ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 мая 2019 | 20:14

"Бұзықтық қалып, дағдарыс басталатын сәт". Психолог тентек бала тәрбиесі жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық сурет. © pexels.com Иллюстрациялық сурет. © pexels.com

Таяуда ғана Алматы облысында 7-сыныпта оқитын қыз сыныптасының көзіне қалам лақтырып, бала соқыр болып қала жаздаған. Қалам тура көз қарашығын жыртып жіберген. Қыз мұндай әрекетке бала мазақтағандықтан барыпты. Әрине, балабақшада, мектеп қабырғасында оқушылардың бір-бірімен ерегесіп, төбелесіп қалуы немесе балалықпен бұзықтық жасауы болып тұратын жағдай. Десе де, психологтардың айтуынша, ызаланғанда қолына түскен нәрсені лақтыру, эмоциясын ұстай алмау, агрессия көрсету не болмаса шектен тыс еркінсу, түбінде нәресте құрсақта жатқанда ананың күтінуі мен кейінгі тәрбиеден болады екен. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда ғана Алматы облысында 7-сыныпта оқитын қыз сыныптасының көзіне қалам лақтырып, бала соқыр болып қала жаздаған. Қалам тура көз қарашығын жыртып жіберген. Қыз мұндай әрекетке бала мазақтағандықтан барыпты. Әрине, балабақшада, мектеп қабырғасында оқушылардың бір-бірімен ерегесіп, төбелесіп қалуы немесе балалықпен бұзықтық жасауы болып тұратын жағдай. Десе де, психологтардың айтуынша, ызаланғанда қолына түскен нәрсені лақтыру, эмоциясын ұстай алмау, агрессия көрсету не болмаса шектен тыс еркінсу, түбінде нәресте құрсақта жатқанда ананың күтінуі мен кейінгі тәрбиеден болады екен. 

Психолог Әсел Сырым Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында баланың өзін-өзі ұстай білуі ана құрсағына біткеннен басталады дейді.

"Балаңыз құрсағыңызға біткен сәттен өзіңізді нашар энергиядан, жаман көңіл-күйден оқшаулауға тырысыңыз. Себебі баланың бұзық болуы біріншіден, ана құрсағында болған кездегі жағдайларға, содан әрі нәресте өмірге келгеннен кейін басталатын дағдарысқа байланысты", - дейді ол. 

Бала ұшырайтын дағдарыстың үш түрі бар екен. Ол нәрестелік кезең дағдарысы, ерте балалық шақ және балалық шақ дағдарысы. 

"Нәрестелік кезең дағдарысы - он бір және он сегіз ай аралғында болады. Белгілі психолог Л.С. Выготский осы жастағы бала негативінің басты себебі деп ересек адамның баланы түсінбеуін атап, осындай болжам айтқан. Ерте балалық шақ дағдарысы - екі жарым және үш жарым жас арасында болады. Ол кезде бала дербестігін, тәуелсіздігін көрсеткісі келеді. Бұл өте маңызды кезең саналады. Себебі, дағдарыс қаншалықты қарапайым болағанымен бала тәрбиесіне ол нашар әсер етеді деп есептеледі. Балалық шақ дағдарысы - бес жарым, жеті жарым жас аралығында. Бұл уақытта бала бойынан ұшқалақтық, ерік жігерінің, көңіл-күйінің тұрақсыздығы байқалады. Осыдан жақсы өтсе, баланың бойында өзіндік ар-намыс сезімі қалыптасады", - дейді Әсел Сырым.

Психологтың айтуынша, бұзықтық әр баланың бойында болады. Бастысы ол тәрбиеге ұласып кетпеуі керек. 

"Психологияда жақсы-жаман деген жоқ. Баланың әрбір әрекеті ата-ананың дағдарыстар кезіндегі оған көрсеткен көмегінің, демеуінің көрінісі. Мысалы, нәрестені қолға алғанда ол сіздің бір саусағыңызды қатты қысып ұстайтынын байқаған шығарсыз. Бұл оның сізге деген сенімін көрсетеді. Осы тұста балаға жақсылап қамқорлық танытсаңыз, ол сізге қалай сенсе, өмірге де сенімі солай қалыптасады. Ата ана мен бала арасындағы қарым-қатынас әрқашан ашық болуы керек, себебі оны өмірге алып келген, тәрбиелеген сіз, бірақ оның жеке тұлға екенін ұмытпаңыз", - дейді ол. 


Суреттер pexels.com сайтынан

Психолог баланы меншігіңіз емес, досыңыз, жақыныңыз ретінде көрген абзал дейді.

"Ата-анамен еркін түрде әңгімеге түсе алатын бала болашақта әлеуметтік орындарда да өз ойын жеткізе алатын болады. Балаға тыйым салғыңыз немесе ескерту жасағыңыз келсе, ойыңызды жинақтап, баланың бойымен бірдей болатындай тізерлеп отырып, тіке қарап, бірқалыпты дауыспен айтқаныңыз жөн. Еркелетудің де жөні бар, әрине, махаббатқа бөленіп өскен бала өзін сенімді ұстайтыны сөзсіз, бірақ оны да бақылауда ұстау керек. Мұнда айтарым, балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла, он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай сыйла", - дейді психолог. 

Балаңызды жазалағыңыз келсе, оны міндетті түрде бұрышқа тұрғызып қойып, жоғары тонда сөйлеу, ұрысу деген жолдар ғана бар деп ойлау қате. Балаңызды жазалағыңыз келсе бірінші "мен саған ренжимін", "осылай жасасаң, сөйлеспей қоямын" деген өзіңізге еркелеген балаңызға еркелегеніңіз, балаңыздың жауапкершілік сезінуіне әкеледі. Ал бірақ, сіз балаңыздың жеңіл-желпі бұзықтықтарына жеңіл қарайтын болсаңыз, онда сіздің оған еркелегеніңіз көмектеспейді", - дейді психолог маман.

Оқи отырыңыз:

"Баланы бағамен ренжітуге болмайды". Алматылық әйел АҚШ-тағы бала тәрбиесі жайлы

Қандай баладан диванда жатып елді сынайтын ересектер шығады - Психолог тәрбие жайлы

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer