15 мая 2019 | 12:39

Қандай жұптар отбасы бола алмайды - Психолог әрбір жанұя өткеретін сынақ жайлы

© pixabay.com

Бүгін, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке 1993 жылдан бері Біріккен Үлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бастамасымен атап өтіліп келеді. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі маманмен отбасылық өмірдің маңызды кезеңдері және бүгінгі отбасылардың құндылықтары жайлы әңгімелесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Бұл мереке 1993 жылдан бері Біріккен Үлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының бастамасымен атап өтіліп келеді. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі маманмен отбасылық өмірдің маңызды кезеңдері және бүгінгі отбасылардың құндылықтары жайлы әңгімелесті.

Психолог Жанат Смирнова әрбір отбасының алғашқы үш және жеті жылда үлкен сынақтан өтетінін айтады. Оның айтуынша, отбасылық өмірдің алғашқы жылы бейімделу кезеңі болып саналады. Бұл кезде ең бастысы - отбасылық жұптың жаңа өмірге, жаңа тұрмысқа үйреніп, шыдамдылық танытуы. 

Реклама
Реклама

Жаңа өмірге қадам басу

"Отбасылық өмірдің маңызды кезеңдері көп. Ол отбасы құрылған күннен бастап ерлі-зайыпты қартайған кезге дейін барады. Бастапқы кезеңі, ол, әрине, отбасын құрып, жаңа өмірге қадам басу. Бірінші жылды бейімделу кезеңі деп айтады. Ол кезде ерлі-зайыптының әрқайсы жаңа өмірге, отбасындағы жаңа адамдарға, сондай-ақ, ортақ бюджетке бейімделеді. Бұл расында оңай кезең емес. Ол стресс болады. Жаңадан үйленген жұп тек бір жылдан кейін бір-біріне үйренеді деуге болады. Дәл осы бір жылда отбасында түрлі жағдайлар болады - бір-бірін түсінбей, артын ойламастан ажырасып кетіп жатады", - дейді Смирнова.

Отбасында жаңа адамның пайда болуы

Осыдан кейін, психологтың айтуынша, отбасында мүлде жаңа кезең басталады екен. Ол - баланың дүниеге келуі, отбасында жаңа адамның пайда болуы. 

"Олар енді ғана бір-біріне үйреніп, отбасының жаңа мүшелеріне үйреніп болады да осы сәтте бала дүниеге келеді. Ерлі-зайыптың әрқайсы балаға дайын болмаса, дәл қазір оларға баланың қажет немесе қажет емес екенін түсінбейтін болса - бұл үлкен проблема. Ол отбасының әр мүшесіне стресс болады. Сондықтан бірінші кезекте баланы саналы түрде жоспарлау керек, оған психологиялық тұрғыда дайын болуы керек. Бұл өте маңызды. Бірақ көп жағдайда бүгінде отбасылар қанша бала сүйгісі келсе де, оны ұзақ күтсе де ол кішкене болса да ерлі-зайыптыға стресс әкеледі. Әсіресе, жас отбасыларға", - дейді Жанат Смирнова.

Балаларының есеюі

Кез келген отбасы үшін үшінші тағы бір маңызды кезең ол балаларының есеюі дейді психолог.

"Ерлі-зайыпты балалары есейген кезде өздеріне көбірек уақыт бөле бастайды. Біреулер барлық уақытын жұмысқа арнаса, тағы бірі үй шаруасына арнайды. Осы кезеңде жұп баласының әрбір қадамына ерекше көңіл бөледі. Мысалы, бала бірінші сыныпқа барды делік. Ол бала үшін ғана емес, үкіл отбасы үшін үлкен қадам. Әсіресе, қазіргі отбасылар баласының жетістігіне, әр қадамына, жетістігіне зор мән береді. Бірақ кей отбасылар балаларының есейгенін ауыр қабылдайды. Өздерін жалғыз сезініп, ерлі-зайыпты бір-бірі жоғалтып алатын сәттер болады. Дәл осы кезеңде жұптың қарым-қатынасы шиеленісіп, себепсіз жанжалдар шығады. Мұнда ең маңыздысы - ерлі-зайыптының әрқайсының бір-бірін тыңдап, қолдау көрсетуі", - дейді маман. 

Ортақ мақсаттың болмауы - басты проблема

Психологтың айтуынша, отбасылық жұпта ортақ мақсаттар болмаса, ол да үлкен проблема. "Ортақ арман-мақсаты жоқ ерлі-зайыпты отбасыны сақтап қала алмайды. Олардың дүниетанымы, көзқарасы, мақсаттары ұқсас болмаса, ол өте қауіпті. Сондықтан отбасылық өмірге қадам жасамай тұрып, ортақ жоспарлар құра білу керек. Отбасының ортақ мақсат, мүддесі болуы тиіс. Олар сәйкес болмаса, олар отбасы бола алмайды. Осы кезеңді мен ең қауіпті деп атар едім", - дейді Жанат Смирнова.

Оның айтуынша, ерлі-зайыпты осы кезеңде байсалды болып, сабырлық танытса, проблеманы шешуге болады.

"Осы сәттерде ерлі-зайыпты проблеманың нақты неде екенін түсіну керек, яғни ортақ мақсат пен мүдденің болмауы екенін түсінсе болғаны. Бірақ оларға осы кезде бір-бірін жек көретін болып көрінеді. Мұнда ерлі-зайыпты проблеманы қабылдамай, оны өз сезімдерімен шатастырып жатады. Отбасындағы проблеманың бір-біріне деген махаббатына қатысы жоқ екенін ажырата білу қажет", - дейді психолог.


© pixabay.com

Осы ретте Смирнова өз тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі отбасылардың құндылықтары өзгешеленетінін айтады. Дегенмен, психологтың айтуынша, ерлі-зайыптының көбі бірінші кезекке балаларын қояды. 

"Әр отбасының өз құндылығы бар. Біреулер құндылық деп материалдық жағдайды атаса, тағы біреулері балалары мен олардың денсаулығын басты құндылық деп санайды. Дегенмен отбасын құруға қадам жасаған әрбір адам үшін отбасының өзі құндылық болып саналады. Сондықтан да олар сол құндылықты бағалайды. Ол үшін міндетті түрде әрқайсы үлес қосуы тиіс", - деп кеңес берді Смирнова.

Оқи отырыңыз:

Психолог үйленген жұптың ең маңызды кезеңін айтты

Мамандар елімізде ажырасу жағдайларын азайтудың жолын айтты

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная