ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 октября 2018 | 20:34

Этнограф ежелде қазақ халқының баланы қалай асырап алғаны туралы айтып берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Этнограф Жамбыл Омарұлы. Видеодан үзінді Этнограф Жамбыл Омарұлы. Видеодан үзінді

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ырым мен наным, салт-дәстүрге сенесіз бе?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ырым мен наным, салт-дәстүрге сенесіз бе?" тақырыбы талқыланды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бағдарламаның қонағы этнограф Жамбыл Омарұлы бала асырап алу салтының шарттарын түсіндіріп берді.

"Қазақта "бала асырап алу" салты бар. Біріншіден: ортаңшылықпен үйдің сыртынан керегемен көтеріп кіргізеді. Екіншіден: бала үйдегі үлкен әженің киімінің мойнынан кіріп, етегінен шығады. Ағайын-туысқа дастарқан жайылып, ас беріледі. Үшінші жағдайда, бала асырап алушы адам ағайын-туыстың барлығы баланың менікі екенін мойындасын деп, яғни заңдылығын бекіту үшін қырық әжені бір қатарға тұрғызып, балаға ортан жілігін беріп солардың астынан өткізетін болған. Осылайша, қырық кемпірден тараған ұрпақ мойындайды. Осыдан кейін, ол баланы ешкім де "сен бөтенсің" деп көзін шұқымайды. 

Бағдарлама барысында қазақтың түрлі наным-сенімдері мен көне және қазіргі заманға сай дәстүрлер жайлы сөз болды. Бағдарлама барысында 22 жасында танымайтын жігіт алып қашқан Кәмила Қасымбекқызы келді. Оның айтуынша, оның құрбысы оны алдап тойға шақырған. Сол кезде оны алып қалған. Барынша өзге отбасында қалып, сол отбасын бақытты қылуға тырысқанымен бәрі ойдағыдай болмағанын айтады. Отбасында жиі жанжал, ұрыс-керіс болған көрінеді. Нәтижесінде 1 жылдан кейін сол отбасынан жасырын түрде қашып кетуге мәжбүр болады.

Кәмила ханым қазақтың "алып қашу" дәстүріне қарсы екенін айтады. 

"Бірінші мақсатым - анасын бақытты ету деп санадым. Енемнің қолынан бар жұмысты алуға тырысып, "не істейін?" - деп сұрай бердім. Мені ешқайда жібермейтін, бір жерге баратын болсам, адам ертіп жіберетін. Күйеуім ішетін боды, жиі жанжал шыға бастады. Бір күні ол қызғаныштан ұрып-соқты, енем араша түсуге асығар емесін байқадым", - дейді Кәмила Қасымбекқызы.

Дәл осы сұрақ бойынша бағдарлама ұжымы әлеуметтік желіде сауалнама жүргізді. Дауыс бергендер арасында 75 пайызы - қыз алып қашуға түбегейлі қарсымын десе, қалған 25 пайызы - қыздың келісімімен алып қашуға болатынын айтады. 

Сондай-ақ, бағдарлама ұжымы арнайы тойға барып "Кемпір өлу" салтынын қалай өтетіндігін көрсетті. Этнограф Жамбыл Омарұлы қазақтың көптеген салт-дәстүрлерін баяндап, олардың мағынасын түсіндірді. 

  

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. Ертең сағат 15:00-де "Қазақстан қарулы күштері күшті ме?" тақырыбын Жетінші арнадан көре аласыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course down  543.16  course down  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer