ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 мая 2019 | 17:11

Кенияда секіріп, Тибетте тіл шығарады. Әр елдің амандық сұрасу этикасы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Күн жылып, еңбек демалысына шыққан соң әркім де шетелге шығып, демалып қайтқысы келеді. Көбі бейтаныс, өзі барып көрмеген елді тамашалағысы келеді. "Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші, біздің төс қағыстырып, құшақ жайып амандасатынымыздай, әрбір ұлттың өз амандасу салты бар. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі әр ұлттың амандасу, жөн сұрасу этикасын топтастырды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күн жылып, еңбек демалысына шыққан соң әркім де шетелге шығып, демалып қайтқысы келеді. Көбі бейтаныс, өзі барып көрмеген елді тамашалағысы келеді. "Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" демекші, біздің төс қағыстырып, құшақ жайып амандасатынымыздай, әрбір ұлттың өз амандасу салты бар. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі әр ұлттың амандасу, жөн сұрасу этикасын топтастырды.

Англия

Ағылшындар - өте сыпайы халық. Сондықтан, Англияда көшеде не кезекте кездесіп қалғандар бір-біріне мақтауын аямайды. Бұл елде бейтаныс адамның бірден жеке басына сұрақ қою мәдениетсіздік саналады. Сол себепті ағылшындар көбіне бірден ауа райы туралы сөйлеседі. Себебі бұл тақырыпта бейтаныс адамның дініне, ұлтына немесе саяси көзқарасына тіл тигіземін деп қорықпайсыз. Одан бөлек, Англияда ауа райы тұрақсыз, сондықтан Тұманды Альбионда бұл тақырып ешқашан ескірмейді.

Жалпы, Ұлыбританияда жақын таныстар ғана қол алысып амандасады. Көп жағдайда британдар тек бас изейді. Сондай-ақ, олар кездескен кезде өздерін тым жақын ұстамай, белгілі бір арақашықтықты сақтауға тырысады.  

Тибет

Тибет жұртының амандасу дәстүрін басқа халық мазақ ету деп түсініп қалуы мүмкін. Себебі бұл елде тұрғындар бір-біріне тілін көрсетіп амандасады. Бұл дәстүр ежелден бері келе жатыр. Аңыз бойынша, бұл дәстүр тілі қара түсті болған Ландарманың хандық құрған кезінен бастау алады. Ландарма қайтыс болған соң зұлым тұрғындардың біріне оралған жоқ па екен деген қорқыныш пайда болады. Сол кезде халық бір-біріне тілдерін көрсетіп, оның қара түсті емес екенін дәлелдеген екен.

Бүгінде тіл көрсету тұрғындардың бір-біріне құрмет көрсетуі деген мағынаға ие.


© pixabay.com

Аустралия

Жасыл құрлық тұрғындары ағылшындарға ұқсас. Бұл екі елдің тарихына байланысты. Аустралияда да ауа райы тақырыбы жиі қолданылады. Себебі бір елдің өзінде ауа райы әр түрлі. Жалпы, аустралиялықтар жаңа танысқан адамымен кез келген тақырыпта сөйлесе береді. Тек бір-бірінің табысы мен нәсілін әңгіме етпейді.  

Ағылшындардан басты айырмашылығы Аустралияда қол алысуға ерекше көңіл бөлінеді. Амандасқан сәтте олар бір-бірінің қолын мықтап ұстайды. Бірақ әйелге қолын бірінші созуға болмайды, бұл ер адамды қолайсыз жағдайға қалдырады.

Кения

Кениялықтар да - ежелден бері келе жатқан дәстүрлерін сақтап қалған халық. Масаи халқы африкалық ұлттардың ішінде өздерін бетке ұстар санайды. Олардың амандасу салты да бір бөлек. Мысалы, бұл елде ер адамдардан шеңбер құрылып, олар адаму деп аталатын биді билейді: шеңберде тұрған олар секіріп жарысады.

Сонымен қатар, масаилар қол алыспас бұрын өздерінің қолдарына түкіреді. Ал әйелдер болса, бір-біріне алақандарын тигізіп амандасады.


© pixabay.com

Франция

Француздар қашаннан да шынайы стильге, эстетикаға толы мәдениетімен танылған. Сондықтан, бұл елдің амандасу тәртібінде де осындай заңдылық бар. Француздар бір-біріне бетін тигізіп амандасады. Мұнда да өз реті бар. Міндетті түрде адамның сол бетінен бастау қажет. Сонымен қатар, беттен сүймейді, тек  тигізеді.

Француз халқы "Бонжур" (Сәлеметсіз бе?) деп амандасқанда, міндетті түрде "мсье" немесе "мадам" деп қосуы қажет. Әйтпесе, бұл этикаға жатпайды. Сонымен қатар, француздар өз әңгімелеріне шет тілінің сөзін қосуды ұнатпайды. Француздармен әңгіме барысында кәсіби шеберлікті көрсеткен абзал.

Бір қызығы, әңгіме барысында француздарда бір-бірінің сөзін бөліп, өз ойын қосуы қалыпты жағдай. Осы арқылы олар айтылып жатқан тақырыптың өздеріне қызық екенін білдіреді.

Қытай

Аспан асты елі халқының амандасу салтын басқа ұлттар мүлде түсінбеуі ықтимал. Себебі қытайлықтар "Бүгін күріш жедіңіз бе?", "Иә, рақмет, сіз ше?" деп амандасады. Бұл жерде сіздің күріш жеген-жемегеніңіз маңызды емес. Бұл сұрақ сізге көрсетілген құрмет саналады.

Жасы жеткен қарттар мен дәстүрді берік ұстанатындар ғана қазір иіліп амандасады. Ал жас буын Еуропа мәдениетіне сай бір-бірімен қол алысады немесе құшақтасады. Бірақ кей елдер секілді көріскен кезде беттерінен сүймейді.

Бір қызығы, Қытайда адамның оң қолы бос болмаса, сол қолымен амандаса беру қалыпты саналады.

Үндістан

Үнділер адаммен амандасқан сәтте бір орында тұра қалып, алақандарын кеуде тұсында қосып, сәл иіледі. Үндістанда бұл салтты Namaste деп атайды. Ол "Саған бас иемін" дегенді білдіреді. Үнділер осы арқылы әр адамның бойындағы құдайға тән ғажайып күшпен амандасады. Сондықтан, осындай амандасу тәсілі адамның деңгейіне, жасына және жынысына қарамайды. Үндістанда әйел адамның қолын ұстап не бетінен сүйіп амандасқанын көрмейсіз. Ал рухани ұстаздары мен ата-аналарының аяғына дейін иіліп амандасу салты бар.

Үндістанда жаңа танысқан адамға ешқандай шектеу қойылмайды - өзіңізге қызық көрінетін сұрақтардың бәрін қоя берсеңіз болады. Бірақ сіздің де жеке басыңыз бен өміріңіз жайлы жан-жақты сұрақтар қойылуын күтіңіз. Отбасыңыз, қоғамдағы орныңыз, тіпті, жалақыңыз туралы да сұрақтар қойса, таңғалмаңыз. Бірақ сол арқылы сіз де ішкі шектеулеріңізді алып тастап, оның да жалақысын сұрай аласыз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer