Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 июля 2019 16:32

Голощекинге айтылған соңғы сөз - "Бесеудің хаты" жайлы біліміңізді тексеріңіз

ПОДЕЛИТЬСЯ

1989 жылы жазушы Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" атты пьесасы шыққан. Бұл пьесада бір топ қазақ зиялысы 1930-жылдардың басындағы ашаршылық кезіндегі билікке халықтың жоғын жоқтап хат жазған. Бұл тарихта болған оқиға. 


1989 жылы жазушы Шерхан Мұртазаның "Бесеудің хаты" атты пьесасы шыққан. Бұл пьесада бір топ қазақ зиялысы 1930-жылдардың басындағы ашаршылық кезіндегі билікке халықтың жоғын жоқтап хат жазған. Бұл тарихта болған оқиға. 

1932 жылы 4 шілдеде қазақтың бірқатар зиялысы Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекинге хат жазып, халықтың сол кездегі ахуалын баяндаған еді. 87 жыл бұрын бес адам Голощекинге мал шаруашылығының күйрегені, социологиялық қайта құрулар, отырықшыландыру мен ұжымдастыру, алым-салық жинау саясатының ашаршылыққа алып келгенін айтып, дабыл қаққан. Бұл тарихта "Бесеудің хаты" деген атпен қалды. 

Аштықтан миллиондап қырылып жатқан қазақ халқының жағдайын ойлап, Голощекинге хат жазғандар - жазушы Ғабит Мүсірепов, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин, Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков пен Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев. 

Осы бес зиялы жазған хатынан кейін саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Бірақ Голощекиннің 1933 жылы Қазақстандағы қызметінен кетуіне осы хаттың да үлесі бар. 

Міне, халқының қамын ойлаған зиялылардың ерлігі мен сол оқиғаның бүгінге дейін жетуіне Шерхан Мұртаза жазған тарихи драманың пайдасы зор. 

Тengrinews.kz тілшісі "Бесеудің хаты" жайлы тесттен өтіп, Мұртазаның туындысы мен онда көрсетілген зиялылар туралы өз біліміңізді сынап көруді ұсынады. 

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру.

"Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети