Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 сентября 2018 15:13

Мамандар елімізде ажырасу жағдайларын азайтудың жолын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қазақстанда әр 10 жас отбасының жетеуі отбасылық өмірдің алғашқы бес жылында ажырасады. Мұндай деректі "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан ажырасатындардың саны жағынан ТМД елдері арасында алдағы орында. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында маман бұл проблеманы шешу үшін әлеуметтік қызмет құруды ұсынды.


Қазақстанда әр 10 жас отбасының жетеуі отбасылық өмірдің алғашқы бес жылында ажырасады. Мұндай деректі "Ұлағатты жанұя" қоғамдық қорының президенті Марианна Гурина ұсынды. Оның айтуынша, Қазақстан ажырасатындардың саны жағынан ТМД елдері арасында алдағы орында. Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында маман бұл проблеманы шешу үшін әлеуметтік қызмет құруды ұсынды.

Гуринаның айтуынша, қазір Қазақстанда ажырасамын дегендерге мемлекет тарапынан ешбір кедергі немесе көмек көрсетілмейді. Егер жұптың баласы немесе мүлкі болмаса және олар бір-біріне талап қоймаса сотқа бармастан АХАЖ-да ажырасады. Егер балалары немесе ортақ мүлкі болып, оны бөлісу мәселесі туындаса олардың ісі 3 ай бойы сотта қаралады.

"Ажырасуға өтініш бергендерді сол 3 айдың ішінде психологтың толық курсынан өтуге міндеттеу керек. Олардың ісі сотта қаралғанда сот олардан екеуінің бірге психологтың толық 3 айлық курсынан өткенін растайтын құжатты талап етсе және бұл талап заңды түрде бекітілсе, еліміздегі бұл әлеуметтік мәселе айтарлықтай шешімін табар еді. Себебі отбасында "тамақ дұрыс істей алмайсың" немесе "қонақ күте алмайсың" деген сияқты ұсақ-түйек үшін ренжісіп, ажырасатындар бар. Оларға сол сәтте психологиялық көмек керек және оны мемлекет қаржыландыруы тиіс. Себебі ажырасқалы отырған отбасының көбінде оған қаржы табылады деп ойламаймын", - дейді Гурина.

Алматы облысының тумасы үш баласы бар Жазира Әлішова күйеуімен ажырасу алдында жүр. Маманның бұл ұсынысын ол қолдап отыр. Бұл қызмет түрі тегін болса қуана-қуана келісемін дейді. 

"Жолдасым ішімдікке салынып, құмар ойындарын ойнайды. Бірге тұрмағанымызға бірнеше ай болды. Оны өзгерту қолымнан келмеді, ал психологтардың қызметі қымбат. Ажырасамыз деп шештік, бірақ 3 баланы жалғыз бағу өте қиын, әкесіз өсіргім де келмейді. Егер психологтар тегін көмектессе барар едім", - дейді ол.

Заңгер Мырзабек Бекбердінің айтуынша, бұл өте жақсы ұсыныс және ол заңды түрде бекітілсе ешбір құқыққа қарама-қайшы келмейді.

"151-бапта ер азамат пен әйел ажырасу туралы талап арыз түсіргенде қойылатын тәртіп бар. Ол жерде қажетті құжаттардың тізімі көрсетілген. Сол тізімге ер адам мен әйелдің психологтың курсынан өткенін растайтын құжатты заңды түрде енгізу керек. Егер заңды түрде өзгеріс енгізілсе оның конституциялық та, азаматтық та құқыққа кері әсері жоқ. Себебі ол адамның тағдыры. Ешқандай мемлекет отбасын ажырастырғысы келмейді, Ата заңы да оған қарсы болмайды. Отбасы түрлі келеңсіздіктен ажырасуы мүмкін, сондықтан бұл ұсыныс өте орынды", - деді заңгер.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети