14 ноября 2021 17:59

Қазақстанда баспана бойынша қандай бағдарламалар бар? #BizbenPodcast

Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы Dauletten атымен танылған блогер Дәулет Мұқаев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы Dauletten атымен танылған блогер Дәулет Мұқаев болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол Қазақстанда баспанаға қатысты қандай бағдарлама қолжетімді екенін, қалай ақша жинау керегін айтып, үй аламын деп жүргендерге кеңесін берді.

"Қазір бізде 7-20-25 бағдарламасы бар. Үйдің кезегінде тұрған азаматтарға "Шаңырақ" бағдарламасы, "Нұрлы жер" бағдарламасы жұмыс істейді. Бірақ үйдің кезегінде кез келген адам тұра бермейді. Өзінің дәрежелері бар. Бірақ үй кезегінде тұрғандарға 10 пайыз бастапқы жарна қарастырылған. 

Ал кезекте тұрмасаңыз, жас отбасы болсаңыз, ешқандай мемлекеттік қызметте жұмыс істемесеңіз, онда "Отбасы банкте" тек пәтер құнының 50 пайызын жинау керек. Ал 7-20-25 пен "Цифрлы ипотека" бағдарламасында 20 пайызын жинау қажет", - деді блогер. 

Реклама
Реклама

Еске салсақ, бұған дейін жобаға журналист Жұлдыз Әбділда, стендапер Нұрмахан Мұқанұлы, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен, әзілкеш Еркебұлан Мырзабек пен Дулыға Ақмолда, файтерлер Арман Әшімов пен Ақтөре Батырбек қонаққа келген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram