Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Жалған жала" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға әлеуметтік желілерді шулатып жүрген Индира Жанет есімді қыз келді.
Бүгін 7 арнада "Өз ойым" бағдарламасында "Жалған жала" тақырыбы қозғалды. Бағдарламаға әлеуметтік желілерді шулатып жүрген Индира Жанет есімді қыз келді.
Ол жігітімен бір жарым жыл азаматтық некеде тұрған. Алайда жастардың ара-қатынасы сотқа дейін барған. Басқа қызды ұнатып қалған Әлнұр Индираның көзінше ашықтан-ашық ойнас жасаған.
Индира басында жақсы көргенін, сондықтан, бәріне шыдағанын айтады. "Кейіннен шыдамның да шегі болар деп жігітімнің ұйықтап жатқан фотосын әлеуметтік желіге басқа қыздар жоламасын деген ниетпен салдым. Артынша ол ішіп келіп, қоқан-лоқы көрсетіп, сен маған сифилис ауруын жұқтырдың деп жала жауып, қинап видеоға түсіріп алды", - дейді ол.
Жігіті оған бұл видео тарамайды деп айтқан. Бірақ ара-қатынастарын тоқтатқан соң ол видео тарап кеткен. Осыдан кейін Индира мұндай сұмдыққа шыдамай, анализ тапсырып, барлығы таза шыққанын айтып жігітін сотқа берген.
Алайда тікелей эфир барысында Әлнұр телефон тұтқасын көтермей қойды.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.