Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 июня 2019 14:00

Интернеттегі дербес жарнамалардан қалай арылуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото : Pixabay Фото : Pixabay

Интернет бетінде қайбір сайтқа кірсеңіз де, онда сіздің ойыңызда жүрген тауардың жарнамасы шығып тұрады. Ол жайлы сіз жақында досыңызбен сөйлестіңіз немесе желіден іздедіңіз. Жарнамашылар сіздің қалауыңыз жайлы қайдан біліп қойды және мұндай дербес жарнамадан қалай арылуға болады? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына digital-жобалармен айналысатын маман Анастасия Рогачева жауап берді.


Интернет бетінде қайбір сайтқа кірсеңіз де, онда сіздің ойыңызда жүрген тауардың жарнамасы шығып тұрады. Ол жайлы сіз жақында досыңызбен сөйлестіңіз немесе желіден іздедіңіз. Жарнамашылар сіздің қалауыңыз жайлы қайдан біліп қойды және мұндай дербес жарнамадан қалай арылуға болады? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына digital-жобалармен айналысатын маман Анастасия Рогачева жауап берді.

Жарнама маманының айтуынша, мұндай дербес жарнамадан құтылғаныңызбен, сізге жалпылай жарнамалар бәрібір де шығып тұрады. Сонда да қызығушылықтарыңыз бен қалауыңызды өзгелерге көрсеткіңіз келмесе оның бірнеше жолы бар екен.

"Егер сізге қажет тауарлар мен қызметтерді ұсынған жарнамалар қажет болмаса, онда өз деректеріңізді интернетте қалдырмаңыз. Сайттарға әлеуметтік желі арқылы тіркелмеңіз, Интернет-дүкендердің желілеріне жазылмаңыз. Жарнаманың бұғаттаушысын орнатыңыз, тауар жарнамалары тұрған сайт баннерлерін баспаңыз, Интернетке инкогнито режимінде кіріңіз. Сіз бұл "іздеріңізді" қалдырмасаңыз, біздің, жарнамашылардың сіз туралы мәліметтеріңіз деректер базаcында сақталмайды. "Ізіңізді" қалдырсаңыз да, біз оларды үшінші тұлғаларға беруге құқығымыз жоқ. Ол - қылмыс", - дейді Рогачева.

Маман "интернеттегі із" сөзінің мағынасын түсіндірді. 

"Барлығымыз Интернетте із қалдырамыз. Сізге тауар немесе қызмет қажет. Сіз іздеуші арқылы интернетте сұрау саласыз. Интернетте іздегеннен кейін, сіз хабарландыруға басып, сатушы сайтына кіресіз. Сатушының сайтында сатып алушының мінез-құлқын қадағалайтын және сатып алушыға қандай тауарлар қызықты екенін көрсететін жүйе бар. Міне, осылайша сайт сатып алушының не іздегенін біліп отырады, адамның қандай хабарлама бойынша келгенін біледі. Оған себеп - біз хабарландырудағы сілтемелерге белгі қоюымыз. Біз бұл деректерді жинаймыз және сатып алушыға арнайы қызықты нәрсе көрсетеміз", - деген ол мұның жеке деректер базасы емес екеніне тоқталды, себебі жарнамашылар адамның аты-жөнін білмейді.

"Жарнама беруші пайдаланатын жүйенің жұмыс механизмі мынадай: Сіз бір сайтқа кірдіңіз делік, ондағы қалауыңызды іздедіңіз, мысалы шаңсорғыш іздесеңіз, біз сізге сол тауар қажет екенін білеміз. Бізде сізге таңдауға көмектесетін сатушылар мен кеңесшілер жоқ. Бізде құрал бар. Ол сізге танымал шаңсорғыштарды көрсететін шаңсорғыштарға арналған қосалқы бөлшектерді таңдайды, басқа сатып алушылар қандай шаңсорғыштарды сатып алады, ұқсас шаңсорғыштарды сіз көргендерге, баға бойынша, сипаттамалар бойынша, бренд бойынша және т.б. ұсынады. Бізде деректер көп болған сайын, біз сізге пайдалы бола түсеміз", - дейді ол.

Маманның пікірінше, қолданушының лайктары да, жазатын пікірлері де клиенттер базасына қосуға себеп. 

"Бұл деректер негізінде жүйе адамның портретін жасайды. Қызығушылықты, жынысын, жасын анықтайды. Мінез-құлықты болжайды. Осыдан кейін жарнама іске қосылады. Біз бұл аудиторияны жарнама саласының параметрлерінде таңдаймыз. Осылайша сізге біздің жарнама көрсетіледі", - дейді ол.

Жарнамашылардың тағы бір қулығы - Рогачеваның айтуынша, сатып алушыны сауда орталығына барғанында Wi-Fi арқылы бақылап, оның қандай дүкендерге баратынын біліп отыруға болады екен. Оның қандай жарнама баннерін көріп, сол тауардың сайтына немесе дүкеніне өткен-өтпегенін білуге болатын да айла бар. 

Digital-жобалар жетекшісі тіпті сіздің қарапайым жаңалықтар сайтындағы оқыған мақалаңыз бойынша да қызығушылығыңызды біліп отыруға болатынын, тіпті оның қай жеріне оқып келгеніңізге дейін анықтап, сол бойынша сізге қызық болатын тауар ұсынатын жарнамалар да болатынын айтады. 

Маман қазіргі таңда релевант жарнаманың дәуірі жүріп тұрғанын айтады. Себебі бұл - пайдаланушыға қызықты.

"Біз сатып алушының проблемасын түсініп, оны шешуге көмектесуіміз керек. Қазір бүкіл әлемде жарнамаға емес, сервиске баса назар аударылады. Барлығы контекстік жарнамамен жұмыс істей алады. Біреуі жақсы шығады, біреу нашар болып қалады. Алайда, бұл жарнама қажет емес дегенді білдірмейді. Интернет кеңістігінде өзіңіз туралы мәлімдеудің басқа жолы жоқ. Жаңа форматтар пайда болады. Алайда мәні өзгермейді, басты мақсаты - тауарын өткізу", - дейді маман.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети