ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
20 сентября 2019 | 12:39

Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді - Уәлибек Әбдірайымов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Уәлихан Әбдірайымов Уәлихан Әбдірайымов

"Шаншар" әзіл-оспақ театрының негізін қалаған белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов денсаулығы сыр беріп, Германияға барғанда неміс дәрігерінің айтқан кеңестерін әңгімеледі. Бұл туралы ол  "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Шаншар" әзіл-оспақ театрының негізін қалаған белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов денсаулығы сыр беріп, Германияға барғанда неміс дәрігерінің айтқан кеңестерін әңгімеледі. Бұл туралы ол  "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат басында жүргізушінің "Мал-жан аман ба?" деген сұрағына қатысты сөз айтқан актер денсаулығының сыр бергенін, кейін Германияға барып емделгенін баяндайды.

"Кезінде оқып жүргенімізде мұғалімдеріміз "мал-жан аман ба?" дегенде жанын сұрамай, бірінші малын сұрағаны несі деуші еді. Бірақ мен сол сұрақтың орынды екеніне көз жеткізген бір жағдайды баяндайын. Денсаулықтың шамалы сыр бергенін жасырмаймын. Жұмыс көбейгендіктен бе, қатты шаршау болды. Иммунитетім түсіп кетті. Берлинге барып, көрінген кезімде сол жақта кезінде Қарағандыдан кеткен дәрігер жұмыс істейді екен, өзі орысша таза сөйлейді, дәрумендерін беріп тұрып маған "мынаны ішесіз, үш айдан кейін тағы ішесіз. Ал енді сіздерде қымыз тұрған жоқ па, неге саумал ішпейсіз, біз жете алмай жатырмыз" деді. Ол жылына бір рет демалысқа шыққанда Қарағандыға барып, арқаның ауасын жұтып, қымызын ішіп қайтады екен", - деп әңгімеледі актер.

Сосын келіп, саумал ішкеннен кейін Әбдірайымов оның қуатын сезінгенін айтады. 

"Көзім жетті. Шын мәнінде адамға күш, энергия береді. Жұмысты шаршамай істей бересіз. Лұқпан хәкім өмірден өтетінін сезіп, елімен қоштасарда халқы "бізді енді кім емдейді?" деп жылапты. Сонда "мал бар ғой" деген екен сол кісі. Мал дегенің ағарған, түйенің сүті, шұбаты, қымыз, саумал... Ешкінің сүтіне дейін адамға қандай күш-қуат береді. Содан қазақ "мал-жан аман ба?" деп бекерден сұрамайды екен", - дейді Уәлибек Әбдірайымов.

58 жастағы актер сұхбатында денсаулық жағдайын да айтып берді.

"Менде қант ауруы бар, сусамыр дейді қазақта. Осыдан 15 жыл бұрын байқалған. Оған тыңғылықты күтім керек екенін диабет болғанның бәрі біледі. Ал біз гастрольде жүреміз. Киноға түсіп жатамыз. Сол кезде қонақта "мен мынаны жемейтін едім" деп қалай айтамыз қазақи пейілге? Денсаулығыңды айта бергенге де ұяласың, оның үстіне ет жеп қалған қазақпыз. Содан күтімім азайып кетті. Кейін буындарым ауырып, түнде ұйқы қаша бастады", - дейді ол.

Сондықтан ол биылдан бастап денсаулығына көп көңіл бөлгенін айтады. 

"Жұмыс жалғасып жатыр. Бірақ оның арасында 10 күн тауып, дәрігерлерге қараламын. Көп дәрігерге көрініп, кейін сол саумалға, сүтке тоқтадым. 10 келі салмақ тастадым", - деп өз денсаулығын айтты Уәлибек Әбдірайымов.

Айта кетейік, Уәлибек Әбдірайымов - 1961 жылдың 12 сәуірінде Қоғам ауылында дүниеге келген. 1985 жылы актер ҚазҰУ-ды бітірген. 1985-1987 жылы Шымкент қаласындағы орта мектепте, 1987-88 жылы "Қоғам" мектебінде мұғалім, 1988-93 жылы ауданы мәдениет сарайының директоры, 1993-94 жылы "Тамаша" театрында актер болған. Ал 1994 жылдан Жүсіп Ақшораевпен бірге ашқан "Шаншар" әзіл-оспақ театрында актер.

"Бізге тойды тоқтату керек". Белгілі актер сүндет той мен бесік тойды алып тастауды ұсынды

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer