ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
15 февраля 2021 | 13:56

Қазақстандық шенеуніктер жас кезінде қандай болған?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Таяуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланған. Фото 1979 жылы Подмосковьедегі сенбілік кезінде түсірілген. Ол кезде Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі суреті жарияланған. Фото 1979 жылы Подмосковьедегі сенбілік кезінде түсірілген. Ол кезде Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Бұрын қазақстандық шенеуніктер қандай болған? Tengrinews.kz тілшісі шенеуніктердің жас кезіндегі суреттерін жинады.

Бердібек Сапарбаев


© aktobetimes.kz

Таяуда 68-ге толған Бердібек Сапарбаев қазір Жамбыл облысын басқарады. Еңбек жолын 16 жасында совхоз жұмысшысы болып бастаған. Кейін әскерге аттанған. 

Осыдан бірнеше жыл бұрын "Ақтөбе-Таймс" газеті Сапарбаевтың әскердегі суретін жариялаған болатын. Бұл фотоны басылымға Сапарбаевпен бірге борышын өтеген адам берген. Суретте 1971 жылдың 22 тамызы деп тұр. Яғни, ол кезде Сапарбаев 18 жаста болған. 

Бердібек Сапарбаев еңбек жолында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында әкім болған.   

Нұрлан Ермекбаев 


Фото: yvision.kz 

58 жастағы Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі қызметін үш жылға жуық атқарып келеді. Оған дейін екі жыл Дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі арнайы министрлікті басқарған. 

Еңбек жолында вице-министр, елшілік басшысы секілді қызметтері бар. 

Желіде Ермекбаевтың әскердегі суретті бар. Ол 1986-1991 жылдар арасында КСРО Қарулы күштерінің бас штабында түрлі қызметте болған.  

Оңдасын Оразалин

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысын басқарып отырғанына екі жылға таяды. Еңбек жолын Ақтөбедегі институт оқытушысы болып бастаған. Кейін түрлі компанияда қызмет еткен. 

2000 жылы Ақтөбе облысындағы Мұғалжан ауданының әкімі қызметіне тағайындалған. 2006 жылы Президент Әкімшілігіне ауысып, 2019 жылға дейін сонда түрлі қызмет атқарған. 

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz өтінімі бойынша Оразалиннің жас кездегі суретін жіберді. 

Қанат Бозымбаев

Еңбек жолын экономист ретінде бастаған Қанат Бозымбаевтың да саяси жолында түрлі қызмет болған. 1997 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 

2009 жылы Жамбыл облысы, 2013 жылы Павлодар облысының әкімі қызметін атқарған.  

2016 жылы энергетика министрі болып тағайындалған. Ал 2019 жылдан бері Президент көмекшісі. 

Қырымбек Көшербаев


Қырымбек Көшербаев. ©Википедия

Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған. Еңбек жолын 1978 жылы инженер болып бастаған. Мемлекеттік қызметтегі жолы Кеңес Одағы кезінен басталады. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін 23 жастағы ол вице-премьер-министр көмекшісі болып жұмыс істеген. Ал 1997 жылы сол кездегі Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігін басқарған. 

Кейінгі жылдары Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған, артынша Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының әкімі болған. Ал қазір Қазақстанның бас хатшысы қызметінде. 

Ғани Қасымов

Ғани Қасымов 1950 жылы Атырауда дүниеге келген. 1974 жылы жоғары оқу бітірген соң, ҚазКСР Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейді. Содан бері түрлі мемлекеттік қызмет атқарып келеді. 

Ғани Қасымов екі рет президент сайлауына түскен. 1999 жылы сайдауда төрт кандидат ішінде үшінші орын алса, 2011 жылы 1,94 пайыз дауыспен екінші орын иеленген. 

1999 жылы Мәжіліс депутаты атанған, ал ал 2007 жылы Сенат депутаты болған. 

Нұрлан Әлімжанов


instagram.com/nurlan_alimzhanov_official

Нұрлан Әлімжанов халыққа саясаткер емес, актер ретінде танылған. Ол 1984 жылы Ақмола облысы Бурабай ауылында дүниеге келген. Халыққа "Ағайындылар", "Балалық шағымның аспаны", "Елбасы жолы" фильмдерімен таныс. 

Саясаткер ретіндегі өтілі екі жылға толмайды. 2019 жылы тамызда Мәжіліс депутаты болып тағайындалған.  

Аружан Саин


pandaland.kz

Аружан Саин 1976 жылы Қызылордада туған. Әлімжанов секілді Саин да халыққа мемлекеттік қызметке дейін танылған. 1993 жылы "Хабар" телеарнасындағы "Разминка" бағдарламасын жүргізген.

Ұзақ жылдар бойы түрлі бағдарламаның тележүргізушісі болған. 2006 жылы "Милосердие" қорын құрып, балаларға көмек көрсету іс-шараларын ұйымдастырған. 

Ал 2019 жылы Аружан Саин Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалған. 

Ғабидолла Әбдірахымов


Ғабидолла Әбдірахымов анасымен. Фото: ratel.kz

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы Шымкентте дүниеге келген. Еңбек жолын университеттердің бірінде ассистент болып бастаған. Мемлекеттік қызметте жүргеніне 20 жылдан асқан. 

2008 жылы премьер-министр кеңсесін басқарған. 2015-2017, 2018-2019 жылдар арасында Шымкент әкімі болған. Кейін премьер-министр кеңесшісі қызметін атқарған. Ал биыл қаңтарда мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer