмыс бар екенін, адамдар кетіп жатқанын" айттым. Ақылдаса келе баратын болып шештік. Барып-келу билетіне, апайымыз екеумізге деп миллион теңгедей несие алдым. Кореяға визасыз болғанымен КЕТА (Кореяның саяхатқа электронды рұқсаты) тапсырасың. Мен шетелге шығып жүргендіктен бірден берді. Бірақ жеме-жемге келгенде мені осы іске итермелеген апайым бармады. Несиесі де менің мойнымда қалды. "Шешінген судан тайынбас" дегендей жалғыз ұшып кеттім. Алғашында құжат тапсырып жүріп те, тіпті ұшаққа мініп жатып та "өзге елге бара жатырмын-ау, қалай болады екен" деген сияқты қорқыныш ой болмаған еді. Мүмкін шетелге жиі шығып жүргеннен шығар. Бірақ ұшақта көрейлердің ортасында отырып, өзің түсінбейтін, басқа тілде сөйлеп жатқан адамдарды көргенде қандай іске тәуекелге барғанымды сезе бастадым.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer