Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
06 февраля 2019 16:15

Асату дәстүрі - Қазақ қандай жағдайда қонағына ренжіген

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alashainasy.kz © alashainasy.kz

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Асату.


Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Асату.

Қазақ халқы ежелден бері асты жоғары бағалап, оны қастерлей білген. Ас беруге қатысты түрлі дәстүрлер арқылы бір-біріне үнемі құрмет білдіріп, сыйластықпен қараған. Ерулік беру, дәмнен ауыз тию, қазан шегелеу сияқты салттарға аса мән берген. Мысалы, ақсақалдар кішілерге табақтағы еттің сыбағалы мүшесінен дәм таттыру арқылы өзінің ілтипатын білдірген. Мұны асату деп атаған. Тарихи мәліметтерге сүйенсек, бұл дәстүр XV-XVII ғасырлардан бастау алған.

Тарихшы Жұлдыз Орманова Tengrinews.kz тілшісіне бұл дәстүрдің әлі күнге дейін кейбір өңірлерде сақталғанын айтады. Осы ретте маман бұл дәстүрдің құндылығы неде және қазақ халқының ас арқылы бір-біріне қалай құрмет көрсеткені жайлы айтып берді.

"Қазақ халқында үйге келген кез келген адам қонақ саналып, дәмнен ауыз тиюге тиіс. Бұл әдет сонау заманнан бері келе жатыр. Ол қонаққа, асқа деген ерекше ықыласты білдірген. Асату кезінде жасы кішілер мен ақсақалдар бір-біріне құрмет білдірген. Ал жастар кішіпейілділігін көрсеткен, тәрбиелік мәні де осында десе болады. Ақсақалдар жастарға табақтағы еттің бір бөлігін беріп, өз қолын дәм ауыз тигізген, асатқан деп айтады. Жасы кішкентайлар асатудан ешқашан бас тартпаған, яғни одан бас тартуға болмайды. Оны кішінің құрметсіздік көрсеткені деп түсінген", - дейді Орманова.

Сондай-ақ, Орманова асату салтының үлкен мен кішілер арасында ғана емес, келін болып түскендерге де қатысты орындалатынын айтады.


© e-history.kz

"Келін болып түскендерге де асату дәстүрі өткізілген. Ол да сәлем салуға ұқсас негізі, бірақ ерекшелігі абысындардың бірі оған еттің бір бөлігін беріп, сенің сыбағаң деп батасын берген. Артынша жас келін сол жілікті берген адамға сәлем салған. Кейбіреулер асату салтынан соң бірден "абысын асын" өткізген. Ауылдың келіншектері осылай жиналып, бір-бірін қонаққа шақырған", - дейді Орманова.

"Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі" кітабына сүйенсек, XIX ғасырдың соңына дейін Қазақстанның шығыс өңірлерінде келген қонақты етті үш түйірден қатарласа асату дәстүрі болған. Қонақ үш түйір етті бірден асай алмаса, қонақ ренжіп қалуы мүмкін екен. Асатуға берген ет үш түйірден көп болып және оған қақалып қалса, айыппұл төленетін болған. Ең қызығы, айыппұл кұны жүз жылқыдай болған. Егер үш түйір етке қақалса, оған айыппұл төленбейді екен.

Асату салты Сәбит Мұқановтың "Халық мұрасы" тарихи-этнографиялық шолуында келтірілген. 1974 жылы шыққан кітапта автор естеліктерін, халық аңыздарын, шежірелерін, төңкеріске дейінгі қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысын, салт-дәстүрлерін жазған. "Келіп менің бата алып, көп жасағым, Өз қолынан Сәбеңнің ет асадым" делінеді кітаптың үзіндісінде.

Оқи отырыңыз:

Сауын айту. Қазақ қонақты қалай шақырған

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Өңір салу

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Бәсіре атау

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети