РЕЙТИНГ АКИМОВ ГОРОДОВ

Қарағандылық отбасы 7 жыл бойы тиын жинаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қарағандылық отбасы 7 жыл бойы тиын жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері жазды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық отбасы 7 жыл бойы тиын жинаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері жазды.

Үйдің отағасы балаларының депозитіне 700 мың теңге қаражат салып, банк қызметкерлерін таңғалдырған. Олардың назарын аударған жиналған ақша мөлшері емес, оның номиналы еді. Өйткені, банк клиенті 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып, алып келген екен.

Аты-жөнін жасырын қалдыруды қалаған отбасы қаражат жинауды осыдан 7 жыл бұрын бастағанын айтыпты. Ол жинақ сандықшаны сатып алып, оны толтырғаннан кейін, жұбайының туған күніне сыйлық ретінде сыйлаған. Соңғы екі жылда жұбайы сыйға алған қаражатты жұмсамай, оны керісінше ұлдары Арнат пен Тілектің депозитіне салып отыр екен. 

Монеталарды банкке апармас бұрын, отбасы мүшелері 4 сағат бойы жинаған тиындарын санаған. 

Еске салайық, ұқсас жағдай 2017 жылы Алматыда болған. Оқушы қыз iPhone сатып алу үшін ұсақ монеталармен 240 мың теңге жинаған. Ал одан бір жыл бұрын алматылық тұрғын жаңа смартфон сатып алар кезде ақысын жеті мүшек тиынмен төлеген. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 518.2  course up  538.43  course up  5.27  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro