ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА КАНАЛ TENGRI LIVE

Қазақтың тазысы мен төбетін басқа елдер патенттеп алуы мүмкін бе?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© aqmeshit-aptalygy.kz © aqmeshit-aptalygy.kz

Қазақтың тазысы мен төбетін басқа елдер патенттеп ала алмайды. Бұл туралы "Қансонар" Республикалық қауымдастығының бас директоры Қайырбек Мұсабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақтың тазысы мен төбетін басқа елдер патенттеп ала алмайды. Бұл туралы "Қансонар" Республикалық қауымдастығының бас директоры Қайырбек Мұсабаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2013 жылы құрылған "Қансонар" аңшылар мен аңшылық шаруашылығының республикалық қауымдастығының өкілінің сөзінше, 2018 жылы қарашада Ресей телеарналарының бірінде Мәскеуде ортаазиялық тазылардың көрмесі туралы сюжет шыққан. 

"Иә, шынымен де сол сюжеттердің бірінде ұйымдастырушылардың бірі қазақтың тазысын FCI (Federation Cynologique Internationale) халықаралық кинологиялық ұйымы арқылы патенттеп алынатыны туралы айтылған. Бұл сюжет біздің қауымдастықтың Президент Әкімшілігіне үндеу жариялауымызға себепші болды. Бұл туралы халықаралық FCI ұйымына Қазақстанның тазы мен төбет тұқымдарының шыққан елі екенін мемлекеттік органдар арқылы хабардар еттік", - дейді ол. 

Халықаралық ұйымның шарттары бойынша тіркеуге ұзақ уақыт қажет екен. Ол 20 жылға арналған ұзақ мерзімді бағдарламаны әзірлеуді қажет етеді екен. Қауымдастық өкілдері болашақта қазақ тазысы  мен төбетінің саны қалпына келіп, мекеме де бұған ықпал ететіндеріне сенімді.

Сондай-ақ, маман елімізде асыл тұқымды иттердің таралуымен қалай айналысатынын айтып берді.

Қауымдастық өкілі Қайырбек Шақуалиұлының айтуынша, қазіргі "Қансонар" қауымдастығына барлығы 144 асыл тұқымды ит тіркелген. Оның ішінде 139-ы құмай тазы болса, 5-еуі төбет ит


© "Қансонар" Республикалық қауымдастығы

Маман төбет пен тазының жуық арада "Қызыл кітапқа" енуі мүмкін деген қауесетті жоққа шығарды. 

"Қазақтың тазысы мен төбеті "Қызыл кітапқа" енетіндей қауіп төніп тұрған жоқ. Аңшы иттерді жыл сайынғы есептеу нәтижесіне қарап олардың саны тұрақты екенін байқауға болады. Олардың табиғи көбеюіне ешқандай кедергі жоқ", - дейді Қайырбек Шақуалиұлы. 


© qansonar.com

Қайырбек Шақуалиұлының айтуынша, аңшылық шаруашылығын дамыту мақсатында қауымдастық көптеген ғылыми-практикалық конференциялар өткізеді. Негізгі мақсаты - аңщылық шаруашылығының заманауи тәжірибелерін іс жүзінде қолдануды талдап қорыту. 


© "Қансонар" Республикалық қауымдастығы

Бас директордың сөзінше, бүгінгі таңда республика бойынша аңшылық шаруашылығымен айналысатын 110 миллион гектар аңшылық алқапқа 700-ден астам аңшылық шаруашылықтары конкурстық негізде берілген. Сондай-ақ бұл жерлерде жабайы табиғат ресурстарын қорғау және браконьерлерден қорғау мақсатында аңшы фермаларының 2700 қорықшы мамандар қызмет етіп жатыр.

Сонымен қатар, қауымдастық ықпалының нәтижесінде 2015 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен асыл тұқымды иттерге ұлттық мәртебе берілген.


© "Қансонар" Республикалық қауымдастығы

Қайырбек Шақуалиұлының айтуынша, қауымдастық аңшылық шаруашылығын, оның ішінде аңшылыққа шығатын иттерді, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытумен айналысады. 

"Сондай-ақ аңшылық шаруашылығына байланысты нормативтік құқықтық актілерді және басқа да құжаттарды дайындауға қатысады. Жыртқыш құстарды және аңшылық иттерді, оның ішінде тазы мен төбетті және ұлттық аң аулаудың түрлерін дамытуды ұйымдастырады", - дейді Қайырбек Шақуалиұлы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 503.22  course up  527.55  course up  5.74  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro