ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
01 марта 2018 | 15:46

Қазнетте таралып жатқан алып жыланның суреті қайда түсірілгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com © facebook.com

Он шақты адам көтеріп тұрған алып жыланның суреті бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні дүрліктіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Он шақты адам көтеріп тұрған алып жыланның суреті бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні дүрліктіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілердегі топтарда жыланның Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында, Қапшағайда және Алматы облысы Ұйғыр ауданы Сүмбе ауылында табылды деген ақпарлар таралып жатыр. 

Сонымен қатар, бұл жыланды Алматы облысы Нарынқол ауылы мен Шонжы ауылында табылды дегендер бар. 

Алайда жылан қолдан жасалған болып шықты және ол Қырғызстанның Талас ауданындағы 28 жастағы ағаш ұстасының туындысы екен. Жергілікті alakan.biz сайтының жазуынша, Өскөн уулу Токтобек атты ер адам Кара-Кол ауылында тұрады. 6,5 метрлік жыланды жасауға оның бір ай уақыты кетіпті. 

"Өзгеше дүние жасағым келіп, тоғайдан жыланға ұқсас талды үйге алып келдім, Ұзындығы 6,5 метр. Пышақпен ойып, боядым. Бір ай уақыт кетті. Бірінші туындым, сондықтан сатпаймын. Ауылдағы музейге қоямын деген ниеттемін", - дейді шебердің өзі. 

Басылымның жазуынша, шебер тағы да бір жыланның мүсінін жасамақ екен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети