ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 октября 2021 | 15:08

Жамбылдың хатшысы болған Ғали Ормановтың 1939 жылғы күнделігі табылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
1940 жыл. Сол жақта Жамбыл Жабаевтың баласы, оң жақта Ғали Орманов. © Айдар Қырықбай мұрағатынан 1940 жыл. Сол жақта Жамбыл Жабаевтың баласы, оң жақта Ғали Орманов. © Айдар Қырықбай мұрағатынан

1938-1945 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болған ақын Ғали Ормановтың латын қарпімен жазылған күнделігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

1938-1945 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болған ақын Ғали Ормановтың латын қарпімен жазылған күнделігі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ғали Ормановтың немересі Айдар Қырықбайдың сөзінше, күнделік шамамен 1939 жылы жазылған. 

"Латын әліпбиімен жазылған. Күнделік сол күйі сақталған. Жазуы өзгермеген. Бүгінде сол күнделік жазылған әліпбиді білетін адамдар аз екен. Сондықтан күнделікті жаңартып қойдық. Алдағы уақытта күнделікті аударуға береміз", - дейді Айдар Қырықбаев. 

Оның айтуынша, күнделікті ала салып бірден оқып, түсініп кету мүмкін емес. 

"3-4 рет оқығаннан кейін шамамен не жазылғанын түсінуге болады. Күнделіктің мазмұны бойынша Жамбыл атамызға кімдер келген, қандай мәселелер талқыланған деген секілді кездер жазылған. Күнделік ешқайда жарық көрмеген. Сондықтан Жамбыл атамыздың шығармашылығын зерттеуге септігін тигізеді деп ойлаймын", - дейді Айдар. 

Күнделікті Ғали Ормановтың жары Айтбала Орманова сақтаған. Кейіннен қолдан қолға өтіп, күнделік осы күнге жеткен. 

"Ішінде не жазылғаны түсініксіз. Бүгінде күнделік атамыздың қызы Жамиға Ғалиқызына табысталды. Шамамен 60 беттік күнделік. Атамыз Жамбыл Жабаев өмірден өткенге дейін қасында әдеби хатшысы болды. Атамыз Жамбыл Жабаевтың аузынан шыққан өлеңдерін қағазға жазып алып отырған. Жалпы күнделікте де осындай дүниелер жазылған деп ойлаймыз", - дейді Айдар. 

Айдар Қырықбай тағы бір мәселені көтере кетті. 

"Астанада атамыздың атына мектеп берілген болатын. Қала әкімі Бақыт Сұлтанов болып тұрған кезінде бюджеттен мектептің алдына атамыздың бюстін орнату мәселесі бекітілген болатын. Оны қалалық Білім басқармасы да растаған болатын. Өкінішке қарай, мектептің алдына бюст орнату қаржысы да, бюст те жоқ болып кетті. Осы мәселені Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов назарына алса екен", - дейді Айдар Қырықбай. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer