ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 сентября 2018 | 12:48

Көлік тізгініндегі арулар студияда жол жүрісі ережесін айтып бере алмады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының бұл жолғы шығарылымы көлік жүргізетін аруларға арналды, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарламаның қонағы ретінде ауыр автокөлік жүргізетін нәзік жандылар келді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының бұл жолғы шығарылымы көлік жүргізетін аруларға арналды, - деп xабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бағдарламаның қонағы ретінде ауыр автокөлік жүргізетін нәзік жандылар келді. 

Әнші Айнұр Бабаева 7 жыл бұрын көлікке отырғанын баяндады. 

"21 жасымда көлік жүргізе бастадым. Осы уақытқа дейін 3 автокөлік ауыстырдым. Басында үйрену үшін көнелеу, 1995 жылғы Ауди А4 автокөлігін алдым. Алғашқы түсірілімдерден тапқан қаражатыма алдым. Ол кезде шамамен 2 мың АҚШ долларына бағаланды", - дейді әнші. 

Айнұр Бабаева жол жүру ережесі бойынша жүргізушінің қойған сауалдарына жауап бере алмады, нәтижесінде автомектеп директоры Ерік Байтоқовпен дауласып қалды. 

Бағдарламаның қонағы Сұлушаш Елубайқызы нәзік жандылардың көлік жүргізуіне қарсы екенін айтады. 

"Қыз балалар, жас келіншектер жалпы нәзік жандылар - елдің көркі. Бұдан да қыздардың аман-сау жүргені жақсы. Көлік жүргізгеннен гөрі, оқу оқып, жұмыстарын істегенін жөн көремін. Отбасының жағдайына көбірек көңіл бөлгені дұрыс қой. Баяғыда апа-әжелеріміз "Көлік жүргізбек түгілі, беталды көлікке мініп алып, ерсілі-қарсылы шапқыламай, көліктің дөңгелегімен бірге дөңгелемей өз үйлеріңде отырыңдар" деп ұрысатын. Отбасыларыңның жағдайын ойлап, баланың тәрбиесіне көңіл бөліңдер" - дейтін", - деп еске алды Сұлушаш Елубайқызы.

Skype арқылы студиямен байланысқа шыққан Құрманай Бақтиярқызы да жол белгілерін велосипедшілердің белгісі деп шатастырды. Ал "Өз ойым" жүргізушілері оның көлігінде не бар екенін біліп көрді. 

"Қызыма көлік жүргізуіне қарсы емеспін. Алыс жолдарға шыққанда, басқаруды соған беремін. Ол менің көмекшім, өзім үйретіп отырамын жанында. Емтихан тапсырдым деп айта алмаймын, жол ережесін үйрететін жақсы адамдардан тәжірибеден өттім", - дейді Құрманай Бақтиярқызы.

Мұнаралы кран басқарушысы Замира Жүнісбаева - өзінің бұл жұмысқа жолдасы арқылы келгендігін айтады.

"Бұл мамандықты таңдауыма себепші болған - жолдасым. Аспаздың көмекшісі болып қызмет еттім, барлық жұмыстың өз қиындығы бар. Жұмыстан шаршап келгенімде жолдасым мұнаралы кранды басқаруды үйренуге кеңес берді. Онда жалақы да жоғары. Мен әрине басында қорықтым, анадай биікке шығу мен үшін қисынсыз болып көрінді. Алайда басқа да қыздардың сол жұмысты істеп жүргенін, солардан бір жерім кем бе деп намыстанып, аяғында осы қызмет иесі атандым", - дейді Замира Жүнісбаева.

Айта кетейік, Замира Жүнісбаева Астанада дауыл тұрған кезде шайқалған кранда отырғанын айтады. 

Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Қуаныш Еркіновтің айтуынша, көлікте телефон қолданғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. 

Бес-алты жыл бойы автобус жүргізушісі болып қызмет ететін Кәмила Ақназарова өз жұмысы жайлы айтып берді. 

"Бес-алты жылдан бері автобус жүргізушісі болып қызмет етемін. Таңғы 04:00-04:30-да тұрамын, 23.00-00.00-де ұйықтаймын. Екі күн жұмыс істеп екі күн демаламын. Үйреніп қалдым", - дейді автобус жүргізушісі Кәмила Ақназарова. 

Айта кетейік, "Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады.

Бір жарым сағаттық ток-шоу сейсенбіден жұмаға дейін сағат 15:00-де көрсетіліп жүр. Телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer