Әлеуметтік желіде жаңа тренд хитке айналды. Бұл жолы желі қолданушылары Gradient бағдарламасын жаппай қолданып жатыр. Бұл бағдарлама бойынша кез келген адам өзінің суретін салып, сыртқы келбетінің кімге ұқсайтынын анықтай алады. Танымал тұлғалар да қалыс қалмаған. Tengrinews.kz тілшісі Gradient бағдарламасын белсенді қолданып жатқан танымал адамдарға шолу жасады.
Максим Галкин - Ксения Собчак
Желі қолданушыларын күлкіге қалдырған ұқсастықтардың бірі - бағдарламаның ресейлік әзілкеш Максим Галкин мен саясаткер, тележүргізуші Ксения Собчактың ұқсастығы.
© instagram.com/maxgalkinru
"Менің ойымша мұндай нәтижені ешкім күтпеді", "Қорқытпаңызшы Максим, бұл өте күлкілі", - дейді әзілкештің оқырмандары.
Азамат Мұсағалиев - Владимир Путин
Ресейлік әзілкешті бағдарлама бір емес, бірнеше адамға ұқсатқан. Оның ішінде актер Джеки Чан, Брюс Ли, Зинедин Зидан да бар. Ең қызығы, Азамат Мұсағалиев Ресей президенті Владимир Путинге де ұқсайтын болып шыққан.
© instagram.com/azabraza1984
Андрей Бедняков - Владимир Зеленский
Көпшілікке "Орел и решка" бағдарламасы арқылы таныс украиналық тележүргізуші Андрей Бедняков те бағдарламаға суретін жүктеп кімге ұқсайтынын анықтап көрген. Ол Украина президенті Владимир Зеленскийге ұқсайтын болып шықты.
© instagram.com/biedniakov
"Менімен қазірден бастап дос болыңдар. Кейін кеш болуы мүмкін", - дейді тележүргізуші жазбасында.
Ләйлә Сұлтанқызы - Shakira
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бағдарламаның көрсеткен нәтижесі бойынша әнші Shakira, актриса әрі модель Шей Митчелл мен Сиараға ұқсайтын болып шыққан.
© instagram.com/sultankyzy
Дәулет Бижанов - Леонардо Ди Каприо
Қазақстандық әзілкеш суретін бірнеше рет жүктегенімен барлық нәтиже бойынша атақты актер Леонардо Ди Каприоға ұқсайтын болып шыққан.
"Қазақстаннан тұңғыш "Оскарды" иемденген актер дегенге сәл-сәл сенем", - дейді әзілкеш жазбасында.
Жәнел Мақажан - Анджелина Джоли
Театр және кино актрисасы Жәнел Мақажан тек Анджелина Джоли емес сондай-ақ Мэрилин Монро және Одри Хепбернге ұқсайтын болып шықты. Өзінің қызықты суреттерімен актриса Instagram-stories-інде бөліскен.
© instagram.com/janellemakajan
Ерке Есмахан - Мэрилин Монро
Сонымен қатар әнші Ерке Есмаханның кімге ұқсайтыны белгілі болды. Ол америкалық әнші әрі модель Мэрилин Монроға ұқсайды екен.
Скриптонит - Прилли Латуконсина
Рэп әншісі Скриптонит индонезиялық актриса, тележүргізуші әрі әнші Прилли Латуконсинаға ұқсайтыны белгілі болды. Бұл нәтиже желі қолданушыларын да күлдіргені анық.
"Скриптониттан ондай нәтиже күтпеппін", "Скриптонит өлтірді", - дейді желі қолданушылары.
Зируза - Наоми Уотсон
Q-pop бағытындағы жас әнші Зируза актриса Наоми Уотсонға ұқсайтын болып шыққан.
Қайрат Нұртас - Марион Котийяр
Желі қолданушыларын күлкіге қалдырған тағы ерекше ұқсастықтың бірі - әнші Қайрат Нұртас пен француз актрисасы Марион Котийярдың ұқсастығы болды.
Еске салайық, бұған дейін танымал тұлғалар бет-әлпетті қартайтатын FaceApp бағдарламасын жаппай қолданған.