ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 марта 2019 | 12:48

Қазақ келіні қайын жұртының есімін неге атамаған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дудин С. М. Қазақ әйелі мен балалары. 1899 жыл Дудин С. М. Қазақ әйелі мен балалары. 1899 жыл

Қазақта жаңа түскен келін ешқашан қайын жұртының есімін атамаған. Ауыл үлкендерінен бөлек, еңбектеп жүрген балаларға дейін ат қоятын. Мұны қазақта "ат тергеу" деп атайды. "Қыран" федерациясының атқарушы директоры, журналист-этнограф Бағдат Мүптекеқызы Tengrinews.kz тілшісіне осы дәстүр туралы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақта жаңа түскен келін ешқашан қайын жұртының есімін атамаған. Ауыл үлкендерінен бөлек, еңбектеп жүрген балаларға дейін ат қоятын. Мұны қазақта "ат тергеу" деп атайды. "Қыран" федерациясының атқарушы директоры, журналист-этнограф Бағдат Мүптекеқызы Tengrinews.kz тілшісіне осы дәстүр туралы айтып берді.

"Ат тергеу" жаңа түскен келіннің байқампаздығын анық көрсетіп береді. Келін күйеуінің әпке-қарындастары мен аға-інілерін бойындағы ерекшелікті байқап, соған байланысты ат тергейтін. Мысалы, жайбасар інісін әзілдеп "жүйрігім", көп сөйлейтін балдызын "жуасым" деп атаған. Ал қарындастарын "кекілдім", "шырайлым" немесе  "сырғалым" деген екен.

Бағдат Мүптекеқызы

журналист-этнограф

                    

"Өкінішке қарай, "ат тергеу" дәстүрінің нақты қалай және қайдан шыққаны туралы тарихи дерек жоқ. Қазақ - қазақ болғалы осы дәстүрді қолданып келеді. Себебі үлкен кісінің атын атау қазақта әу баста әдепсіз саналған. Сол үшін жаңа түскен келін ауыл үлкендерінің, сыйлы азаматтарының атын атамаған. Оған қоса, өзі келін болып түспес бұрын дүниеге келген кішкентай балаларға да ат тергеген. Оларға "еркежан", "кішкенем", "тентегім" деп ат қойған. Ат тергеу қазақ мәдениетінен туған дәстүр деуге болады", - дейді Бағдат Мүптекеқызы.

Этнографтың айтуынша, ол да жаңа келін болып түскен кезінде қайын жұртына ат тергеген.

"Мен Кеңес кезінде түскен келінмін. Сондықтан мен де өз қайын жұртыма ат қойдым. Үлкендерге "жақсы ата", "жақсы апа" деп бардым. Менің анам жасы келген кісі болса да, қайтыс болып кеткен ата-аәжелерінің есімдерін әлі атамайды. Айсәуле дейтін әжеміздің "айын" атамай, тек Сәуле дейді. Жантай деген үлкен атамыз болған, оны "Қисайған кісінің ауылы" деп отыратын. "Жантайып жатты, қисайып жатты" дегенге келтірген ғой. Ұзақбай деген атамызды "Көкмойын қарға" дейтін", - деп есіне алды Мүптекеқызы.

Ат тергеу дәстүрі қазақтың өткен ғасырдағы көркем әдебиетінде жиі кездеседі. Мәселен, Қабдеш Жұмаділовтің "Соңғы көш" романындағы басты кейіпкер Естай жастайынан білімге құмар болып, қалада оқыған. Сондықтан, жеңгесі оған "Молда жігіт" деп ат тергеген.


Де-Лазари Константин Николаевич. Қазақ қызы үйлену тойы көйлегі мен сәукеле киген. 1898 жыл.

Бұл дәстүрге қатысты ел аузында аңыз-әңгімелер де жетіп-артылады. Мысалы, Түсіп деген кісінің келіндері "түсу" деген етістікті мүлде қолданбайды екен. Бірде жаңа түскен келін үйге кіріп, "Атам аттан салақтап жатыр" деп енесін шошытып жіберіпті. Сөйтсе, ауыл келіндері "түсіп" дегеннің орнына "сусып, салақтап" деп айтады екен.

Бағдат Мүптекеқызының сөзінше, бұл дәстүр қазір еліміздің оңтүстік өңірлерінде кеңірек қолданылады. Сондай-ақ, Қытай қазақтары да бұл дәстүрді әлі күнге дейін ұстанып жүр екен.

"Әйел адамға күйеуінің туыстарын атымен атауға тыйым салынады" деу - қате пікір. Жоқ, бұл тыйым салу емес. Бұл - қарапайым мәдениет. Олардың есімдерін атау бұрыннан әбестік саналады. Сондықтан, келін тұрмыс құрғанда соған көндігіп барады. Негізі түсінген адамға оның пайдасы мол. Егер қазіргі заманда қазақтың салт-дәстүрін қалыптастырғымыз келсе, "ат тергеу" ұрпағымыз үшін өте пайдалы болмақ", - дейді этнограф.

Автор: Есет Төлеш

Материалға иллюстрация: Ресейдің Ұлы Петр атындағы
антропология және этнография музейі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 496.01   523.53   4.96 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети