ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
06 января 2020 | 16:37

Қазақстандық студент шетелге оқуға кеткен жастардың ең көп жіберетін қатесін айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суреттер: Pixabay.com Суреттер: Pixabay.com

Бүгінде шет елдерде білім алуды армандайтын жас көп. Бірі университетке түскісі келсе, екіншісі елімізде оқып, магистратураны өзге жерде тәмамдауды мақсат тұтады. Алайда баланы шетелге жібермес бұрын ата-ананың ескеруі керек бірнеше мәселе бар. Ол туралы Tengrinews.kz тілшісіне 2013 жылдан бері Прагада білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық Дәулет Түймебай айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде шет елдерде білім алуды армандайтын жас көп. Бірі университетке түскісі келсе, екіншісі елімізде оқып, магистратураны өзге жерде тәмамдауды мақсат тұтады. Алайда баланы шетелге жібермес бұрын ата-ананың ескеруі керек бірнеше мәселе бар. Ол туралы Tengrinews.kz тілшісіне 2013 жылдан бері Прагада білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық Дәулет Түймебай айтып берді.

"Балам оқуға түскен соң ары қарай өзі бірдеңесін қылады"

 

Дәулет Түймебайдың айтуынша, қазақстандық жастар өкінішке қарай 16-17 жасында қандай оқу орнына түсетінін, кім болғысы келетінін және тағы қандай бағытта дами алатынын білмейді.

"Еңбек нарығына жақсы дайындайтын қандай университеттер барын да біле бермейді. Қазір Чехия жайлы айтып отырсақ, балалар осында дайындық курстарына қатысып жүріп, оқу орындарымен таныса бастайды. Алайда оған ата-ана алдын ала қамдануы тиіс еді. ЖОО қандай бағдарламамен оқытады, рейтингі қандай, студентті қалай бағалайды, түсу үшін қандай емтихан тапсырады, бала бір жылда чех тілін үйрене ала ма деген сұрақтарға жауапты болашақ студентті оқуға жібермей тұрып білуі керек. Тіл курстарын да тиянақты зерттеген абзал", - дейді ол.

Ата-аналар баласын шетелде оқысын, шетелдік диплом алсын деп өзге елге жібереді, бұл жаман емес, жақсы, десе де оның көлеңкелі тұстарын да ойлаған жөн.

"Шетелде баланың мамандық таңдауынан бастап, өмір салтына дейін өзгереді. Себебі ол мүлде басқа ортаға, түрлі менталиттегі адамдардың арасына тап болады. Оны ата-ана біле тұра, терең үңілгісі келмейді. Балаға ерік береді. Бұл жағы дұрыс әрине, әркімнің таңдауға құқы бар. Алайда баланың қауіпсіздігі - ең басты орында", - дейді ол.

Дәулет Түймебай балам оқуға түседі, ары қарай өзі бірдеңесін қылады деген ата-ананың ойы мүлде дұрыс емес екенін айтады.

"Бала іштей жанып, жаңа белестерге дайын тұрса да, өкінішке қарай, өмір басқа. Ата-ана балаға моральдық, физикалық тұрғыдан, қаржылай да көмектесуі керек. Студенттердің көбі бірінші курстан кейін қосымша табыс көзін іздей бастайды, ол жақсы болғанымен көбі жұмысқа 100 пайыз беріліп кетеді. Осылайша оқу екінші орынға түсіп қалады", - дейді ол.

Ең алдымен ата-ана баласының қандай оқу орнына, мамандыққа түсетінін, бір мамандықта қанша студент оқитынын және бұл университет қандай бағыттар бойынша оқытатынын білуі шарт.

3-5 жыл мекенжай ауыстырмаған жөн

 

Дәулет Түймебей елшілікке бір қазақстандық қыз тұрғын үй мәселесі бойынша хабарласқанын айтады. Оның қатысып жүрген тіл курстары өте жақсы болғанымен, әлеуметтік қамсыздандырумен айналысатын тәлімгерлер тобы әлсіз жұмыс істеген екен.

"Оны студенттерге арналған емес, ортақ, қосымша жұмыс үшін басқа елден келген жұмысшылар жатқан жатақханаға қоныстандырған. Олар басқа жерді ұсынулары болар еді. Студенттік жатақхана қонақүйдей болмағанымен, ол ең алдымен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Онда өміріңе, жеке заттарың мен оқуыңа алаңдамайсың, керісінше басқа студенттермен тілдесе жүріп, түрлі ұйымдар, жарыстар жайлы біліп, өз бағытыңды білім алып жүрген адамдардың арасынан табасың", - дейді ол.

Ата-ана баланың тұрғылықты жерін білуі керек. 3-5 жыл үй мекенжайын ауыстырмаған жөн. Сол кезде VISA-ға тапсырғанда тіркелу орнымен қиындықтар тумайды.

Чехияда жеке университеттер көп. Десе де Дәулет Түймебай мемлекеттік оқу орны мен өзің қалаған мамандықты таңдаған абзал екенін айтты.

"Мысалы, бір жыл бір факультетте оқып, ұнамай қалса, кейін соған ұқсас мамандыққа ауысқыңыз келсе, оқыған бірінші жыл еш кетеді. Қаржы мен уақыт шығыны. Сондықтан бала оқуға түсемін деп бел буса, оны соңына дейін аяқтауға тырысу керек", - дейді ол.

VISA мәселесі

 

"Баласының оқуға баратынын растау мен банк қағаздарынан бөлек VISA алуға сақтандыру мен оның уақыты әсер етеді. Чехия жағынан VISA-мен елдің Ішкі істер министрлігі айналысады. Оған Қазақстан елшілігі және басқа да ұйымдар әсер ете алмайды. Бұл Чех Республикасының ішкі Заңы болғандықтан, олардың талаптарын орындау керек", - дейді студент.

Төлқұжат жоғалтпау үшін лайфхак

 

Студенттер арасында төлқұжат жоғалтатындар көп кездеседі. Дәулет Түймебайдың айтуынша, ол көбіне студенттің кінәсі емес, себебі туристік орындарда қалта ұрылары көп.

"Осындайда биометриялық карта болғаны дұрыс, ол тұруға ықтиярхат ретінде беріледі. Ал төлқұжатты қауіпсіз жерге қойған абзал. Немесе менің алғашқы жылдары ұстанған тәсілімді қолдануға болады. Мен төлқұжаттың көшірмесін жасап, оны нотариустан куәландырып, жанымда алып жүретінмін. Ал түпнұсқа үйде тұратын", - дейді ол.


Суреттер: Pixabay.com

Екі ай ата-анасымен байланысқа шықпаған студенттің оқиғасы

 

Оқуға келген студенттің міндетті түрде чех нөмірі болуы керек.

"Мұнда Қазақстанмен салыстырғанда телефонмен байланыс құны жоғары. Түрлі студенттік тарифтер болғанымен, оған қосылмауға кеңес беремін. Себебі әрдайым түрлі комиссиялар келіп тұрады. Қарапайым SIM картасы мен базалық тариф баламен әрдайым басланыста болу үшін жеткілікті", - дейді Дәулет Түймебай.

Сонымен қатар, ол ата-ананың баласымен дос болуы, онымен сырласып, кіммен араласатынын және жанындағы адамдармен қарым-қатынасы қандай, ештеңе мазалап жүрген жоқ па деген сияқты біліп отыру өте маңызды екенін түсіндірді. Ол тағы бір қазақстандық студенттің басынан өткен оқиғаны айтып берді. Чехия университеттерінің бірінде оқып жүрген жігіт екі ай бойы ата-анасымен хабарласпай кеткен екен.

"Ол мемлекеттік емтиханнан құлап, дипломдық жұмысын қорғай алмапты. Осы жағдайды ата-анасына айта алмаған ол күйзеліске ұшырап, екі ай бойы байланысқа шықпаған, өзі компьютер клубтарында уақытын өткізген. Осында консул қызметкерлері жылдам әрекет етіп, студентті тауып, жақындарына хабарлады", - дейді ол.

Дәулет Түймебай сөзін қорытындылай келе ата-аналарды баласына жауапты болуға, оны өзге елге жібермес бұрын жақсылап оқу орындарымен танысып, жан-жақты зерттеуге, олармен сырласып отыруға шақырады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer