Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 сентября 2020 17:42

Этнограф ойдан шығарылған және ұмытылған дәстүрлер туралы айтып берді

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: mezon.io Фото: mezon.io

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, этнограф, ғалым Тәттігүл Қартаева қазақтың қандай салт-дәстүрі сақталмай қалғанын, қандай дәстүр ойдан шығарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, этнограф, ғалым Тәттігүл Қартаева қазақтың қандай салт-дәстүрі сақталмай қалғанын, қандай дәстүр ойдан шығарылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, этнограф ғалымдар дәстүрді 3 топқа бөледі екен: белгілі бір аймақта сақталған және сақталмаған, әрі тарихи дәуірлердің ауысуына байланысты мән-мағынасы өзгеріп жеткен салт-дәстүрлер.

Қымызмұрындық

"Тарихи дәуірдің ауысуына байланысты дәстүрлер жойылып кетіп отырады. Қазақтың жойылып кеткен көптеген салт-дәстүрі байырғы маусымдық көші-қонмен байланысты болған. Осындай дәстүрдің бірі - қымызмұрындық. Қазақ дәстүрлі түрде екі тойды кеңінен атап өткен: наурызнама және қымызмұрындық. Алайда жайлауға көшу тоқтағаннан кейін қымызмұрындық тойы жойылып кетті. Ол жайлауға аман-есен жету кезінде тойланатын. Бүгінде біз оны қалпына келтіргеніміз жоқ", - дейді ғалым "Жұлдыз FM"-дегі "Таңғы шоу" бағдарламасында.

Баланы қырқынан шығару дәстрүрі

Тәттігүл Қартаева жаһандануға байланысты баланы қырқынан шығару дәстүрі де өзгеріске ұшырағанын атап өтті.

"Бұрын баланы қырқынан шығару дәстүрі отбасылық мереке еді. Оны тек әулеттің үлкен анасы, әжесі ұйымдастыратын. Онда ең көп дегенде 10-15 әйел жиналуы мүмкін еді. Олар баланы қырқынан шығарып, одан иткөйлек шешіп алып, иттің мойнына байлап жіберетін. Алайда бұл дәстүрге жаһандану әсерінің ықпалын байқап жүрміз. Мысалы, қалаларда баланы үлкен мейрамханаларда қырқынан шығарады. Тіпті, 100-150 адамның ішінде ер адамдар да жүреді. Бұрын бұл шараға тек әйелдер қатысатын. Ал ер адамдар оған мүлдем қатыспаған", - дейді этнограф.

Иткөйлек

Сондай-ақ, ғалым иткөлектің не екенін түсіндірді.

"Иттің мойнына иткөйлекті байлап жіберуді салт-дәстүрді сақтап қалған ауылдардағы қариялар жасайды. Неге иттің мойнына байлап жібереді? Ол бала итжанды болсын деген ниетпен істеледі. Қазақта "ит жанды" деген сөз бар. Ол қандай ауру, кесел келсе де одан жазылып шығады және өмір-жасы ұзақ болады. Оны біз "ит жанды" дейміз. Ит жанды болсын деп иткөйлекті баланың мойнына байлайды. Сондай-ақ, иткөйлекті бұрын бала көтермей жүрген әйелге береді", - дейді Қартаева.

Ойдан шығарылған дәстүр

Этнограф қыз ұзату қазақтың ең керемет дәстүрі екенін атап өтіп, алайда бүгінгі жаһандану заманы оған кері әсерін тигізгенін айтты.

"Қазіргі заманның салт-дәстүрге тигізген кері әсері қыз ұзату дәстүрінен анық байқауға болады. Кейбір адам "қызды түнге 12-ге дейін ұзатып үлгеру қаншалықты дұрыс?" дейді. Ол дұрыс емес. Қызды түнгі 12-ге дейін алып кету деген ойдан шығарылған дәстүр. Той кешке мейрамханада өтеді. Олар түнгі 3-4-ке дейін жұмыс жасамайды ғой. Мейрамхана түнгі 12-ге дейін жұмыс жасайды. Ал қазақ дәстүрінде қазақ түнде қыз бермек түгілі малын да бермеген, қызын түнде ұзатпаған. Сондықтан "қызды түнгі 12-ге дейін ұзату" ойдан шығарылған дәстүр", - дейді ғалым.

Қыз алып қашу

Сонымен қатар, Тәттігүл Қартаева қыз алып қашу дәстүр емес екенін атап өтті.

"Оны үйленуге деген әрекет деуге келетін шығар. Дәстүрлі қазақ қоғамында қыз алып қашу өте сирек болған. Қыз негізінен бата алып, тоймен ұзатылатын еді", - дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети