КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
31 октября 2019 | 16:59

"Қазіргі балалар тосын сұрақ қояды". Қиын балаға қалай білім беру керек?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыныптағы әр оқушының мінезіне, жағдайына қарап, оларға біліммен қатар, тәрбие беру - әр ұстаздың мақсаты. Әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған бастауыш сынып оқушыларына тәлім беретін ұстаздың жұмысы маңызды. Tengrinews.kz тілшісі 400-ге жуық оқушыны тәрбиелеген ұстаз Гүлжазира Қабдешовамен сұхбаттасты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сыныптағы әр оқушының мінезіне, жағдайына қарап, оларға біліммен қатар, тәрбие беру - әр ұстаздың мақсаты. Әсіресе мектеп табалдырығын енді аттаған бастауыш сынып оқушыларына тәлім беретін ұстаздың жұмысы маңызды. Tengrinews.kz тілшісі 400-ге жуық оқушыны тәрбиелеген ұстаз Гүлжазира Қабдешовамен сұхбаттасты.

"Анам осы баламнан бірдеңе шығады дейтін"

Гүлжазира Қабдешова - бастауыш пәнінің мұғалімі. Атырау облысы Тасшағыл ауылында өмірге келген. 1991 жылы сонда мектеп бітіріп, білім жолын қуып Атырауға келеді. 

"Мектепте оқып жүргенімде сабақты өте жақсы оқыдым. Ата-анам маған үміт артты. Өзіме білім берген мұғалімдеріме еліктедім. Солар берген білімдерін шәкірттеріме үйретсем деген арманым болды. Сол асқақ арманым ұстаздық жолға алып келді", - дейді ол.

Бала күнінен пысық әрі алғыр Гүлжазира Қабдешова Атырау мемлекетік университетіне оқуға түседі. Мұғалім жолын таңдағанда ата-анасы қарсы болмаған.

"Кішкентай кезімнен анам "осы баламнан бірдеңе шығады" деп жиі айтып отыратын. Анамның үмітін ақтап, оқуға түсіп, студент атандым. Өкінішке қарай, менің студент атанғанымды естігеннан кейін анам екі ай өткен соң көз жұмды. Осы күнге дейін қайғырамын", - деп мұғалім жүрекжарды ішкі ойын бөлісті.

"Бұрын балалар аңғал, сенгіш болатын"

Жоғары білімі бар дипломын алғаш алып келген жылдары өзі туып өскен ауылда сабақ берген ол сол кездегі шәкірттерінің ерекше болмысын айтып берді.

"Мен ұстаздық жолды бастаған жылдары шәкірттер аңғал, қарапайым, сенгіш болатын. Қазіргідей емес. Ол кезде балалар не айтсаң соған сенетін. Айтқан тапсырманы орындайтын ашық, момын еді", - дейді ол.

Гүлжазира Қабдешова 400-ге жуық шәкірт тәрбиелеген, әлі де балаларды білім нәрімен сусындатқысы келеді. Ол  оқушылармен көптеген қызықты оқиға басынан өткенін айтады.

"Ең алғашқы шәкіртім ауылда ферма орталығында өмірге келген бала болды. Содан 1 қыркүйекте балаларды түгендеп жүремін. Тізімдегі оқушыларды белгілей бастадым. Журналды ашып "Айытқалиев Ерболат" десем шығып кетті дейді. "Айытқалиев Ерболат" деп тағы айтсам, шығып кетті дейді. Мен ол кезде балаларды дұрыс танымаймын. Алдымда отырған оқушылардан "Ерболат қайда?" деп сұраймын. "Ерболат жоқ, апай" дейді. Сосын Ерболатты жоқ деп белгіледім. Бір оқушы орнынан тұрмай қалды. "Мен одан сен неге орныңнан тұрмайсың?" деп сұрасам "Мен - борсықпын" дейді. Ауылында "Борсық" деп атайды екен. Сол "Борсық" - Айтқалиев Ерболат болып шықты" , - дейді мұғалім.

"Қазіргі балалар тосын сұрақ қояды"

Мұғалім мінезі ауыр балалармен қалай жұмыс істеу керегін де айтты.

"Мінезі ауыр балалармен топта жұмыс істеу керек. Жеке сөйлесу қажет. Ол балаларды назардан тыс қалдырмай, әр уақытта жеткілікті көңіл бөлуіміз керек. Сәл назар аудармай қалсақ, оларда бізді мұғалімдер елемейді деген сияқты ой болуы мүмкін. Осындай балаға үнемі назарымды салып, жеке де, топпен де жұмыс істеймін" , - дейді ұстаз.

Сондай-ақ ол технология заманындағы оқушылардың сұрақтары да тосын екенін айтады.

"Бұрынғы шәкірттеріме қарағанда, қазіргі балалар бізден де қатты ойлап тұрады. ХХІ ғасырдың балалары - Z кезеңінің балалары. Компьютер, ноутбук қолдарында жүр. Ақпарат көздерінің бәрі қолдарында бар. Қазіргі балалардың ерекшелігі көп. Олардың сұрағы да біз үшін кей жағдайда тосын" , - дейді ол.

Қабдешова ұстаздың ең басты қуанышы қандай екенін айтты. 

"Ұстаздық жолдың қиындығы, алған біліміңді балаға берсең, мамандығымның қызығы, берген білімімді шәкірттерім өмірінде пайдаланып жатса, сол мен үшін бақыт, сол мен үшін қызық" , - дейді Гүлжазира Қабдешова.

"Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.

Дайындаған: Гүлбақыт Жанұзақ

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 515.11  course up  535.94  course up  5.16  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer