ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 августа 2019 | 09:21

Қазақстандық шенеуніктердің атышулы отставкалары

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Жасұзақовты қызметінен босатқан еді. Оның отставкаға кетуіне Арыстағы жарылыс басты себеп болды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Жасұзақовты қызметінен босатқан еді. Оның отставкаға кетуіне Арыстағы жарылыс басты себеп болды. 

Tengri TV журналистері соңғы уақытта жұрттың қызу талқысына түскен шенеуніктердің атышулы отставкаларына тоқталуды жөн көрді. 

Сәкен Жасұзақов


Сәкен Жасұзақов. © Тұрар Қазанғапов

Күні кеше Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігін басқарған Сәкен Жасұзақовты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарған. Себебі Президент оның жұмысына "өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамады" деген баға берген. 

Жасұзақов қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысында, объектілерді көшіру мен орналастыру бағдарламасын іске асыру кезінде елеулі кемшіліктер жібергені үшін отставкаға кетті. 

Ақорда сайтында шенеуніктің "Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін" жазаланғанын жазған. 

Сонымен қатар, Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларына Арыстағы жарылыс бойынша қатаң сөгіс жариялады. 

Айта кетейік, экс-министр былтырдан бері Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы болып қызмет атқарған еді. 

Ғабидолла Әбдірахымов


Ғабидолла Әбдірахымов. © Тұрар Қазанғапов

Өткен айдың соңында Ғабидолла Әбдірахымов еңбек демалысы кезінде Лондоннан видео түсіріп, қазақстандықтарға үндеу жолдаған болатын. Шымкенттің экс-әкімі сол видеода Қазақстанда жұмыс істеп, әлемге саяхат жасау керек екенін айтқан еді. Әбдірахымовтың бұл мәлімдемесі Желіде көп талқыланды.

Себебі дәл осы видео ма, әлде басқа ма, ақыры көп өтпей зың-әкім Шымкент басшысы қызметінен кеткен болатын. Сол уақытта Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Әбдірахымовтың сенімнен шықпағанын айтқан еді.

"Бұл көп адам мемлекеттен көмек сұрап, Арыс қаласын қалпына келтіріп, Түркістан жанданып, еліміз жаңа сынақтардың жауаптарын іздеп жатқан уақыт. Бұл мемлекет басшысының нұсқауларына қарсы, жалпы үкіметтің беделіне дақ түсіреді. Бүгінде Әбдірахымовқа көрсетілген саяси сенім таусылды", - деген еді Көшербаев.

Экс-әкім өз кезегінде Президенттің шешімі талқыланбайтынын айтқан. Сондай-ақ ол Лондонда түсірген видеосын түсіндірген.

"Шыны керек, ол (видео) Отанынан жырақ кетпеу үшін жастарды ынталандыру мақсатында түсірілген еді. Қазақстанда әлемді аралау үшін барлық жағдай жасалған. Біздің елде кәсіппен айналысып, әкімдерден де көп қаражат табуға болады", - деген еді Әбдірахымов.

Мадина Әбілқасымова


Мадина Әбілқасымова. © primeminister.kz

Жылдың басында көп талқыланған шенеуніктердің бірі - Мадина Әбілқасымова. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау экс-министрі биыл ақпанда Нұр-Сұлтанда апалы-сіңлілі бес қыз өрттен қаза тапқан соң көп сынға ұшыраған. Себебі бес қыздың қазасынан кейін келесі күні министрдің суреті Forbes журналының мұқабасына шыққан. Артынша тиісті мекеменің басшысы ауырып қалғаны белгілі болды. Осылайша бес қыздың өліміне қатысты ұзақ уақыт мәлімдеме жасалмады. Сондықтан халық арасында министрдің отставкаға кетуін талап еткендер көбейген.

Оқиғадан бір апта өткен соң министр халықтың отставкаға кетуді сұрап жатқанына қатысты "сынды көп естиміз" деген мәлімдеме жасаған.

"Біздің министрлік қоғамдағы ең өзекті проблемаларды шешуге тырысады, халықтың барлық әлеуметтік-қорғансыз тобына әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеміз. Осыған байланысты біздің мамандығымызда сынды көп естиміз. Ең маңыздысы сол сыннан сабақ шығарып, жағдайды жақсартуға тырысамыз", - деген еді Әбілқасымова.

Нәтижесінде 25 ақпанда Мадина Әбілқасымова үкіметпен бірге отставкаға кеткен. Қазір ол Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінде.

Аян Дүйсембаев


Аян Дүйсембаевқа тұлпар тарту етілген сәт

Биыл мамырда Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Аян Дүйсембаевтың ат мінген сәтінен видео тараған. Тұлпар оған сыйға тартылған екен. Бұл ролик қоғамның қызу талқысына түсті. 

Бұл жағдай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлағына да жеткен. Президент ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа осы жайтты тексеруге тапсырма берген болатын.

"Тұрғымбаевқа Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ерсі әрекетіне қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қатаң шара қолданылатын болады", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Кейін ІІМ қызметтік тергеу бастаған. Тергеу нәтижесінен кейін Дүйсембаев қызметінен кеткен болатын. 

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Қызметтік этиканы бұзғаны үшін А. С. Дүйсембаев Атырау облысы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды", - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетсек, ақыры сыйланған тұлпарды генерал алмай кеткен екен.

Махамбет Абисатов


Махамбет Абисатов. © aktobetimes.kz

Маусымның басында тағы бір шендінің басы дауға қалды. YouTube-те жарияланған роликте Ақтөбе облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы, сол кезде ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып жүрген Махамбет Абисатовтың суреттері көрсетілген. Роликте ол былапыт сөздер айтып, Ақтөбе облысының жеке құрамын қатаң сынға алған. Ол мәжіліс залындағы жаңа креслолар мен лифтіні бұзып тастағандарын айтып, әр пікіріне былапыт сөздер жалғап отырады.

Көп ұзамай Ішкі істер министрлігі бұл жайтқа қатысты тексеріс бастаған. 19 шілдеде Тоқаев Абисатовты ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты.

Қызметінен кеткен күні министрдің экс-орынбасары роликке қатысты түсініктеме беріп, Ақтөбе, Қарағанды тұрғындарынан кешірім сұраған.

"Өзімді ақтамаймын, тек басқаларды осы қажетсіз кәсіби ерекшеліктерден сақтандырғым келеді. Күйіп кеткендіктен, тыс жерде біреулердің көңіліне тиетін сөзге жол бердім. Себебі кейбір адамдар бұл сөздерімді жария етіп жіберді. (...) Аудиороликтегі әңгіме Ақтөбенің барлық қызметкері жайлы емес еді, халық ақшасы мен қазынаға жүрдім-бардым қарайтындар жайлы еді. Дегенмен Ақтөбе, Қарағанды қалаларының әрбір тұрғынынан кешірім сұраймын", - деді Абисатов.  

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer