Сауын айту. Қазақ қонақты қалай шақырған

30 Қаңтар, 14:05
0
© e-history.kz
© e-history.kz

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Сауын айту.

Қазақтар ерте заманнан бері қандай жиын, той болсын барлық туған-туысты, ауылдағылар мен көршілерін шақырған. Әдетте осындай той-томалақтар бірнеше күнге жалғасқан. Бір ауылда ас беріліп, той өткізілетін болса, алдын ала тіпті бірнеше жыл бұрын жан-жаққа хабар жіберілген. Мұны сауын айту деп атаған. Шақырылған әрбір қонақ өзімен бірге қымызы мен малын әкелуге міндеттелген. 

Тарихшы Жұлдыз Орманова Tengrinews.kz тілшісіне бұл дәстүрдің мақсаты келген қонақтарға, әрбір ру, жүз өкілдеріне сауын айту арқылы қазақ халқының ұлттық сусыны қымыздың дәмін таттырып, қонақжайлығын көрсету екенін айтады. Тарихшы ұлттық сусынның барлық іс-шарада, отырыста бiрiншi кезекте берiлгенін айтады.

"Сауын айту - бұрыннан келе жатқан салттардың бірі. Ол дәстүрді тек қазақтар емес, қырғыздар да ұстанған. Сауын айтып ұйымдастырылған жиында киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, балуандар күресіп, әр ауылдың ақсақалдары, балуандары, көкпаршылары келіп өнер көрсеткен. Ал жүйрік аттарды арнайы алдыртып отырған. Қонақтар үшін ұлттық тағамдар әзірленіп, қымызды барынша көбірек етіп дайындаған", - дейді тарихшы.


© old.qazaq-alemi.kz

Тарихшының айтуынша, қымыз әкелгендердің ыдысына сойылған малдың жіліктерін салып жіберетін болған. Бірақ олай көбіне ауқатты отбасылар ғана жасаған екен.


© e-history.kz

"Малды жіліктеп, беріп жібермесе де, оның орнына сыйлықтар берген. Мысалы, оюланған ыдыс-аяқтар, ұлттық-нақыштағы киім-кешектерді беріп жіберген. Ең бастысы келген қонақ құр қолмен қайтпауы тиіс еді. Бұл қазақтардың бір-біріне құрмет білдіріп, қонақжайлық көрсетуінің тағы бір дәлелі", - дейді Орманова.

Сауын айту cалты Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романында кездеседі. Романда "Мырза өз әкесі Өсекеңе ас берем деп, Көкшетауға сауын айтып, елді жиды ғой" деген сөздер айтылады.

Сондай-ақ, бұл дәстүр қазақтың белгілі "Айман-Шолпан" жырында көрсетілген екен.

"(...) Маманнан келген кісі қымыз ішпек,
Аузына жарандардың тәубе түспек.
Терісін бес айғырдың саба қылып,
Сабасы атаныпты "Алтын піспек".

Маманға айуан малдың берді бағын,
Жаратты Маман батыр арғымағын.
Бір тұтқа кіші жүзде бай еді деп,
Шөмекей Маман байға айтты сауын", - делінген "Айман-Шолпан' жырында.

Оқи отырыңыз:

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Өңір салу

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Қынаменде

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Тәжім ету

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц