Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 ноября 2019 17:37

"Что? Где? Когда?" ойынында қазақстандықтар қойған 5 қызық сұрақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ойын барысы. © Бірінші арна Ойын барысы. © Бірінші арна

Өткен аптада ресейлік "Бірінші арна" эфирінен жарты ғасырға жуық уақыт көрсетіліп келе жатқан "Что? Где? Когда?" интеллектуал телевизиялық ойынында Қостанай тұрғыны білгірлерден айласын асырған болатын. Білгірлер жауап бере алмаған сұрақ Артем Москаленкоға 100 мың рубль пайда түсірген. Тengrinews.kz тілшісі биыл танымал телеойында қойылған қазақстандықтардың қызық сұрақтарын ұсынады. 


Өткен аптада ресейлік "Бірінші арна" эфирінен жарты ғасырға жуық уақыт көрсетіліп келе жатқан "Что? Где? Когда?" интеллектуал телевизиялық ойынында Қостанай тұрғыны білгірлерден айласын асырған болатын. Білгірлер жауап бере алмаған сұрақ Артем Москаленкоға 100 мың рубль пайда түсірген. Тengrinews.kz тілшісі биыл танымал телеойында қойылған қазақстандықтардың қызық сұрақтарын ұсынады. 

Ғалым нені дәлелдеген?

Артем Москаленконың сұрағы эфирде 2 қарашада көрсетілген күзгі серияның төртінші ойынында қойылды. Бұл шығарылымда телекөрермендерге қарсы Елена Потанинаның командасы ойнаған.

Физика пәнінің мұғалімі Артем білгірлерге картина арқылы сұрақ қойған. Қазақстандық көрермен 1773 жылы Жан Таленің картинасында бейнеленген ғалымның нені дәлелдей алғанын сұраған.

Елена Потанинаның командасы бір минут ақылдасқаннан кейін клубтан көмек сұрады. Кейін білгірлер ғалым солтүстік мұзды жолының бар екенін дәлелдеді деген шешімге тоқталды. Бірақ бұл қате болып шықты.

Жан Тале Солтүстік полюске экспедициясы кезінде Жердің жаншылғанын дәлелдей алған.

Осылайша, Артем Москаленко 100 мың рубль жеңіп алды.

(Видеоның 54:36 минутында)

Долмат догтары өрт сөндірушілерге неге қажет?

Өткен айда тағы бір қазақстандық көрермен танымал ойында жеңіске жеткен. 5 қазанда Байқоңыр қаласының тұрғыны, Өрт-құтқару колледжінің оқытушысы Андрей Ананин өз саласы бойынша сұрақ қойған.

"XX ғасырда өрт сөндірушілер жұмыс барысында долмат догтарын қолдануды доғарған. Бірақ бұл иттер көптеген өрт сөндіру бөлімінде бойтұмар ретінде қалды. Тіпті, автокөліктерде құрметті орындары да болған. Долмат догтары XX ғасырға дейін өрт кезінде немен айналысқан?", - деген сұрақ қойылды.

Білгірлер командасы бұл иттер өрт кезінде жоғары қабаттан адамдарды эвакуациялауға көмектесті деген жауапқа тоқталды. Бірақ бұл жауап дұрыс болмады.

Дұрыс жауап - долмат догтары өрт сөндіру бөлімінің аттарын күзеткен. ХХ ғасырға дейін өрт сөндірушілер көлік ретінде атты қолданған, ал олар өрттен қатты қорыққан екен. Сондықтан, догтар өрт сөндірушілердің атын күзеткен екен.

Осылайша, байқоңырлық Андрей Ананин 70 мың рубльді қанжығасына байлады.

(Видеоның 21:00 минутында)

Жанармай багын неге бояған?

Телевизиялық ойынның көктемгі финалында Қарағанды тұрғыны, металл құрастырылым зауытының жұмысшысы Ерлан Қойбағаров сұрақ қойды. Телеойынның 500-шығарылымы биыл 21 сәуірде көрсетілген.

Бұл кезде телекөрермендерге қарсы Балаш Касумовтың командасы ойнаған. Қойбағаровтың сұрағы алдында телекөрермендер 5:4 есебімен алда тұрған.

Ерланның сұрағы мынадай: Ұлыбританиялық жаяу әскердің Warrior ұрыс көлігіндегі жанармай багы әйнектен жасалған, оны неге бояп тастауды жөн көрді?

Қазақстандықтың сұрағына білгірлер дұрыс жауап берді. Бактағы жанармайдың теңселгені салдарынан десантшыларда теңіз ауруы пайда болған.

Осылайша, Касумовтың командасы есепті теңестіріп, кейін 6:5 есебімен жеңіске жетті.

(Видеоның 51:22 минутында)

Екі адам кінәлі - неге біреуі айыппұл төлейді?

Одан бірнеше күн бұрын қостанайлық тұрғынның сұрағына да білгірлер дұрыс жауап бере алған. Көктемгі сессияның үшінші ойынында Сергей Смоленюктің сұрағы "Суперблиц" кезінде қойылды. Бұл кезде үстелде бір ғана білгір қалады. Андрей Козловтың командасынан "Суперблицке" Михаил Мун қатысты. Бұл сұрақтың алдында білгірлер 5:3 есебімен жеңіліп жатқан болатын.

Смоленюк финн жазушысы Мартти Ларни көрсеткен, екі адам кінәлі болып, біреуі ғана төлейтін айыппұлдың не екенін сұрады.

20 секундтан кейін Мун жауабы босану деп айтты. Бірақ жүргізушінің көмегінен кейін білгір дұрыс жауапты айтты - алимент. Осылайша, Қостанай тұрғыны 25 мың рубльден қағылды.

Бірақ келесі ойында телекөрермендердің құқығын қорғаушы Дмитрий Брейтенбихер Смоленюктің өз сыйақысын алатынын айтты. Себебі білгір сұраққа тек жүргізушінің көмегі арқылы ғана жауап берген.

Түйеқұстың аудармасы қандай?

Биыл наурызда алматылық тұрғын Нұрлан Асылбеков "Что? Где? Когда?" білгірлерінен айласын асыра алған. Бұл ойынға Иван Жаркевичтің жас командасы қатысқан.

Алматылық тұрғын білгірлерге қазақша сөздер арқылы сұрақ қойды: "Верблюд" қазақша "түйе", "птица" - "құс". Ал "түйеқұс" қазақ тілінен қалай аударылады?

Алайда білгірлер бұл сұраққа жауап бере алмады. Денис Галиакберов түйеқұстың аудармасы "пеликан" деп болжаған. Бірақ дұрыс жауап - "страус".

Осылайша, Нұрлан Асылбеков телеойыннан 60 мың рубль жеңіп алды.

(Видеоның 11:40 минутында)

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети