ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 ноября 2020 | 18:03

"Жұмыс істемесек те, жалақы төленді". Пандемия сауда үйлерінің жұмысшыларына қалай әсер етті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Tengrinews.kz тілшісі пандемияның әр саладағы қазақстандықтарға әсері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Карантин салдарынан елдегі барлық сауда үйі жабылып, көп адам жұмысынан айырылған. Сондықтан бұл жолы сауда үйінде жұмыс істейтін қызметкермен сөйлестік.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшісі пандемияның әр саладағы қазақстандықтарға әсері туралы материалдар топтамасын жалғастырады. Карантин салдарынан елдегі барлық сауда үйі жабылып, көп адам жұмысынан айырылған. Сондықтан бұл жолы сауда үйінде жұмыс істейтін қызметкермен сөйлестік.

Алматылық Марат Байжарасов 25 жаста. Қаладағы сауда үйлерінің біріндегі киім сататын бутикте менеджер болып жұмыс істейді.

"Мұнда жұмыс істеп жүргеніме бес жылдай уақыт болды. Студент кезімде оқу ақысын төлеу үшін сонда сатушы болып жұмысқа тұрғанмын. Кейін кассир болдым, ал қазір менеджер болып жүрмін. Бұрын уақытша жұмыс ретінде қарайтынмын, бірақ кейін өзіме ұнап, осы салада қалдым", - дейді Марат.

Ол карантин кезінде сауда үйлері жабылған соң немен айналысқанын айтып берді.

"Пандемия жұмысыма тікелей әсерін тигізді. Себебі елімізде коронавирус табылған кезде кезде карантин жарияланып, сауда үйлері жабылды. Сондықтан мен секілді көп қызметкер жұмысынан айырылды. Наурызда қалалар арасында блокбекет қойылмай тұрып Талдықорғанға кетіп қалдым. Сол жақта 2 ай жаттым. Сауда үйінде жұмыс істесең, сенбі-жексенбіде демалыс деген болмайды. Кейде жұмысқа таңғы алтыда барып, кеш қайтамыз. Ал сауда үйлерінің жабылуы маған ұзақ уақыт демалыс болды. Жақындарымның арасында болып, демалып қайттым. Елдегі жағдайға байланыста үйден шықпасақ та, уақытым көңілді өтті", - дейді ол.

Бірақ мұндай ұзақ демалыстар отбасылы адамға қиын екенін де түсінеді.  

"Мұның, әрине, кері әсері де бар. Жұмыс тоқтаған соң, көп отбасы ақша көзінен айырылды. Бұл - ең басты мәселесі. Ал мен бойдақпын, асырап отырған отбасым жоқ болған соң, карантинге демалыс ретінде қарадым. Себебі бұлай ұзақ демалатын мүмкіндік жыл сайын бола бермейді. Әрине, бұл пандемия жақсы болды дегім келіп тұрған жоқ, тек осындай қиын жағдайда позитив ойлаған жөн деп санаймын", - дейді Марат.

Марат Байжарасовтың айтуынша, сауда үйлері жабылғанымен, ол жалақысын тұрақты алып отырған.

"Карантин кезінде 42 500 теңге алған жоқпын. Сауда үйлері жабылып, жұмыссыз қалғандықтан, Талдықорғанда уақытша жұмыс істемек болдым. Бірақ кейін жұмыс орным жалақымызды толық төлеп отыратынын хабарлады. Бір қарағанда, бұл көп адамның арманы шығар. Жұмыс істемей, үйде жатқанымыз үшін де жалақы алдық. Сондықтан, бос уақытымды туыстарыма, достарыма, өзіме арнадым. Кейін сауда үйлері ашылған кезде де, демалыс күндері жабық болғанымызға қарамастан жалақымыз қысқарған жоқ", - дейді ол.

Марат пандемия кезінде жұмыс режимі қалай өзгергенін айтты.  

"Қазір сауда үйлерінен киім сатып алып алатындар аз. Сондықтан, жұмысшылар да аз. Бірақ ешкімді жұмыстан қысқартқан жоқ, тек кезекшілікке бөліп тастады. Мысалы, біреуі 10:00-ден 16:00-ге дейін істейді, кейін оның орнына басқа жұмысшы келіп, 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл пандемия аяқталғанша жалғасады. Себебі жұмыс кезінде біреуден коронавирус табылса, кезекшіліктегі барлық адам карантинге жіберіледі", - деді Марат Байжарасов.

Қазір қазақстандықтар арасында жазда ауырып, иіс пен дәм жоғалтқандар көп. Бірақ Марат басқалар секілді олай ауырмағанын айтады. Мұны жұмыста да, басқа жерде де сақтық шарасын ұстанып жүргенімен байланыстырады.

Сонымен қатар, ол карантин кезінде өмірінде қуанышты жаңалық болғанын айтады.

"2020 жылды көп адам ауыр жыл деп айтып жатады. Бірақ мен кейін бұл жылды күлімдеп еске алатын шығармын. Себебі жазда, карантин кезінде отау құрдым. Бірақ елдегі осындай жағдайда той жасауды жөн көрмедім. Тек мешітке барып, АХАТ-ға барып, некемізді қидық. Мұндай жағдайда өз қуанышым үшін басқалардың денсаулығын қауіпке тігуді дұрыс емес деп ойлаймын", - деді Марат.

Оқи отырыңыз:

"Карантинде күйзеліске тап болдым". Пандемия журналистерге қалай әсер етті?

"Интернеті жоқ оқушылар бар". Пандемия мұғалімдерге қалай әсер етті?

"Аядай бөлмеде тығылып отыру қиын". Пандемия дәстүрлі әншілерге қалай әсер етті?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer