"Екі қызға қатар үйленген" жігіт Желіде қызу талқыға түсті

09 Қазан, 14:47
7
"Екі қызға қатар үйленген" жігіт Желіде қызу талқыға түсті - Видео скриншоты
Видео скриншоты

Желіде бір уақытта "екі қызға үйленген" жігіт қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода ер адамның екі қызға үйленіп жатқандай сәті бейнеленген. "Күйеужігіттің" есімі - Сұлтан Толомурзаев. Бұл оқиға Қырғызстанда болған. Роликте ер адам жанында тұрған екі қызға қатар сақина кигізеді. Видео сыртында көптеген адам оны құттықтап жатады. Алайда бұл қойылым ролигі болып шықты.

Ол видео шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

"Видео осыдан бір апта бұрын әзіл-сықақ бағдарламасына арнап түсірілген", - деді Сұлтан Толомурзаев. 

Сұлтанның сөзінше, ол мейрамхана бизнесінде қызмет етеді. Ол - мейрамханалар желісінің менеджері.


Видеодағы "күйеужігіт" Сұлтан Толомурзаев © instagram.com/sultan_baike

"Мен ешқандай да актер емеспін. Бірақ түсірілімге сай болған шығармын. Оның үстіне бұл видеоны достарымыз түсірген. Мен тек күйеужігіттің рөлінде ойнадым", - дейді ол. 

Сұлтанның айтуынша, видео Бішкектегі мейрамханалардың бірінде түсірілген. 

Видео Instagram желісінде көптеген әзіл-топтарда тарап кеткен. Видеоны көрген Желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмады. 

"Елдің баласы деген осы", "Мәссаған, мұндай да болады екен. Ол емес менің өзімде әлі қызым жоқ", "Бұл қалай болар екен?" дейді желі қолданушылары.

Айта кетейік, Қырғызстанда бірнеше әйел алу заң бойынша шектелген. Қырғызстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 153-бабы бойынша көп әйел алған адам 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда қырғыз елінде соңғы 20 жылда әлі ешбір азамат көп әйел алғаны үшін жазаланбаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц