Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 июля 2019 14:28

Желіде сауда жасау кезінде алаяқтардан қалай сақтану керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде тауарды онлайн сатып алу - қазіргі таңда таптырмас құралға айналғандай. Киім, жиһаз, ұялы телефон тіпті косметиканы да онлайн алуға мүмкіндік беріп отырған интернет дүкендер көп. Ал интернет алаяқтарынан алданып қалмау үшін не істеу керек? Маркетолог маман Расул Абдуллаев Tengrinews.kz тілшісіне берген пікірінде ең алдымен ешқашан интернет дүкенінің иелеріне Instagram немесе басқа да әлеуметтік желілерде тіркелген байланыс нөміріңізді бермеңіз дейді. 


Әлеуметтік желілерде тауарды онлайн сатып алу - қазіргі таңда таптырмас құралға айналғандай. Киім, жиһаз, ұялы телефон тіпті косметиканы да онлайн алуға мүмкіндік беріп отырған интернет дүкендер көп. Ал интернет алаяқтарынан алданып қалмау үшін не істеу керек? Маркетолог маман Расул Абдуллаев Tengrinews.kz тілшісіне берген пікірінде ең алдымен ешқашан интернет дүкенінің иелеріне Instagram немесе басқа да әлеуметтік желілерде тіркелген байланыс нөміріңізді бермеңіз дейді. 

♦ Интернет дүкеннің рейтингін анықтап алыңыз

"Егер де тауарды интернет немесе Instagram арқылы онлайн сатып алғыңыз келсе, міндетті түрде  онлайн дүкеннің интернеттегі рейтингін көрсететін іздеу жүйелерін қолданыңыз. Бұл арқылы сіз мекеме жайлы толық ақпарат ала аласыз", - дейді ол.

Расул Абдуллаев,

маркетолог 

      

Сондай-ақ маман дүкен жайлы шынайы пікірлерді оқу керек дейді. Себебі әдетте жалған парақшаларда автоматты түрде пікір жазып отыратын бағдарламалар немесе "боттар" болады дейді. 

♦ Парақшаның ашылған уақытына назар аударыңыз

Егер тауарды Instagram арқылы алсаңыз, міндетті түрде ол парақшаның ашылған уақытына назар аударыңыз дейді маркетолог. Жаңадан ашылған немесе атауын жиі өзгертетін парақшалар күмән тудырады.

Мұндай жағдайда дүкеннің шынайы екеніне көз жеткізу керек немесе басқа сенімді дүкенге жүгінген жөн дейді маман. 

♦ Ресми құжаттарды тексеріп алыңыз

Расулдың айтуынша кез келген мекеменің құжаттары болады. Заң бойынша, әр кәсіпкер заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.

"Егер интернет дүкендерге алғаш рет жүгініп отырсаңыз, міндетті түрде құжаттарды сұраңыз. Мысалы, тауарды сатуға рұқсат немесе құрмет грамоталары да болуы мүмкін. Сондай-ақ өнім не қызмет сапасын растайтын сертификаттар да болуы қажет", - дейді маркетолог.

♦ Парақшаның белсенді екеніне көз жеткізіңіз

Расулдың сөзіне жүгінсек, әдетте алаяқтар жалған парақшалар ашып, оқырмандардың санын өздері арнайы бағдарламалар арқылы көбейтетін көрінеді. Жазбалардағы тіркелушілер мен лайк басушылардың орташа қатынасы әдетте 10-15 пайыз болады дейді маман. 

"Мысалы 10 мың оқырманы бар Instagram дүкенінің парақшасы бір жазбаға шамамен 120 лайк жинауы керек. Сонымен қатар, парақшаның соңғы жазбаларындағы пікірлерді қарап, оны шынайы оқырмандардың жазғанына көз жеткізу керек", - дейді ол.

Елімізде beauty-өндіріс күннен күнге дамып келеді. Алайда бұл салада да алаяқтар жоқ емес.


© pixabay.com

Beauty-блогер Әсел Таңатарова косметикалық құралдарды арнайы дүкендерден барып сатып алған дұрыс дейді. Себебі онлайн дүкендерде интернетте басқа сурет, ал тауар келгенде мүлдем басқа тауар болатын кездер жиі болған.

  

Әсел Таңатарова, 

beauty-блогер 

"Әдетте интернет дүкендерде, әсіресе косметиканы онлайн сататын дүкендерде "реплика" яғни тауардың көшірмесін түпнұсқа деп сатып жатады. Артынан зардап шегетін сатып алушының өзі. Себебі арзан косметиканы пайдаланғаннан кейін, неше түрлі аурулар пайда болуы мүмкін", - дейді блогер.

Блогердің сөзінше косметиканы онлайн сатып алатын жағдайда тек сенімді интернет дүкендерден алу керек. Бірақ косметика құралдарын көбіне дүкендерге арнайы барып алған жөн дейді блогер.

"Косметиканың түпнұсқалығын анықтау оңай. Әдетте интернет дүкендерде көшірмелер өте арзан тұрады. Сонысымен-ақ көп кыздар алданып қалып жатады. Жақсы косметиканың бағасы арзан болуы мүмкін емес", - дейді Әсел.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети