ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 февраля 2021 | 16:59

"Жиналыста ұйықтаған кім?" - Әкімдердің кездесуінде болған тосын оқиғалар

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Соңғы уақытта кей әкімнің есеп беру кездесуінде күтпеген жағдайлар болды. Бірінде елтаңба құласа, бірінде жарық өшіп қалды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов аурухананы тексерген кезде де қызық оқиға болған. Tengrinews.kz тілшісі әкімдердің есеп беру кездесуінде, тексеріс кезінде болған қызық оқиғаларды жинап шықты. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Соңғы уақытта кей әкімнің есеп беру кездесуінде күтпеген жағдайлар болды. Бірінде елтаңба құласа, бірінде жарық өшіп қалды. ШҚО әкімі Даниал Ахметов аурухананы тексерген кезде де қызық оқиға болған. Tengrinews.kz тілшісі әкімдердің есеп беру кездесуінде, тексеріс кезінде болған қызық оқиғаларды жинап шықты. 

Кездесу кезінде елтаңба құлады

Бір апта бұрын Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру кездесуінде мінбердегі елтаңба құлап қалды. 

Жамбыл облысы басшысы Бердібек Сапарбаев 19 ақпанда онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Тікелей эфирде аймақ тұрғындары әкімге сұрақтарын қойды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу әлеуметтік желілерде таратылды.

Бір сағаттан аса уақыт өткен соң облыс тұрғыны тағы бір сұрақ қойды. Алайда Сапарбаев жауап беруді бастаған сәтте әкім мінберіндегі елтаңба құлап қалды. Аймақ басшысы ашуланып, көмекшілерінен елтаңбаны көтеруді тапсырды, бірақ микрофонды өшіруді ұмытып кеткен. Оны бір секундтан кейін өшірді.

Бәрі орнына келгеннен кейін Сапарбаев сұраққа жауап беруді жалғастырды. Бірақ микрофон өшірулі болған. Оны модератор қосып берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Желі қолланушылары әкімнің елтаңбаны өзі көтермегеніне сын айтқандар болды. Ал модератор кейін редакциямызға берген сұхбатында үстінде дыбыс жазуға арналған құрылғылар мен микрофон болғандықтан мінберден ол да, әкім де кете алмағанын айтқан.

Әкім ашқан шкаф есігі құлады

Жамбыл облысындағы оқиғадан кейін келесі күні Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Қайнар ауылына жұмыс сапарымен барып, онда әлеуметтік маңызы бар нысандардың жай-күйімен танысқан болатын. Мұнда да күтпеген жағдай болды. 

Аурухананы аралап жүргенде Ахметов шкафтарды ашып, ішіндегі заттарды тексермек болған. Бір есікті аша бергенде медбике оны бірден жауып тастайды. Бірақ әкім шкафты сонда да ашады, сол кезде есігі құлап түседі. 

"Қараөлең ауылдық округінің 2500 тұрғынына қызмет ететін аурухананың күтімі мен қызмет сапасына тағылар сын көп. Дәрі сақталатын қарапайым жиһаздың есігі сынып жатыр, өкініштісі, мейірбикелер оны жасырып әлек. Науқастар жататын бөлмелерде су жоқ, есіктерінің тұтқасы түсіп, әрең ашылып, жабылады", - деді сол кезде облыс әкімі.


Фото және видео: Facebook/@Danial Akhmetov

Әкім кездесуінде жарық сөніп қалды

Ал кеше Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновтің халыққа есеп беру кездесуінде жарық сөніп қалды. Алайда әкім оған қарамастан тұрғындардың сұрағына жауап беруін жалғастырды. 

Эфир видеосы онлайн кездесу біткеннен кейін YouTube-тен өшірілген. 


Видео Динара Бекболаева/Baigenews.kz

Әзірше Шымкент әкімдігі жағдайға байланысты түсінік бермеді. 

"Жемнің орысшасы қалай?"

Мұрат Әйтеновтің дәл осы кездесуінде тағы бір қызық оқиғаның видеосы желіде тарады. Роликте әкімнің орысша сөзді есіне түсіре алмай жатқаны көрсетіледі. 

"В начале года сразу выросла цена на... "Жемді" не дейтін еді орысша? (жанындағы адамға қарап)", - деп жымияды әкім. 

Кейін "жемнің" орысшасы есіне түсіп, баяндамасын жалғастырады. 

"Орысша бір сөз қапелімде аузына түспесе, несі айып?", "Кейде адамда болады ғой, ауызға түспей қалады, білмегеннің айыбы жоқ", "Қазақ тілін білмей тұрса үлкен ағаттық болар еді. Ал орыс тілін білмей қалғанда тұрған ештеңе жоқ. Кейде өзімізде де ондай сәттер болып тұрады", - деп пікір жазған желі қолданушылары.

Әкімге бата берді

Әкімнің есеп беру кездесуінде бата беруді күтпеген оқиға демесек те, жиі болмайтын қызық жағдай дей аламыз. Былтыр  Алматы қаласы әкімінің тұрғындармен кездесуі барысында қала тұрғыны, ақсақал Бақытжан Сағынтаевқа жемқорлық туралы бата берді. 

"Сағынтаев мырзаның айтқанын толық түсіндік. Бұл енді іске асып, ары қарай жақсы жұмыс істейді дегенге сенеміз. Мен енді бір бата берейін деп отырмын", - деп ақсақал қала әкіміне ақ тілегін айтты. 

"Әумин деп, көтеріңдер білектеріңді,
Нұрға бөлеп жүректеріңді,
Бір Алла берейін деп тұр тілектеріңді.
Жанға жайлы заман болсын,
Ел-жұртымыз аман болсын,
Алла аспаннан нұрын төксін.
(...)
Ел іші даусыз болсын,
Ел шеті жаусыз болсын.
Жеке басын күйттемей,
Халқын да бір сәт ойласын.
Парламенттегі депутат,
Бизнесін ойлап қалдырмай,
Халқын да бір сәт ойласын.
Зиялы қауым өкілі
Ұлты, ру, жүзге бөлініп, жамандыққа бармасын.
Қазақтың атына кір келтірген,
Сыбайлас жемқорлық, өтірік мақтаншақтық
Заң бұзушылық, екіжүзділік, өтірік айтатын
Жамандықтың бәрі жойылып, жақсылық жағы төрлесін", - деп бата берді ақсақал. 

Бақытжан Сағынтаев өз кезегінде батадан кейін сөз қайырып, жиынды түйіндеді. 

Ақсақал бата берген сәттің минуты - 2:54:23. 

 

Жолдағы асфальттың бір бөлігін жұлып алды

2018 жылы Теміртаудың экс-әкімі Ғалым Әшімов тексеріс кезінде жолдағы асфальттың бір бөлігін қолмен жұлып алды. Ол қаланың шығыс бөлігінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын "шала орындалған" деп атады.

Асфальттың қалай төселіп жатқанын өз көзімен көрген ол жұмысқа көңілі толмайтынын айтты. Әкім жұмыс нәтижесіне сын айтып қана қоймай, асфальттың бір бөлігін жұлып алды. 

Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол сол кезде мердігерлерден қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етті.

Ұйықтап отырған полицейдің суретін бәріне көрсетті

Бірнеше жыл бұрын Павлодар қаласының әкімі болған Нұржан Әшімбаев полиция қызметкерлерімен жиналыс өткізген кезде қызық қадамға барды.

Бұған дейінгі осындай жиында полицейлердің ұйықтап қалған. Әкім сол ұйықтап қалған полицейдің суретін үлкен экранға шығартты. 


Фото: pavon.kz

"Айтпақшы, фотосуретті қосыңдаршы... ұйықтаған адамның суретін. Үлкен экранда басты сурет болып тұруы керек. Қатты шаршағаны көрініп тұр. Басқалары көрсін, білсін, суретін қосыңдар. Бұл қызметкер осы жерде бар ма?" - деді сол кезде Әшімбаев. Полицей орнынан тұрған соң сөзін жалғастырды: "Майор мырза, жиналыста ұйықтайсыз ба? Басты сурет қылып шығарсақ қарсы емессіз бе? Басқалары да көрсін", - деді әкім. 

Бұл суретті үлкен экранға шығарғаннан кейін әкім полицейге "тағы да қайталанса, келесі жолы басқа жерде ұйықтайтынын" айтқан. Ал полицей сол кезде ауырып жүргенін айтып ақталған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer