ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 января 2019 | 15:38

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері - Жылу жинау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Жылу жинау.


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz "Қазақтың ұмытылған дәстүрлері" атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр - Жылу жинау.

Көшпелі қазақтың өмірінде әрдайым бір-біріне көмек қолын созу деген заңдылық болды. Себебі ол уақытта бір-біріне жәрдемдемсу арқылы олар өмірлік қиын тұрмыстарын жеңілдеткен десек те болады.

Қазақтардың қонақжайлық қасиетін, туысына және көршісіне деген көмегін аямайтынын ескере отырып, біз жылу жинау дәстүрі жайлы баяндамақшымыз. Тарихи деректерге сүйенсек жылу жинау - кездейсоқ немесе басқа да жағдайлармен бір қиындыққа ұшыраған, айта кетер болсақ үйі немесе малы өртке оранып немесе жаудың шабуылына ұшырған жағдайда жасалады. Су тасқынына ұшыраса, суық қыста үйсіз-күйсіз қалса, міне осындай күйдегі адамдарға туысқан немесе көрші, таныстары жағынан көрсетілген көмекті жылу жинау деп атаған.

Тарихи деректерде зардап шеккендерге жылу жинау деп адамдар малымен, етінен беріп, киім-кешек, ыдыс-аяқ сынды заттарын бөлісіп, жәрдемдескен. Бұл дегеніміз осындай жандарға жасалған мейірбандық пен көмек қолын созу арқылы өзінің қазақтығын сақтаған жандардың ілтипаты.

Басқа бір деректерде осындай жағдайға түскен адамды көре тұра, көмек қолын созбаған жандарға ру немесе тайпа тарапынан жаза қолданылған делінеді. Яғни олар көпшіліктің арасынан қуылып және оларға басқалар жәрдем көрсетпеген.


"Жеті жарғы". © auyl-aimak.kz

Осыған орай Тәуке ханның тұсында қабылданған қазақ халқының әдеп-ғұрып заңдарынан тұратын "Жеті жарғы" заңдар жинағындағы тарауын келтірейік:

"Әртүрлі табиғи апат (жұт, өрт, тағы да басқа) салдарынан мал мен дүниесінен айырылып, күнкөруі қиындап кеткен адамдар қазақ баласынан жылу жинауға хақылы. Жылуды ел болып та, жеке адам болып та жинайды, қандай да түрі болмасын жылу жинау туралы шешімде ел басшылары мен билердің келісімін алады. Егер апат бір адамға, бір ата баласына ғана келген болса, рулы ел өз бетімен-ақ көмектесіп, жұтаған адамдарға қарайласады. Ал жоқшылық тұтас руға келсе, онда амалдың жоқтығынан өзге елдерге барып өтініш жасауға тура келеді. Ел билері көрші алыс жақын елдердің басшыларынан жылу жинау үшін келісімін алады. Кей жағдайларда сыйласуларына қарай (құда, жекжат тағы да басқа) көрші, рулар өз бетімен көмек көрсетеді. Қазақ ішінде жылуды кез келген дәулетті қазақтан сұрау айып емес. (Егер шын жұтап отырса). Жағдайы келіп отырған адам нашарға деп жылу беру тәңірі алдындағы іс. Егер жылу жинаушы (адам немесе ру) өзінің берекесіздігінен, жағымсыздығынан, не өз дәулетсіздігінен ағайыннан көмек ала алмай өзге елде жүрсе, айыпталады. "Өз ағасын ағаламаған, өзгенің ағасын жағалайды".

Тағы айта кететін жайт, зұлмат заманында біздің жерімізге қанша мыңдап басқа ұлт өкілдері көшірілген еді. Міне, сол кезде де жылу жинау сияқты дәстүрді халқымыз ұмытпағанын айтуға болады. Ұлтына, діліне және тіліне қарамастан, қазақ халқының олармен азық бөлісіп, шаңырағына кіргізіп орналасуға көмектескені талай айтылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети