ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 июля 2019 | 15:38

Дизайнер құрттың жаңа үлгісін жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрттың жаңа дизайны © facebook.com/berik.yergaliyev Құрттың жаңа дизайны © facebook.com/berik.yergaliyev

Қазақстандық дизайнер Берік Ерғалиев ұлттық өнімдерді жаңа дизайнмен заманауи түрде дамыту керек деп санайды. Сондықтан дизайнер құртты жаңа үлгіде жасап, өз нұсқасын Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Тengrinews.kz тілшісі Берік Ерғалиевпен құрттың жаңа дизайны туралы әңгімелесті.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық дизайнер Берік Ерғалиев ұлттық өнімдерді жаңа дизайнмен заманауи түрде дамыту керек деп санайды. Сондықтан дизайнер құртты жаңа үлгіде жасап, өз нұсқасын Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Тengrinews.kz тілшісі Берік Ерғалиевпен құрттың жаңа дизайны туралы әңгімелесті.

Дизайнер өз нұсқасында құртты түрлі жануарлардың басы секілді бейнелеп, қолға ұстауға ыңғайлы болуы үшін оған таяқша жабыстырған. Маман бұл идеяның қалай туындағанын айтып берді.

"Расын айтқанда, мұндай идеялар аяқ астынан келеді. Бәрі біз бала кезімізден білетін, соған үйренген ұлттық "снектерді" зерттеу мен түсінуден басталды. Бұл ерекше дизайн - ұлттық өнімге қайта дем беру, жаңашаландыру, қызығырақ қыла түсуге деген ұмтылыс", - дейді ол.



Сондай-ақ, дизайнер құртты неге жануарлардың басы секілді бейнелегенін түсіндірді.

"Құрт сүттен жасалады, ал сол сүтті бейнелеyген жануарлардан аламыз. Бұл табиғилық мәселесін ашу мақсатында жасалды. Мұндай өнімдерде форманы жаңашаландыру үрдісі бүгін шыққан дүние емес, бірақ құртқа бұрын ешкім олай жасап көрмеген", - дейді Берік Ерғалиев.

Айтуынша, құрттың жасалу жолына қарап-ақ оған кез келген форма беруге болады.

"Ең алғашқы ойым жануарларды бейнелеу болды. Бірақ бұл тауарды жасау тәсілі мен консистенциясын ескерсек, оған кез келген форманы беруге болады. Негізі, ұлттық өнімдердің жаңа кейіпке енгенін қолдаймын. Қазақстанға туризм тұрғысында қызығушылық артып жатқанын ескере отырып, ұлттық өнімдерді қызық әрі қолайлы етіп жасауға болады деп ойлаймын", - дейді дизайнер.


Дизайнер Берік Ерғалиев

Берік Ерғалиевтің сөзінше, оның жаңа дизайнына кәсіпкерлер қызығушылық танытып жатса, ол кез келген бастамаға дайын. Тек ол кәсіпкер ұялатындай емес, сапалы өнім жасауға тырысуы керек дейді.

"Әрине, менің дизайнымнан кейін құрт балмұздақ немесе Chupa Chups өнімі секілді брендке айналып кетеді деп айта алмаймын. Әзірше, мен оны басында шектеулі мөлшерде шығатын тауар ретінде көремін. Бұл жерде оның дүкендерде қаншаға сатылатыны да қаралуы керек. Бағаның қойылуына көп фактор бар. Оның өндірісі, логистикасы, маркетингі есептеледі", - дейді ол.


Құрттың дизайнер ұсынған жаңа үлгісі

Берік Ерғалиевтің айтуынша, құртты ғана емес, басқа да ұлттық өнімдерді жаңа дизайнмен шығару керек.

"Жаңа дизайнмен шығып жатқан ұлттық тағамдарымыз бар. Мысалы, Ақтөбеде шоколадтан жасалған керемет жент бар, бұл өнім де, оны ұсыну жолы да жетілдірілген. Осындай заттарды Түркиядағы пахлава секілді неге жан-жаққа танытпайтыны мен үшін жұмбақ. Иә, оның толық потенциалын көп адам түсіне бермейді, бірақ ұлттық өнімдер дегеніміз басқа заттар секілді елдің бренді, образы және имиджі", - дейді Берік Ерғалиев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети