Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Еркекшоралық ерсілік пе?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаның қонағы болған 24 жастағы Гүлдана есімді ару өзінің еркекшора болғанына еш өкінбейтінін айтты. Көшеде мені көргенде барлығы ұл екен деп қалады дейді.
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Еркекшоралық ерсілік пе?" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаның қонағы болған 24 жастағы Гүлдана есімді ару өзінің еркекшора болғанына еш өкінбейтінін айтты. Көшеде мені көргенде барлығы ұл екен деп қалады дейді.
Кішкентай кезінен спортқа жақын болып өскен Гүлдана қазіргі уақытта дзюдодан 4 рет қалааралық турнирдің чемпионы болып үлгерген.
"Отбасымда төрт қыздың ортаншысы болып өстім, сыртым еркек сияқты болғанымен ішкі жан дүнием қыз. Жігіттермен де, қыздармен де дос болып араласа беремін. Бағдарламаның тұрақты сарапшысы нумеролог Гүлдана 10 баланың анасы атанады деп болжам айтты.
Бағдарлама келген тағы бір қонақ - Астана әйелдер футбол клубы бас бапкерінің көмекшісі Орынбасар Дәуренбекова. Ол Астананың да арулары футбол ойнай алатынын дәлелдегіміз келеді дейді. Орынбасар xаным өзінің өмірлік тәжірибиесін бөлісті. Ұзын етекті көйлек киген, қазір әйелдер арасынан футболдан бапкер болып жүрген Орынбасар қалай еркекшора болғанын және еркекшора қыздарды қыз етіп қайта тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін айтты.
Орынбасар xанымның айтуынша, командасына қабылдайтын қыздарға қоятын талаптары: ата-анасының айтқанын екі етпеу, сабағын жақсы оқу, қалған уақытында спортпен ұтымды айналысу.
Ал 21 жастағы боксшы қыз Жұмагүл Құсайынның айтуынша, ол өмірінде жігітпен жүрмеген. Болашақта ол даңқты боксшы қыздардың жолын қуып, ел байрағын желбіретуді армандайтынын айтты.
"Бокспен айналысып жүргеніме жарты жыл болды. Бұрын денсаулығыма байланысты айналыса алмадым. Боксшы қыздардың ішінде Назым Қызайбайдың өнеріне тәнтімін. Мұндай спортпен айналысқаныма анам да, әпкем де қарсы емес", - дейді ол.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.