ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
06 мая 2019 | 20:47

Франциядағы қазақ ғалымының өмірі

ПОДЕЛИТЬСЯ

37 жастағы Шыңғыс Қуанбаев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде инженер-механик мамандығын оқып шыққан. Қазіргі уақытта Франция астанасы Париж қаласының маңында тұрады. Tengrinews.kz тілшісі метрологпен сұхбаттасып, оның Париждегі тұрмыс-тіршілігі туралы білді. 


Иконка комментария блок соц сети

37 жастағы Шыңғыс Қуанбаев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінде инженер-механик мамандығын оқып шыққан. Қазіргі уақытта Франция астанасы Париж қаласының маңында тұрады. Tengrinews.kz тілшісі метрологпен сұхбаттасып, оның Париждегі тұрмыс-тіршілігі туралы білді. 

Шыңғыс оқудан кейін бірден Қазақстан метрология институтында жұмыс істеген. Ол 2012 жылы Францияда орналасқан "Халықаралық өлшемдер мен таразылар" бюросына іс-сапармен аттанған. Ол жақта жауапты хатшы болып жұмыс істеген. Ал 2016 жылы осы ұйымның халықаралық қатынастар офицері болып тағайындалған. Сол жылдан бері ол Францияда өмір сүріп жатыр.

"Мен жұмыс сапарымен Францияға көшпес бұрын, отбасыммен бірге біраз ойландық. Ол уақытта балаларымыз мектепке әлі бармаған. Балаларға әліппені француз тілінен оқытатын болсақ, ана тілдерін білмей қала ма деген уайым болды. Бірақ Қазақстанның Франциядағы елшілігі мен "Қорқыт" мәдени ұйымының арқасында, олар қазақ тілі мен қатар домбыра сабақтарын үйреніп жүр. Осылайша олар қазақ тілі мен қазақ мәдениетінен алыстаған жоқ", - дейді ол.

Шыңғыс Қуанбаев отбасымен бірге Парижде тұрады. Оның айтуынша, балаларына патриоттық сезімді жастайынан сіңіртіп жатыр.

"Менің балаларыммен мақтан тұтамын, себебі олар да жақсы жетістік көрсетіп жүр. Екеуі де француз тілін жетік меңгерген. Кіші балам дзюдомен айналысады. Болашақта биік жетістіктерге жетіп, Қазақстанның атын шығарамын дейді. Үлкен ұлым Рубиктің кубигі халықаралық жарысқа қатысып, ең жас қатысушы ретінде марапат алды. Бір қуанарлығы ол кезде ұлым еліміздің атынан шықты, турнирге қатысушы мемлекеттердің арасында ұлымыздың арқасында туымыз ілініп тұрды. Біз үшін бұл абыройлы болып көрінді", - дейді қазақстандық.  


Шыңғыс Қуанбаев отбасымен

Кейіпкеріміз өзінің халықаралық ұйымдағы жұмысының мән-жайы туралы баяндады. Негізінде "Халықаралық өлшемдер мен таразылар" бюросы физикалық шамалар өлшемдерінің түйінді халықаралық бірлік эталондарын құру, сақтау және жаңғыртумен айналысады. Шыңғыс Қуанбаев бұл ұйымда жұмыс істейтін жалғыз қазақпын дейді.   

"Қазіргі уақытта бұл ұйымның халықаралық қатынастар офицері болып қызмет етемін. Бұл ұйым метрология саласын зерттейтін халықаралық бюро. Ұйымға 100 мемлекет мүше. Оған біздің еліміз де кіреді. Бұл ұйым халықаралық өлшем жүйесінің негізін салушы. Өлшем жүйесіне (кг, метр, ампер) сияқты өлшем бірліктері кіреді. Айта кетейін, 2018 жылы өлшем жүйесіне өзгертулер енген. Яғни килограмм өлшемі эталон арқылы емес, килограмм нысанын орнынан жылжытатын энергия күші арқылы есептелетін болды. Бұл метрология ғылымы мен жалпы адамзат үшін жаңалық болып саналады", - дейді метролог. 

Шыңғыс Қуанбаев бұл салада бірнеше маңызды жұмыс атқарған екен. Ол бюрода жауапты хатшы қызметін атқарып жүргенде метрология институттарының өлшеу мүмкіндіктерін өзара мойындау туралы халықаралық келісімшартқа жауапты болған. Осыған орай, халықаралық бюро мүшелері қазақстандықты осы бағдарламаны жүргізуге щақырған. Мінекей, қазіргі уақытта ол Франицяда халықаралық бюрода көптеген басқа ұлттар арасында жалғыз қазақ болып жұмыс атқарып жүр.  

"Мен мектепте оқушы болған кезімде физика пәнінде килограмм эталонының Парижде орналасқанын оқығанмын. Бірнеше жылдан кейін осы осы жерде жұмыс істейтінімді ол уақытта кім білсін?", - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Создаем казахскую атмосферу в Париже

Публикация от Асель (@kuanbaeva)

Шыңғыс Қуанбаев француздардың тұрмыс жағдайы жайлы бірер сөз қозғады. Оның айтуынша, Францияда кез келген салада жетістікке жетуге болады.

"Негізі менің жұмысым бұл елдің жүйесіне тікелей қатысты емес. Сондықтан мен олардың нақты материалдық жағдайын айта алмаймын. Бірақ ресми ақпарат бойынша француздардың 70 пайызы минимал жалақы алады, яғни 1200 еуро. Бірақ бұл жақта салық жүйесі тиімді емес, оның ішінде кәсіпкерлер үшін", - дейді қазақстандық. 

Кейіпкеріміз таядуа өртке оранған Париж - құдай аналарының соборы жайлы өз пікірін білдірді. Бұл оқиға тек француз халқын емес, жалпы әлемді дүрліктірді.

"Бұл оқиғаға қатты түңілдім. Себебі Париж - құдай аналарының соборы Франция халқы үшін ғана емес, жалпы адамзаттың құнды жәдігері болып саналады. Бұл жақта адамдардың ойы екіге ойысты. Бірі соборды қалпына келтіру үшін кез келген қаражатты жұмсайтынын айтса, кейбірі елде басқа да қаражат жұмсайтын маңыздырақ мәселелердің бар екенін айтты", - дейді метролог.

Шыңғыс Қуанбаев француздардың өмір сүру сапасы туралы баяндады. Оның айтуынша, Франция халқының экономикалық жағдайы өте жақсы. Оған қоса елдің медицина саласы жоғары деңгейде дамыған. Дәрігерлер мен медбикелер жұмыстарына жауапты қарайды екен.

"Бұл жақта халықтың мәдениеті өте жоғары. Айта кетейін, мұнда қазақстандық достарымыз өте көп. Олармен бірге ұлттық мейрамдарымызды атап өтеміз. Бұл жерде "Қорқыт" қазақ мәдени орталығы бар. Ол жақта балаларымыз қазақ тілін оқып және домбыра ойнауды үйреніп жүр", - дейді кейіпкеріміз.     

Оның айтуынша, Францияның көпшілік тұрғыны салауатты өмір салтын ұстанады. Егде жастағы адамдар да спортпен шұғылданады. Сондай-ақ, елде тарихи ескерткіштердің саны көп екен. Онда 2000-нан астам сарай бар. Кейіпкеріміз сөзінің соңында Қазақстанға жылына бір рет отбасымен бірге келіп тұратынын айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети