14 марта 2019 | 06:00

"Жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу". Амал мерекесі жайлы не білеміз

© Тұрар Қазанғапов

Бүгін, 14 наурыз - Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі тарихшы Жұлдыз Оспановадан бұл дәстүрдің мәні қандай екенін, оның қалай және қашан шыққанын сұрап білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 14 наурыз - Көрісу күні. Адамдар бұл күні арасындағы бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, араздықты ұмытып, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көктемге аман есен жеттік деп, дастархан жайып, үлкендерге сәлем беріп, құттықтап жатады. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі тарихшы Жұлдыз Оспановадан бұл дәстүрдің мәні қандай екенін, оның қалай және қашан шыққанын сұрап білді.

Оспанованың айтуынша, көрісу күні жаңа өмір, жаңа жыл, жаңа күнмен көрісу деген мағынаны білдіреді.

Реклама
Реклама

"Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады. Көрісу дәстүрінің тарихына үңілсек, ертеректе жапан далада қыс айларында мал баққан көпшенді халық бір-бірімен көрісе алмай, бір-бірін тек көктем келгенде Наурыз мейрамына қарай көре алған екен. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған", - дейді Оспанова.

Сондай-ақ, тарихшы бұл мерекенің неліктен 14 наурызда атап өтілетінін түсіндірді. 

"Шығыс елдерінің  кезіндегі күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал деп отырғанымыз Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. "Наурыз" сөзі "жаңа күн" дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді "наурыз" демей "амал" деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр", - дейді Оспанова.



© e-history.kz

Сондай-ақ, тарихшы қазақ халқында көрісу күні тек Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған дәстүр деген қате түсінік бар екенін айтады.

"Ол еліміздің батыс аумақтарының тұрғындарына ғана қатысты емес. Ол бастапқыда тек Атырау, Маңғыстау облыстарына кеңінен танымал болғандықтан шығар, көбі көрісу күні тек батыста аталып өтіледі деп ойлайды.

Бұл қонақжай қазақ халқына ортақ дәстүр. Оны бөліп-жаруға болмайды. Бұл күні барлығы  бір-біріне сәлем беріп, қол алысуға міндетті деп айта аламын. Ежелден келе жатқан дәстүрдің ерекшелігі де осында. Дәл осы күні бір-біріне ақ тілегін айтқан адамдар бұдан кейін арадағы реніштерін жойып, табысады. Көрісу күнінің имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке екені анық", - дейді тарихшы.


© ok.ru

Кейбір тарихи мәліметтерге сүйенсек, Жаңа жыл - Ұлыс күнін тойлайтын қазақ Көрісу күнін 1918 жылдан бастап тойлайтын болған. Бұл мерекенің ерекшелігі тек бір күнмен шектелмеуінде болған, ол наурыздың 14-нен басталып, айдың соңына дейін жалғаса берген.

Оқи отырыңыз:

Сауын айту. Қазақ қонақты қалай шақырған

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Өңір салу

Асату дәстүрі - Қазақ қандай жағдайда қонағына ренжіген


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная