Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Біз білмейтін таланттылар?" тақырыбы қозғалды. Қара күш иесі, грелка үрлеуден әлемдік рекорд орнатқан Сергей Цирульников бүгінгі эфирдің кезекті қонағы болды.
Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Біз білмейтін таланттылар?" тақырыбы қозғалды. Қара күш иесі, грелка үрлеуден әлемдік рекорд орнатқан Сергей Цирульников бүгінгі эфирдің кезекті қонағы болды.
Сергей Цирульников бір өзі 180 тонналық вагонды 20 метрге дейін тартып рекорд орнатқан екен.
Сондай-ақ, ол эфирде қара күшімен үлкен-үлкен шегені майыстырып, әр түрлі формаға өзгертіп, эксперименттер жасап көрді.
Сергейдің сөзіне сенсек ,бұл басында қызығушылық болса, қазір тұрақты айналысатын ісіне айналған екен.
Әзіл-қалжыңға епті Сергей эфир барысында "қазақтың алып денелі Қажымұқан секілді алыптарының ізін жалғаушымын" деп те айтып қалды. Сөзіне дәлел ретінде эфир қонағы ақ жаулықты әжемізге Қажымұқан секілді өзі шегемен жасаған көрнекілігін сыйға берді.
Одан бөлек ұсталық пен суретшілік дарыны арқасында шегемен сурет салумен әуестенетін Ынтымақ есімді жігіт қонақта болды.
Сондай-ақ, бағдарламаға ағылшын және орыс тілдерін білетін 5 жастағы Бейбарыс Жасұланұлы келді.
Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.
Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-декөрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.