Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 мая 2019 17:17

Психолог үйленген жұптың ең маңызды кезеңін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Happy End. Талай кедергіден өтіп, қол ұстасқан жас жұп отбасы құрған кезде осымен бәрі тәмам деседі. Алайда отбасылық өмірдің де өз майданы барын ұмытпауды психолог мамандар жиі айтады. Қазақстанда отбасын құрғандар 5 жыл өтпей ажырасу туралы шешім жасайды екен. Осы сәтте жас жұп неге жанжалдасады, кім кінәлі, тығырықтан шығу жолы қандай деген сұрақтар туындайды. Әсіресе "махаббат кетіп, құрмет қалатын сәт" екі жасқа да ауыр соққы болады. 


Happy End. Талай кедергіден өтіп, қол ұстасқан жас жұп отбасы құрған кезде осымен бәрі тәмам деседі. Алайда отбасылық өмірдің де өз майданы барын ұмытпауды психолог мамандар жиі айтады. Қазақстанда отбасын құрғандар 5 жыл өтпей ажырасу туралы шешім жасайды екен. Осы сәтте жас жұп неге жанжалдасады, кім кінәлі, тығырықтан шығу жолы қандай деген сұрақтар туындайды. Әсіресе "махаббат кетіп, құрмет қалатын сәт" екі жасқа да ауыр соққы болады. 

Бақытжан Ақанова

Отбасы психологы

Еуропалық Транзакт Анализі Ассоциациясы мүшесі
Қазақстан Психологтары Ассоциациясының мүшесі

   

Ғашықтық 2-4 жыл өмір сүреді

Отбасы психологы Бақытжан Ақанова бұл сөздің тегін емес екенін айтады. Махаббаттан құрметке өтетін сәтте жұпқа психологиялық көмек қажет болады екен.

"Махаббатпен өмір сүру немесе тек құрметпен өмір сүру туралы айтпас бұрын, махаббат деген не, құрмет деген не деген сұрақтарға жауап беріп алуымыз керек. Махаббат - сезіммен байланысты, ал сезім эмоциямен байланысты. Эмоция өз кезегінде тұрақсыз болып келеді. Сезім белсенді биологиялық заттар арқылы шығады. Сезімге, махаббатқа жауап беретін дофамин ағзада гормондар деңгейінде 2-4 жыл тұрақты өндіріліп отырады. Ең көбі 4 жыл. Себебі бұл биохимиялық сипат. Ал тұлғаның дамуы теориясы жайлы психологиялық тұрғыдан қарастырар болсақ, баланың өсіп-жетілу процесін мысалға алуымыз керек", - дейді ол.

Бұл мысалын түсіндіре келе маман баланың өз анасымен 4 жасқа дейін тығыз қатынаста болатынын айтады. 

"Балаға 4 жасқа дейін анасынан басқа ешкімнің керегі жоқ. 4 жасқа дейінгі балалар әдетте анасынан басқа тек ойыншықтарға, жарқын түсті заттарға, дыбыстарға ғана елеңдейді. Бұл жаста балалар бір-бірімен ойнауды білмейді. Мәселен екі баланы құмға ойнатып қойсаңыз, екеуі екі жаққа қарап отырады. Ал осы жастан асқаннан кейін бала анасынан табиғи түрде алыстай бастайды. Сол сәттен бастап балаға қоршаған ортасы қызық көрінеді, басқа балаларды көре бастайды. Рөл ойындары оның дамуына фактор болады. Медбике, дәрігер, өртсөндіруші болып ойнай бастаған сәттен ол қоғамға алғашқы қадамын жасайды. Ал енді осы мысалмен ересектер арасындағы қарым-қатынасты түсіндірер болсақ, жұптың бір сыңарына өз жұбымен емес, қоршаған ортамен, достарымен, әріптестерімен сөйлесу қызық бола бастайды. Сондықтан да ажырасатындардың көбінде осы төрт жылдық кезең себеп болады", - дейді отбасы психологы. 

Махаббаты жоқ тату отбасылар да бар

Алайда оның пікірінше, бұдан еш қорқудың қажеті жоқ, яғни махаббаты мен ғашықтығы әлсіреп, құрметі қалса, бұл отбасы тату өмір сүруге аяқ баса алады. 

"Махаббат туралы білетініміз осы, оның сезім мен эмоция арқылы көрініс табатынын байқаймыз. Ал бұл ұғымдар тұрақты емес. Ал құрмет ұғымына тоқталайық. Құрмет отбасыда бір ғана жағдайда басты болмайды, ол - махаббат. Яғни махаббаты бар үйде құрмет екінші орында. Ал егер әлгі бала мысалындағы жағдайды еске түсіріп, ары кеткенде махаббаттың төрт жылға дейін ғана жалғасатынын аңғарсақ, онда кез келген жұп "махаббаттан құрметке" процесінен өтеді", - дейді Ақанова.

Маманның айтуынша, өзіне көп жағдайда осы мәселемен әйелдер келеді екен. Олар күйеуіне құрметі жоқ екенін айтады.

"Ажырасуға осы себеп. Әйелдер келіп, күйеуіне құрметсіздігі жайлы айтқанда олардың әлсіз, диванда жатып алатынын, отбасын асырай алмайтынын, сондықтан олар күйеуіне құрметінің жоғалғанын айтып келеді. Отбасындағы ең күрделі проблемалардың бірі - ерлі-зайыптының өзара құрметінің жоқтығы. Махаббаттың шегі жоқ. Ал құрмет - өзгенің территориясын құрметтеу, абыройына нұқсал келтірмеу, құқықтарын, қызығушылықтарын құрметтеу. Бір-бірінің таңдауын сыйлау - құрмет. Бұл қасиет отбасында бар болса, оның берік қамал екеніне сенуге болады. Ері немесе әйелі жұмыстан келгенде оны күтіп алса - бұл құрмет. Отбасы бірігіп дастарханға отырса - бұл құрмет", - дейді психолог. 

Бұл құрмет махаббат кеткеннен кейін оның орнын алмастырмаса, қарым-қатынас үзіледі екен.

"Дәл осы сәтте қандай құрметтің келетінін білу маңызды. Менің ойымша, махаббат кетіп, оның орнына құрмет келсе, бұл құрмет шартты болады. Яғни ерлі-зайыптылар бір-бірін белгілі бір себеппен құрметтейді. Ал сол құрметке лайық болу үшін екі тарап та еңбектенуі керек", - деп ескертті ол.

Проблеманың түп төркіні  - ата-анада

Маман осы тұста отбасының берік болуына әйелі мен ерінің өз жанұяларындағы жағдай алғышарт болады деп есептейді.

"Маған көмек сұрап келетін жастар қазіргі актуал проблемасын айтады. Бірақ мен көп жағдайда олардың өз отбасындағы жағдайды, ата-аналарының қарым-қатынасын, балалық шағындағы кезеңдерді сұрастырамын. Егер жұптың ата-анасы бір-бірін құрметтей алса және онысын баласына үлгі ете алған болса - баласы да өз кезінде "махаббаттан құрметке" процесінен сәтті өтеді. Әдетте әкесі немесе шешесі құрметсіздік танытқан отбасынан шыққан әйелі немесе күйеуі отбасы құндылықтарын оңай бұза салады. Өз күйеуін жамандап келетін, бірақ өз отбасында құрмет болмаған әйел мәселені өзінен іздемейді. Қате де осында", - дейді ол.

Сондай-ақ, психолог бақытты отбасының құндылығы деп "жеке территорияны" атады. 

"Бір-бірінің телефондарын тексеріп, әлеуметтік желілердегі парақшаларын, мессенджерлерін тексеріп отыратын жұптар бар. Осыны себеп қылып жанжал шығарады. Бұл - жұптың арасында құрмет жоқ, бір-бірінің жеке территориясын сыйламайды деген сөз. Отбасы боламын деушілер ішкі және сыртқы шекараны ойлағаны абзал. Шекара бұзылмаса, отбасында құрмет болады", - дейді маман.


Суреттер pixabay.com сайтынан

Маман бұл процесті бастан өткеруде проблемаларға тап болып, психологтың көмегіне жүгінген жұп жайлы айтып берді. 

"Бұл жанұяда күйеуі ғашық болып үйленген. Жалпы махаббат жайлы "біреу сүйеді, біреу сүюге мүмкіндік береді" деген сөз бар. Екеуінің үйленгеніне жеті жылдан асқан. Күйеуі әлі күнге дейін жұбайын жақсы көріп, сезімі бұрынғыдай да, бірақ әйелі салқынқанды, яғни құрметке өту процесі жүріп қойды. Содан күйеуі "жақсы көрмейтін" әйелімен ажырасуға бел буған. Бұл, әрине, екеуінің өздері шыққан отбасыларындағы алған тәрбиесіне байланысты. Оларға осы жайттарды түсіндіре келе, психотерапиялар өткіземін. Махаббаттың мәңгілік емес екенін, биохимиялық процесс екенін түсіндіремін. Мұндай жағдайды бастан өткергендерге психологтың көмегі өте қажет, себебі бұл олардың отбасының болашағына тікелей байланысты", - деп кеңесін берді Отбасы психологы Бақытжан Ақанова.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети