ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 апреля 2019 | 17:04

Бұл салада айына 10 мың доллар табуға болады - АҚШ-та кәсібін дөңгелетіп отырған қазақстандық

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Еркебұлан Кәкімбеков Еркебұлан Кәкімбеков

Қазіргі уақытта көптеген жас кәсіпкерлікке бет бұрып, өз кәсібін дөңгелетіп жүр. Қазақстандықтар тек ел ішінде ғана емес, жат жұртта да кәсіп ашып, одан жақсы пайдаға кенеліп жүр. Оған айғақ - Еркебұлан Кәкімбеков. Ол Қостанай облысы Торғай ауданында дүниеге келген. Алматыдағы университеттердің бірінде білім алған ол Америкаға аттанған. Қазақстандық 2008 жылдан бері сол жақта тұрып жатыр. Кейін 2014 жылы ол green card алған. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта көптеген жас кәсіпкерлікке бет бұрып, өз кәсібін дөңгелетіп жүр. Қазақстандықтар тек ел ішінде ғана емес, жат жұртта да кәсіп ашып, одан жақсы пайдаға кенеліп жүр. Оған айғақ - Еркебұлан Кәкімбеков. Ол Қостанай облысы Торғай ауданында дүниеге келген. Алматыдағы университеттердің бірінде білім алған ол Америкаға аттанған. Қазақстандық 2008 жылдан бері сол жақта тұрып жатыр. Кейін 2014 жылы ол green card алған. 

Кәсіпкер АҚШ-тағы өмірі, кәсібі туралы Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.   

Жас кәсіпкер шет елде жүріп бастапқыда білім алу үшін әртүрлі тіл үйрену курстарына қатысқан. Ол жақта  Еркебұлан жалғыз тіл үйрену емес, алдына кәсіби білім игеремін деген мақсат қойған екен. Сол кезде кәсіпкер бұл елдің ерекшеліктерін байқаған. Оның айтуынша, Америка демократиялық ел ретінде адамдарға құқық жағынан көп бостандық береді. Ол қазіргі уақытта тұрып жатқан қаласы жайлы сөз қозғады.  

"Мен Нью-Йорк қаласында тұрамын. Бұл - көп ұлтты қала. Нью-Йоркте адамдардың уақыты тапшы деп қаласың. Адамдар әрдайым асығыс жүреді. Қазақстандағыдай асықпай жүріп іс тындыра алмайсың. Бірақ, осыған қарамастан халқы еңбекқор. Күніне 20 сағаттай жұмыс істейтіндері де бар. Кейбіреуі екі жерде жұмыс істейді. Себебі Нью-Йорк қымбат қала болып саналады", - дейді ол. 

Қазақстандық осындай қарқынды жұмыс істеудің де кемшілік тұстары бар дейді. Яғни адамдар жеке өміріне уақытын жөнді бөле алмайды. Оның айтуынша, америкалықтардың бір-біріне хабарласып, үйлеріне қонақ шақыруы сирек кездесетін жағдай. Туыстардың бір-бірін той-думанға шақыруы деген жоқтың қасы дейді ол.

Еркебұлан Кәкімбеков осындай ортада өмір сүріп жүрсе де қазаққа тән қасиеттерді бойына сақтап қалғанын айтады. Ол америкалықтардың өмір сүру салтын емес, олардың кәсіпкерлік тәжірибесін бойына сіңіріп жатырмын дейді.

"Мен бастапқыда жақсы жұмыс табуға қиналдым. Себебі ағылшын тілі мен елдегі заңды жетік білмегенмін. Сондай-ақ бұл жақта таныс-тамыр арқылы жұмыс табу, олардың көмегіне жүгіну сияқты ұғым қалыптаспаған. Бәрін де басынан бастадым. Ағылшын тілін жақсы үйреніп алғаннан кейін, жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істедім. Үйді сату мен сатып алушыларға өз кеңесімді бердім. Ол уақытта мен жалақы алып жүрдім. Бұл салада жұмыс істейтіндерге 5 000-10 000 доллар аралығында табыс табуға мүмкіндік бар. Айта кетейін, Нью-Йоркте бір бөлмелі үйді жалға алу 1500 доллардан басталады", - дейді кәсіпкер. 


Суреттер Еркебұлан Кәкімбековтің жеке мұрағатынан

Қазіргі уақытта кейіпкеріміздің жеке кәсібі бар - ол үш дөңгелекті Pedicab велосипедтерін жалға беру. Сол арқылы елде келген туристер велосипедті жалға алып, қаланы аралайды екен. Қазіргі уақытта кәсіпкердің қол астында 15 адам жұмыс істейді. Осыған орай, кәсіпкер бұл елге келіп өз бағын сынап көремін деушілерге бірнеше кеңес берді. 

"Ең алдымен Америкада жұмыс істейтін адамдардың заңды рұқсаты бар куәлігі болуы керек. Ол куәліктерді жұмыс істеу мен саяхаттауға арналған арнайы бағдарламалар арқылы алуға болады. Негізі бұл жаққа келіп жұмыс істеймін деушілерге ағылшын тілін аз-кем болса да білуі тиіс. Себебі тілсіз жақсы жұмыс табу өте қиын. Бірақ тілге шорқақтау адамдарға Нью-Йорк қаласында Брайтон-Бич (Brighton Beach) сияқты ауданда жұмыс іздеуге кеңес беремін. Онда орыс тілділер тұрақтанған. Міне осындай аудандарға келіп, әртүрлі жұмыс табуға болады. Мысалы Русская реклама сайтында ағылшын тілін білмейтін адамға жұмыс табуға болады", - дейді ол. 

Сондай-ақ ол Instagram желісінде Америкадағы қазақтар сынды парақшаларға жазылып, ондағы адамдардан жұмыс туралы сұрастыруға болатынын айтты. Сондай-ақ кәсіпкер Америкада үй немесе шағын пәтер табу үшін мынадай кеңестер берді:

"Пәтерді немесе үйді түрлі сайттар арқылы табуға болады. Бірақ менің ескертетінім бұл сайттарда алаяқтар болуы мүмкін. Олар сізден алдын-ала ақшаны банк арқылы сұрап алып, кейін олармен хабарласу мүмкін болмай қалады. Сондай-ақ риэлтордың көмегіне жүгінсеңіз де, оның лицензиясын сұраңыз. Себебі олар да шеттен келген азаматтарды алдауы мүмкін", - дейді кәсіпкер.   

Еркебұлан Кәкімбековің айтуынша, осындай кеңестерді алдын ала біліп қана Америкаға аттанған дұрыс. Кезінде осындай шикіліктерді алдын ала білсе өзінің көп уақыты мен күшін бекерге жұмсамас едім дейді. Осыған орай қазақстандық кәсіпкер қазіргі уақытта YouTube желісінде арна ашып, АҚШ-қа келушілерге тәжірибесін бөлісіп жүр.

Кәсіпкердің айтуынша, осыдан он жыл бұрын Америкада қазақтар аз болған. Көшеде кетіп бара жатып олар бір-бірін көрсе амандасып, көмек керек болса қолдарын созатын. Ал қазіргі уақытта Нью-Йорк қаласында қазақстандықтардың саны 50 мыңға жуық екеніне Еркебұлан сенімді.

Сөзінің соңында кейіпкеріміз алдағы уақытта бизнесін одан әрі дамытып, Американы толықтай шарлап шығуды жоспарлап отыр. Оған қоса өз кәсібін екі ел арасында дамытсам деген арманы бар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.72  course down  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer